21 20 ба деп қорқам, - деп жауап берді Карл.
– Есейген сайын айналаңдағылар сені түсінбейтін
-
дей етіп өмір сүру – шынайы өмір екенін анық түсіндім
және бұл дұрыс та, – деді Марк.
– Алайда менің ата-анам өздерінің заң мекемесін
соншама қиындықтармен құрған, соны маған таста
-
мақшы. Бұл олардың асқақ арманы.
– Алайда «Өзіңді ұнатасың ба?», «Өзіңді мақтан
тұтасың ба?» деген сұрақтарға жауабың маңызды шешім
болып табылады – деп қоймады Марк.
Карл бұл сұрақтарды Марк ұмытып кеткен шығар деп
еді, алайда Марк оны тағы қайталады. Карл бұл сұрақтар
-
дың мағынасын терең ұғынуға тырысты. «Мен өзіме
ұнаймын ба?» деген сұраққа түрлі жауап келе бастады,
дегенмен анық жауап жоқ еді. «Өзімді мақтан тұтамын
ба?» шындығында жоқ ... .
– Бұл былай ғой ... – деп бастады да, үнсіз қалды. –
Мұндай сұраққа кім жауап берер еді? Мақтаншақтық қой
барып тұрған.
– Бір кездері мен де солай ойлайтынмын. Бірақ қазір
адам бұл сұраққа сенімді жауап бере алмаса, жақсы өмір
сүруі неғайбыл екенін түсіндім, – деді Марк. Ол жымиды
да, ары қарай жалғастырды:
– Басында мен де бұл сұраққа жауап бере алмадым.
Сен секілді «өзімді ұнатамын», «өзімді мақтан тұта
-
мын» деу әдепсіздік деп ойладым. Алайда кейіннен бұл
сұрақтардың жауабынан маңызды ешнәрсе жоқ екенін
түсіндім.
Карл оған сенімсіздікпен қарады:
– Тіпті ештеме маңызды емес пе?
Алайда Марк өз-өзіне сенімді еді.
– Бұл сұрақтар сен өзің туралы не ойлайтыныңды
айқындайды. Тек бұл ғана емес. Сонымен қатар маңызды
үш қорытынды шығаруға болады:
1. Кім екеніңді түсі - несің бе? 2. Өзіңді сыйлайсың ба және бағалайсыз ба? 3. Өзіңе сенесің бе? – Мұның бәрі бір нәрсе емес пе?
– Әрі жоқ, әрі иә деуге болады. Бір жағынан, бұлар
әр түрлі үш нәрсе. Екінші жағынан, мұның бәрі адамның
маңызды қасиетінің бірі – өзіндік сананы білдіреді.
– Мұны кім түсінеді? Мысалы маған мүлде түсініксіз,
миым ашып кетті. Жазып алу керек сияқты. Оған қоса
өзіндік сана деген адамның ең маңызды қасиеті дегенге
келіскім келмей тұр – деді Карл.
– Түсінуге талпынғаның ұнап отыр. Жазып алу керек
дегенің де жақсы идея. Бір кездері осындай маңызды
тұстарды жазып алып отырғанымда алға жылжуым
жеңілірек болушы еді. Менің жолым айналма жолдарға
толы болды. Мен мұны түсіну үшін бірталай кітап оқып,
ғылымның бірнеше курсынан өтуіме тура келді. Бірақ
маңызды нәрселерді жазып алу керек дегенді мүлдем
естен шығарыппын.
Карл бір кезде тек өзі туралы айтып отырғанын, Марк
туралы ештеме білмейтінін түсінді. Сәл ыңғайсызданып:
– Мен сенің немен айналысатыныңды сұрамаппын
ғой – деді.
– Бұл оңай – деп жауап берді Марк – Мен өзіндік сана
бойынша жетекші маманмын және әлемге әйгілі сарапшы
-
мын. Әлемнің ең керемет фирмалары мені басшыларына
сенімділік ұялату үшін шақырады.
Карл Маркке қорқа қарады, ал Марк тағы да жымиып
қойды да:
– Мақтанып отырған сияқтымын ба? – деді.
– Жоқ, шындығында ...
– Сенімді ме? – деп көмектесті Марк.
– Көп адам сені мақтаншақ дер еді – деп басын шайқа
-
ды Карл. – Немесе менмен дер еді. Неге бұлай танысты
-
расың өзіңді? Адамдарды өзіңе қарсы қойып аласың ғой.