Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет41/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

95
94
Өзіндік сана деңгейін көтеруге бола ма? Ғылым «иә» деп 
жауап береді. Неге екенін түсіндіріп берейік.
1. Жадымыз бізге ықпал етеді. Естеліктердің сипатына қарай 
біз не мұңаямыз не көңіліміз көтеріледі. 
2. Сондықтан да белгілі бір деңгейде естеліктерімізді басқа
-
ра білуіміз керек. Біз позитивті сәттерге басты назар ауда
-
рып үйренуге қабілеттіміз. 
3. Ол үшін жадымызда позитивті естеліктерді сақтау қажет. 
Оны өзіңіздің сәттіліктеріңізді күнделікке жазу арқылы 
жүзеге асырса болады. 
4. Біз қалаған сәтімізде жадымыздағы позитивті естелік
-
терді тірілте аламыз. 
5. Палеонтологтар сүйектердің үзіндісінен динозаврды құрас- 
тырғаны сияқты сіздің миыңыз да позитивті естелігтерден 
керемет үлкен нәрсе құрастыруға қабілетті. Бұл бірнеше 
естелік үлкен эмоционалдық конструкцияның негізі бола 
алады деген сөз. 
6. Біз бұны негативті естеліктерден жасап жүргеніміз секілді 
позитивті естеліктермен де жүзеге асыра аламыз. 
Экранда қорқыныш символы ретінде ашулы тира
-
нозавр, ал тыныштық пен бақыттың символы ретінде 
мейірімді бронтозавр көрсетілді. 
7. Біз өзімізді асқақататып аспанға көтере де, төмен түсіріп 
те тастай аламыз. Бірнеше негативті нәтижелерін еске алған 
адам өзін жолы болмайтын адаммын деп есептейді. Ал егер 
ол табыстарына назар аударатын болса, өзін батыр санай
-
ды. Бұл «жеңімпаздың эмоционалдық образын жасау» деп 
аталады.
8. Мұндай жағдай әдетте бейсаналы түрде жүзеге асады.
Карл фильмді тоқтатты. 
– Енді мен сенің түсіндіргеніңді рахаттана тыңдар 
едім, – деді ол.
Анна да көп күттірген жоқ:
– Біз ұдайы энергиямызды екі бағыттың біріне 
жұмсаймыз: не өзімізді төмендетеміз, не көтереміз. 
Бала кезімде мен әкемнің дүрбісін тауып алдым. Мен 
оған қарап тұрып, барлық нәрсені үлкейтілген қалпында 
көрдім. Оны бақылап тұрған әкем: «Енді келесі жағымен 
көр» деді. Солай қарағанымда бәрі кішірейіп кетті. Әкем: 
«Дүрбіден өзімізді де көруге болады. Қай жағымен қарау- 
ды тек өзіміз шешеміз, сондықтан да өзімізге кейде 
кішкентай, кейде үлкен, кейде жақсы, кейде жасан боп 
көрінеміз» деді.
– Онда үлкен жағымен қарағанымыз дұрыс, – деп 
күлді Карл. 
Олар фильмді жалғастырып көре бастады.
Біздің естеліктеріміз өзгеріссіз қалыпта сақталмайды, біз 
оларды жаңартып отырамыз. Ол төмендегідей жүзеге асады:
9. Өткен шақтағы оқиғаны қалай еске түсіретініміз 
көңіл-күйімізге байланысты. Психологтар мұны көңіл- 
күйдің конгруэнттігі деп атайды. Біз жадымыздан қазіргі 
көңіл-күйімізге сәйкес жағдайларды таңдап аламыз. Егер 
біз позитивті көңіл-күйде болсақ, онда өткеннен жағымды 
естеліктерді іздейміз. Бұдан көңіл-күйіміз одан әрі жақса
-
ра түседі. Егер біздің көңіл-күйіміз жоқ болса, өміріміздегі 
мұңды жағдайлар есімізге түседі. Бұдан көңіл-күйіміз одан 
сайын түседі. 
Егер көңіл-күйіміз жоқ болса, есімізге өміріміздегі 
келеңсіз сәттер түседі. Бұдан көңіл-күіміздің одан сайын 
нашарлайтыны белгілі. Біреулер дауласып отырған 
жағдайда да, қарсыласымыздың ұнамсыз жақтары есімізге 
түседі, оны бірден үлкен диназаврға айналдырып жібе
-
реміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет