Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет52/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

117
116
ойлаған ойымыздан түзіледі. Алдымен біз ішкі дүние- 
мізді өзгертеміз, сосын ғана сыртқы әлеміміз өзгереді. 
Менің саған жақсы жаңалығым бар: егер сен өзіндік 
санаңды қалыптастырам деп шешім қабылдасаң, онда 
жарты жолдан өткенің. 
– Ендеше осыған дейін істегендеріміздің маңызы 
болғаны ғой, – деп ойлана тіл қатты Карл. 
– Иә, егер сен бүгін Михаэльге берген уәдеңді орын
-
дасаң. Өйткені саналы шешім болашаққа тікелей апарар 
жол деген сөз. 
– Мен оған сенімдімін. Мен сөзімде тұрамын. Мен 
өзіндік санамды көтергенде ғана актер болатынымды 
түсіндім. Қазіргі деңгейде мен оған қол жеткізе алмай
-
мын. Дегенмен, мен өз дегеніме жеткім келеді. 
– «Жеткім келеді» ме? Әлде «мен жетуім керек және 
жетемін» бе? Бұл екі түрлі нәрсе. Соңғысы ғана табысқа 
жетелейді. 
– Қадалған жерден қан алмай қоймайды екенсің, – 
деп міңгірледі Карл. 
– Сеніңше болсын, мен жетуім керек және жетемін, 
өйткені Михаэльге уәде бердім. Ал қолымнан келе ме, ол 
туралы әлі ештеңе айта алмаймын. 
– Уәде сен өзіңе: «мен жетуім керек және жетемін» 
дегенде ғана уәде болады. Ол үшін бұлтартпас себеп 
керек. Сен қазір саған өзіндік сана не үшін керек деген 
сұраққа себеп іздейсің. Осыны жүзеге асырған кезде 
сенде автоматты түрде «мен қол жеткіземін» деген сезім 
пайда болады. Соңғы кезде білгендеріңнің бәрін ой елегі
-
нен өткіз, кептелісте біздің уақытымыз жеткілікті. 
– Одан да мен жазайын, – деп Карл күлгін күнделі
-
гін рюкзагінен шығара бастады. Ол жазу оған көмекте
-
сетінін білді. Ол терең ойланды, оның ойы Маркпен, 
Аннамен, дон Хосемен, Михаэльмен өткізген уақытына 
орала берді. Ойына маңызды нәрсе келгенде ол дәптеріне 
жазып, Маркке оқып беріп отырды. Сонан соң олар әрбір 
тармақты талдады. 
Өзіңдік сана туралы не білдім?
– Өзіме өзім сенімді болғанда ғана менің бәрі қолым
-
нан келетінін түсіндім. Мен армандаған мамандығыма қол 
жеткізіп, актер бола аламын. Мен бойымдағы және алда 
болатын проблемаларды жеңе аламын. Мен өз-өзіме сене 
бастаймын. 
– Сонда ғана мен махаббатқа лайықты екенімді сезіне 
аламын, сонда ғана Анна екеуміздің қарым-қатынасымыз 
реттеледі. Ол менің өмірімдегі ең керемет жайт. Мен өзімді 
сыйлай бастаймын. 
– Сонда ғана мен армандарымды орындай аламын.
Не қолымнан келетіні, нені қалайтыным, нені армандай
-
тыным маған түсінікті бола бастайды. Армандар орындала 
бастайды. 
– Сонда ғана өзімнің кім екенімді түсінемін. Егер менің 
қолымнан не келетінін және маған не ұнайтынын білсем, кім 
екенімді айқындау жеңіл болады. Мұндай жағдайда өз қалау- 
ымша өмір сүруге мүмкіндік туады. Осылайша ғана бақытты 
бола аламын. Мен өзімді жақсы білгім және түсінгім келеді. 
– Мен өзіме сенімді болмасам, басқа біреулердің 
жоспарымен өмір сүруге мәжбүр боламын. Мен олар
-
дың үмітін ақтай алмаймын деп қорқатын боламын.
Мен өмірімді қорқыныштың басқарғанын қаламаймын. Мен 
өз өмірімді сүргім келеді. 
– Мен Марк, Михаэль, дон Хосе сияқты достарымның 
болғанын қалаймын. Ол өзіндік сананы қалыптастыр- 
ғанда ғана болады. Егер өзімнің қателіктеріме ғана назар 
аударатын болсам, достарымнан да сондай кемшіліктер 
іздей бастаймын. Олар оған лайық емес. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет