Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет62/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

141
140
сақтай алмаған ол қалыңдығына барады да: «Мен саған 
шындықты айтуым керек. Менің бетімде бетперде бар, 
мен оны шешкенде шынайы түрімді көретін боласың» 
депті. 
Қалыңдығы келісіпті де, ол бетпердесін шешіпті. Қыз 
оның жүзіне ұзақ қарап тұрып: «Алайда сен сол бетперде 
киген қалпыңдасың ғой» депті. 
Ол өзгеріп кетіпті. Ол бетпердесіне айналып кетіпті. 
– Керемет оқиға екен. Көп адам сондай бетперде 
болғанын қалар еді деп ойлаймын. Ал мен күштіреек 
болғым келеді, – деді Карл. 
– Ондай бетперде бәрімізге қолжетімді. Ол үшін 
мейірімді періні күтудің қажеті шамалы. Біз оны сиқырлы 
жаттығу арқылы өзіміз жасап аламыз. 
Карл Марктің офисінде көрген фильмін есіне түсірді.
– Онда бәрі әділетті. Онда мен өзіме жаңадан бағдар
-
лама жасаймын деп шешім қабылдаймын. 
– Дұрыс, – Марк Карлдың түсінгеніне қуанып
кетті, – сен бағдарлама емес, бағдарламашысың. Жетістік
-
тер күнделігінің көмегімен сен өзіңе қалаған бағдарла
-
маңды құрып аласың. Енді жаман және жақсы жақтарын 
қарастырайық. Жаман жағы: біздің миымыз жалқау, ол 
бәрінің автоматты түрде орындалғанын қалайды. Егер 
сен өзіңді өзгерткің келсе, мысалы өзіңе жаңа бағдарлама 
жасағың келсе, күш салуға тура келеді. Бұл қиын. Миға 
бұл ұнамайды, ол қарсыласады. Сондықтан өзгерістер 
қиыншылықпен келеді. Әсіресе, басында қиын болады. 
Ал жақсы жаңалық: сенде жаңа әдет қалыптасқан
-
да миың оны қорғай бастайды, тек әдетті қалыптастыру 
керек. Оған қолжеткізу үшін жұмсаған күшіңді дәстүр
-
ге айналдырған жөн. Дон Хосенің айтқаны есіңде ме: 
«Аспан бізге әрдайым ашық. Біз онда өзімізді лайықты 
санамағандықтан кіре алмаймыз». 
Бұл расында да сондай. Өзің мен сенің бақытың
-
ның арасында тұрған нәрсе - сенің өзің туралы айтқан 
тарихың. Жетістіктер күнделігі саған осы тарихыңды 
қайта жазып шығуға көмектеседі. Сен оны махаббатпен 
жазатын боласың. Өзіңе деген махаббатпен. 
Карлда жаңа дәстүр қалыптасты. Күнде таңертең 
күнделікке кем дегенде бес жетістігін жазатын болды. 
Алғашында қиын болды, дегенмен кейін оған Марк 
пен Анна көмекке келді, әрқайсысы өзінше көмектесу
-
ге тырысты, кішкентай жетістіктің өзі пайдалы екенін 
түсіндіруге тырысты. 
Басында Карл өзіне сынай қарайтын еді, ол қолынан 
келетін істерін жетістік деп санамайтын. Олар оған 
қалыпты жағдай боп көрінетін. «Солай болу керек те» 
дейтін ол. 
Марк адамның күніне мыңнан аса іс тындыратынын 
және солардың ішінен бес жетістікті таппау мүмкін емес 
екенін түсіндірді. Карл үшін бұл жаңалық болды. Ол 
күнінің әр минутын мұқият зерделей бастағанда оның 
қолынан көп нәрсенің жақсы келетінін және оны бұл 
жетістік деп есептемейтінін аңғарды. Ары қарай Карл 
өзінің жақсы қасиеттерге ие екеніне, оны тіпті қолданып 
та жүргеніне көзі жете бастады: ол сценарийдегі диалог
-
тарды тез жаттап алатын, одан талап етілмемсе де көп 
нәрсе үйренді, ол эпизодты керемет көрсетіп беретін еді, 
сценарийді оқи салып, кейбір образдардан фильм құрас- 
тыра салатын. 
Рихард оны жоғары бағалайтын, ал бас оператор 
Густаво кейбір детальдарды онымен талқылайтын. Түскі 
ас кезінде Карл басқа актерлермен бір үстелдің басында 
отыратын. 
Ол шешімін жүзеге асырып, оқуды тастады. Ол 
түсірілім алаңындағы қарым-қатынасты реттеді. Анна 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет