Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет56/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Менің басымдағы мына бір пәле бүгін басыма 
күш түсіріп тұр. Ауырсыну жоқ болса да қозғала 
 
алар емеспін. Саған тездету керек. Мен саған 
сенемін. 
Біздің жұмысымыз өзіндік санамыздың бейнесі 
іспеттес. Ол біз әлеммен бөлісіп отырмыз деп 
ойлайтын 
құндылықтарымызды 
білдіреді. 
Айналамыздағылар бізге өзімізге лайықты 
қарым-қатынас жасайды.
Мен саған қайран қалам. Маған сенуіңе болады. 


129
128
Кешке ол Аннаны көріп, бүгінгі күннің қалай өткенін 
әңгімелеп берді. Соңында ол:
– Маған Марктің ары қарай қиын болады дегені енді 
түсінікті бола бастаған сияқты, – деді. 
– Және бұл тек басы ғана сияқты, – деп қосып қойды 
Карл.
– Сенің жақсы достарың бар және мен қасыңдамын, –
деп Анна қолынан ұстады. 
– Бүгін мен оның маңызын жақсы түсіндім. Мен сен 
туралы және марк туралы ойладым. Мен өмірімнің жақсы 
жаққа қарай өзгергенін түсіндім. Оның үстіне Михаэль 
келді өміріме, – ол Михаэльдің хабарламаларынан орасан 
күш алғанын айтып берді. 
– Ол нағыз батыр. Оның орнында болсам, сол секіл
-
ді мықты бола алам ба, білмеймін. Мен одан көп нәрсе 
үйрендім, – деді Анна. 
– Ол бала соншама даналықты қайдан алған? Күшті 
қайдан алады? – деп ойлана тіл қатты Карл. 
– Михаэльмен танысқанда мен де осы сұрақты
Маркке қойғанмын. Ол маған Клейст айтып берген 
оқиғаны есіме түсірді. 
«Бір кездері биші және семсерші К. Ресейге саяхат
-
тауға аттанады. Онда ол бір ақсүйекпен танысады. Оның 
ұлдары да семсерлесумен айналысады екен. Олардың бірі 
оны жекпе-жекке шақырады да, біраз уақыттан кейін оған 
әлі келмейтінін түсінеді. Сол кезде ол К-ні поместьеде 
асырап отырған аюға апарады да онымен күш сынасуды 
ұсынады. Аюды бұған дейін ешкім жеңіп көрмеген екен. 
К. семсерлесудегі өрнекті қимылдарымен әйгілі 
болатын. Ол аюмен жекпе-жекке шықты да, оны жеңе 
алмады. К. аюға семсерін қадамақшы болғандай әрекет
-
тер жасағанда аю назар аудармай тұра берген екен, ал 
семсерін шын мәнінде қадамақ болғанда жеңіл қимылмен 
семсерді қағып тастап отырған. Жекпе-жек ұзаққа созы
-
лады. Соңында К. жеңілгенін мойындауға тура келеді. 
Аюды неге жеңу мүмкін болмады? Оған түйсігі 
көмектескен. Аю табиғи қалпында табиғатпен бірге өмір 
сүреді. Ал адамдар бастапқы түйсігін жоғалтқан, олар 
жұмақтан қол үзген. 
– Бұл жұмақ бағындағы екі ағаш туралы оқиғаны еске 
түсіреді екен, – деді Карл. 
– Иә, – деп күлімсіреді Анна. – Алайда бұл оқиғаның 
да соңы жақсы аяқталуы мүмкін. Клейст біздің көпшілі
-
гіміз жұмақты жоғалтып алғанымызбен, артқа қайтар жол 
бар екенін жазады. Ол қиын да ауыр жол, әйтсе де, біз 
жұмаққа орала аламыз. Бұл даналық жолы. 
– Дон Хосе айтқандай, екінші ағаштың дауысына 
құлақ салу керек, – деп еске алды Карл. – Сонда сенің 
ойыңша Михаэль жұмақтан ешқашан кетпегені ме 
және улы жыланды ешқашан тыңдамаған болды ғой?
Ол шынайы табиғатымен бірге өмір сүреді. Сондықтан 
да күшті шығар? Осылай болуы мүмкін бе? 
– Білмеймін. Марк сенеді. Мен де бұл сенің сұрағыңа 
жауап бола алады деп ойлаймын, – деді Анна.
– Өзіндік санаң жоғары болғаны керемет шығар, –
Карлдың есіне Марк пен Аннаның өз болмысын түсіну
-
дің маңызы туралы айтқаны түсті. Аннаға оның не ойлап 
тұрғаны белгілі еді. Сондықтан ол:
– Бұған дейін баяғы «менің қолымнан келе ме?», «мен 
лайықпын ба?», «мен кіммін?» деген үш сұрақ сен үшін 
абстрактілі болды. Енді сен олардың тәжірибе жүзінде 
маңызын түсіндің, – деді. 
– Марктің айналаңа өзіңе сенетін адамдарды жина 
дегенін енді түсінгендеймін. 
Карл күлгін күнделігін парақтай бастады, онда ол 
Марктен келген бүкіл хабарламаларды жазып жүрген еді, 
солардың ішінен қажеттісін тауып ала қойды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет