Қорқыныш деген қараңғылыққа жол
111
110
Ол кофесін ішіп болмай жатып, балаға уәде берем деп
шешті. Ол баланың өзіне бұрын болмаған күш сыйлаға
-
нын сезінді. Енді уәдесінде тұру үшін бар күшін жұмсау
керек болады.
Ол Михаэльге келді де:
– Мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Шын
мәнінде бәрін жасаймын. Марк дұрыс десе, бәрі де бола
-
ды, – деді де салтанатты түрмен Карл:
– Мен актер бола салысымен сені алғашқы түсірілі-
міме алып барамын. Уәде беремін.
– Сен маған неге уәде беріп тұрсың? – деп сынай
қарады Михаэль.
– Өйткені сен маған күш бердің. Мен уәде берген
-
діктен, маған шегінерге жол жоқ. Мен уәдемде тұруым
керек. Йодамен әзілдеуге болмайды ғой. Мәселе менде
ғана болса, осылай жалғаса берер ме еді. Алайда маған
енді әрекет ету керек. Оған себеп бар..., - Карл мұндай
-
ды айтуға бола ма деп, тосылып қалды – Менің асығуым
керек.
– Бері келші, құшақташы мені, – деді көңілі босап
кеткен Михаэль.
Карл ақырын баланы құшақтады да, одан келіп жатқан
орасан күшті сезінді. Қорқыныш жоқ болды. Енді ол тек
алға жылжиды, өйткені уәде берді.
– Күшті бол, – деп Йоданың сөзін қайталады
Михаэль.
– Сен де дана Йода.
Сонан соң ол Марк екеуі машинада ұзақ үнсіз келе
жатты. Ми әлемнің ірі компанияларының бірінде сөз
сөйлеуге келе жатыр еді. Марк Карлдың терең ойда екенін
көріп келе жатқан.
«Ауру балаға не үшін уәде бердім? – деп ойланды
Карл – Өзіме сылтау қалдырмас үшін. Маған себеп керек
болды, енді ол бар. Мен Михаэльдің көңілін қалдыр-
мауым керек, мен оның көңілінен шығатын боламын».
Жолда Марк баяндамасы не туралы екенін айтты.
Баяндама бес жүз мыңдай қызметкерге арналған екен,
онда ол өзіндік сананың маңызы туралы айтады екен.
Ол қызметкерлердің бойында қазірдің өзінде бұл
кемшілік жоқ сияқты.
Марк олардың жанды жерлеріне тигісі келді. Олар
маңызды өнім шығарып, содан ақша табуды жоспарлап
отырғандар. Екі жаққа да өзіндік сана керек.
Карлға тек тыңдау қалып тұр. Ал талқылауды олар
қайтар жолға қалдырды.
– Бұл жоғары деңгейдегі баяндама болмақ. Ғылым
-
ның соңғы жаңалықтары айтылады, – деді Марк.
Компанияда оларға үлкен құрмет көрсетілді. Карл
Марктің бұл әлемдік деңгейдегі өндірісте зор мәртебеге
ие екеніне көз жеткізді.
Марк баяндамасын бірден бастап кетті. Ол
жиналғандарға жаттығу жасауды ұсынды: олар екі минут
ішінде өздерін қарындашпен бейнелеп шығулары керек
еді. Суреттері шедевр болмаса да талпынатын әрекет.
Жиналғандар зиялы қауым болатын, барлығы іске кірісіп
кетті.
Сосын Марк:
– Енді мен сіздерге таратып берген үш түрлі: қара,
жасыл, және қызғылтсары қарындаштарды алып, өзіңізге
ұнамайтын жерлерді қара түспен, ал бейтарап жерлерін,
яғни не жақсы, не жаман емес деп ойлайтын жерле-
ріңізді жасыл түспен, ал өзіңізге ұнайтын тұстарыңызды
қызғылтсары түспен бояңыздар.
Тыңдаушылар күліп алды да бояуға кірісті. Карлға бұл
бүртүрлі болып көрінді: бес жүз жетекші маман, ғылым
-
ның соңғы жағалықтары, қай қайдағы сурет салу...
|