Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет59/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

135
134
Марк үш сызықты қағаз бетіне түсірді де шкалаларға 
бөлді. Сосын оны былай түсіндірді:
– Сен белгілеген сан жоғары болған сайын сенің 
ментальдық фитнесіңнің деңгейі де соншалықты деген 
сөз. Біз миымызды да бұлшық еттеріміз сияқты шынықты
-
ра аламыз. 
– Иә, оны сенің фильміңнен білемін. Мен фильм 
сапалы шықса да, оны толық түсіне алмадым. Маған Анна 
көмектесті. Шынымды айтсам мен фильмді ұмытып та 
қалдым, бірақ Аннаның келтірген мысалдары есімде 
қалды. Мысалы, дүрбі. Бір жағынан қарасаң, бәрі үлкен 
боп көрінеді, екінші жағынан қарасаң, бәрі кішкентай боп 
көрінеді. Немесе тағы бір мысал – ақ қағазға жазылған 
қара жазулар. Біз ақ түске көп назар аудара бермейміз, сол 
беттегі қара жазуларға назар саламыз. Яғни біз жетістік
-
терімізден гөрі кемшіліктерімізге басты назар аударамыз. 
– Иә, керемет образдар. Мәселе осында ғой, назары
-
мызды жетістіктеріміз бен күшті жақтарымызға аударуы
-
мыз қажет, оларды кішірейтпей үлкейтіп көруіміз қажет. 
Егер ол қолымыздан келсе, біз үш бағытта эмоционалды 
фитнеспен шұғылданамыз. Бір жаттығу бар, сен оны тап 
қазір орындай аласың. Ол үш бағытты біріктіреді. Өзіңді 
қабілетті және лайықты сезінесің және сонымен қатар 
өзіңнің кім екеніңді түсіне бастайсың. 
– Асыға күтемін, – деді Карл. 
– Қазір бәрін түсіндіремін. Бірақ алдымен төрт қадам
-
ды қайталап шығу керек. Олар сенің есіңде ме?
Карл өкінішпен басын шайқады. 
– Олардың қарапайым және көңілге қонымды екенін 
білемін. Алайда мен абстарктілі заттарды есімде сақтай 
алмаймын. Бұл менің әлсіз тұсым. Маған мысал керек, 
сонда есімде жақсы сақтаймын, – деді ол.
– Оны осылай ашық мойындап тұрғаның дұрыс. 
Менде керісінше. Мен образдарды есімде сақтай алмай
-
мын. Ал абстрактілі түсініктер өз-өзінен есімде сақта
-
лып қалады. Алайда бейнелі образдармен нашар жұмыс
істеуім – әлсіздік емес. Ол әзірге менде жоқ күшті жағым. 
– Оның айырмашылығы неде, екеуі бір нәрсе
емес пе?
– Дүрбіні есіңе түсір, – деп түсіндірді Марк. – Егер 
бір нәрсе қолымнан келмесе және оны өзімнің әлсіз 
жағым деп есептесем, мен ол қабілетіме негативті мән 
беремін деген сөз. Бұл дұрыс емес. Егер мен өзіме: «Бұл 
менде жоқ күшті жағым» десем ондай проблема болмас 
еді. Сондықтан да адвокат болмағаның жақсы болған 
екен. Өйткені заңгерлерге абстрактілі ойлау қабілеті тән. 
Ал актер болсаң, оның саған керегі де жоқ, сен айна
-
лаңдағыларға жеткізу үшін бейнелі образдармен жұмыс 
жасайсың. Сенің күшті жағың да осы болып тұр. 
Мамандық таңдағанда өзіңнің күшті жақтарыңды 
ескерген жақсы. Олар кейде біздің таңдау жасауымызға 
көмектеседі және біз жақсы көріп айналысатын ісімізге 
нұсқап тұрады. 
– Мен бұл туралы бұрын ойланбаппын, – деді Карл 
таңқала.
– Енді төрт қадам туралы айтайық, сонда саған түсі- 
нікті болады. 
– Жақсы, тек маған Анна сияқты образдармен түсін
-
дірші, сонда жақсы түсінемін. 
– Иә, ол жақсы түсіндіреді, – деп мәз болды Марк, – 
мен міндетті түрде оның әдістерін қолданатын боламын. 
Енді Карл жымиды:
– Онда сабақты асыға күтемін, – деді. 
– Онда бастайық. Бірінші қадам: осыған дегінгі тәжі- 
рибиеңнің мәнін түсіну. Екінші қадам: осы тәжіри- 
биені бағалау. Үшінші қадам: позитивті тәжірибе жинау. 
Төртінші қадам: жадыңнан осы тәжірибені қажет кезде 
ала алу. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет