Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет55/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

127
126
тарай бастады. Оның ішінде өзі дос боп кеткен жарық 
түсірушінің ассистенті Герхард та бар. 
Үзілісте Карл кафетерийде кофе ішіп отырғанда, 
Герхард келді. Ол жан-жағына қарап, басқа ешкім жоқ 
екенін білгесін, Карлға жақындады да:
– Мен сені түсінетінімді айтқым келген, – деді.
– Оны елдің көзінше неге айтпадың? – деді Карл. 
– Мен мұнда әлі жұмыс істегім келеді... – деп жауап 
берді Герхард. Сөйтті де басын төмен салып, кафетерий
-
ден тез шығып кетті. 
Карл өзін жалғыз сезінді, неге оны ешкім түсінбейді, 
соншалықты өзгеріп кеткені ме? «Осының бәрі керек пе 
еді?» деген ой жылт ете қалды. Оның бұрын да пробле
-
масы жетіп-артылатын, енді, міне, жаңалары пайда 
болған сияқты. «Өзіндік санаға апарар жол саналы жол 
емес сияқты, өңкей проблема» деп ойлады ол. 
Осы кезде телефонына хабарлама келді. «Марктен 
шығар» деп ойлады Карл. Алайда бұл хабарлама
Михаэльден екен: 
Карлдың көзіне жас келді. Қандай жігерлі бала! Ал 
бұл болса өзіне дөрекілік көрсетті деп, өз-өзін аяп отыр. 
«Сайтан алғыр, күштірек болу керек» деп ойлады ол. 
Сөйтті де былай деп жауап жазды:
Карл осы науқас баланың өзіне бұрын-соңды өзі 
түйсінбеген күш беріп тұрғанын сезінді. Ол тағы да 
болған жайтты дұрыс бағаламаған сияқты ғой, ол дон 
Хосе мен Марк сияқты тамаша адамдармен танысқан 
жоқ па. «Марк деген тамаша адам ғой» деп ойлады Карл. 
– «Менің әкем осындай болса ғой. Мұншалықты қиын 
болмас еді». 
Тағы Анна бар емес пе! Ол тағы ұялып қалды. Анна! 
Өмірінде барлығы жаман деп ойлауға қалайша дәті 
барды! Бұрын түсіне де кірмейтін таңғажайып әйелмен 
танысқанына бірнеше күн ғана болды. Ол да мұны жақсы 
көреді, бірақ не үшін екенін Карлдың өзі де түсіне алар 
емес. Карл еріксіз жымиды. 
Түсірілім алаңындағы жұмыс біршамаға созылды. 
Актер Рихардқа бірнеше рет үзіліс жасауға тура келді. 
Әлі науқасынан толық айықпаса керек. Түсірілім кезін
-
де әріптестері Карлға тек қажет болған жағдайда ғана 
сөйледі. Оған бұл ұнамаса да, аса мән бере қойған жоқ. 
Түсілірім артық үш сағатқа созылып, әзер аяқталды. Карл 
телефонын тексеріп еді, Марктен хабарлама келіпті: 
«Олай болса менің өзіндік санам әлі жоғары деңгейге 
көтерілмегені» деді кекесінмен Карл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет