93 92 Сенің ментальдық фитнесің қандай?
Өзіндік сананы біздің ментальдық фитнесіміздің деңгейі деп
атаса да болады. Бұл өлшем бірлік біздің ментальдық тұрғы
-
да қаншалықты күшті және төзімді екенімізді білдіреді.
Біз өзіміздің неге қабілетті екенімізді білеміз бе?
Өзіміздің ойымызша қаншалықты махаббатқа лайықтымыз?
Біз өзіміздің кім екенімізді білеміз бе?
Өзіндік сана өміріміздің барлық саласындағы ойларымыз
-
дың, сөздеріміздің, әрекеттеріміздің мазмұнын айқындайды.
Көптеген зерттеулер өзіндік сананың тіпті қарым-қатына
-
сымызға да әсері бар екенін айтады. Біз өзімізге жақсы
қараған сайын, айналамыздағылар да бізге жақсы қарай
-
ды. Ал басқа адамдарға жақсы қараған сайын, олар да
бізге жақсы қарым-қатынас жасайды. Көп адам өздерінен
ешқандай ерекшелік байқамайды, сондықтан да басқа
адамдарды да ерекше деп ойламайды. Нәтижесінде, олар
өздерін де, басқаларды да төмен тартады.
Адамның ойлауы сызықтық па, әлде экспоненциалдық па,
ол өзіндік санаға байланысты. Жалақысын көбейтуді сұрай
ала ма, тәуекелге бара ала ма, таныс емес адаммен сөйлесіп
кете ала ма...
Ескерту: миымыз жұмысымызды қиындатуы мүмкін...
Біздің миымызда негативті ақпарат көбірек сақталып қала
-
ды: жаман хабарлар тезірек өңделеді де, ұзағырақ сақтала
-
ды, біз оларға аса мән береміз, олардың бізге ықпалы зор.
Эволюция тұрғысында бұның мәні бар – осылайша табиғат
бізді қауіп-қатерден қорғайды және тірі қалуымызды
қамтамасыз етеді. Өткеніміздегі орынды іс-әрекеттер біздің
өзіндік санамызға кері әсер етеді. Біз өзіміздің табысымы
-
здан гөрі қателіктеріміз бен сәтсіздіктерімізге басты назар
аударып, оларды есте ұстаймыз. Сәтсіздіктерге көп көңіл
бөлеміз.
Бөлмеге Анна кіріп келді. Карл оны көре сала бақытқа
бөленді, ол өзінің осы қызға ғашық екеніне тағы көзі
жетті. Керемет қыз! Ол бірден үзіліс нүктесіне басып,
фильмді тоқтатып тастады. Анна оны сүйді де:
– Фильм ұнады ма? – деді.
– Жақсы фильм екен, дегенмен оны оңайырақ түсін
-
дірсе де болатын сияқты. Актер ретінде сценарий жақсы,
бірақ басты кейіпкерлер қажетті эмоционалдық әсер бере
алмай тұр дер едім.
– Шынайы жауабыңа рақмет, – деп басын изеді
Анна. – Марк мені осы үшін жұмысқа алды емес пе, мен
оның ғылыми тілін эмоциялық тілге аударамын. Кейбірі
фильмге де кірген. Мысалы ментальдық фитнес дегені.
Бұнымен біз бақыт та, өзіндік сана да аспаннан түспейді
дегіміз келеді. Екеуі де белгілі бір күш-жігердің арқасын
-
да келеді.
– Фильмді менімен бірге көруге уақытың бар ма? –
деп сұрады Карл Аннадан.
Анна басын изеді де қасына отырды.
– Қазір маңызды жері басталады. Ол жерден мидың
қалай жұмыс істейтінін және оны қалай өзгертуге бола
-
тынын білетін боласың. Егер мидың жұмысын өзгертсек,
сен де өзгересің, өмірің де өзгереді. Дегенмен, бұл жерде
баяндау тәсілі тым құрғақ екенін ескерткім келіп тұр.
Алайда ол да жаман деген сөз емес. Кей жерлерін екі-үш
рет тыңдауға тура келеді. Оның мәні зор екеніне өзің көз
жеткізетін боласың. Осылайша сен бірден өзіндік сананы
өзгертетін ғылыми негіздерді меңгеретін боласың.
– Сенімен бірге ол керемет бола түседі, – деп сыбыр-
лады Карл.
Фильмде ары қарай түрлі ғалымдар өзіндік сана сала
-
сындағы ғылымның түрлі жетістіктерін баяндады.