139 138 – Дегенмен бұл әділетті емес қой, он күн шелектеп
жауын жауған жоқ па? – деп қарсыласты Карл.
– Бір қарағанда сенікі дұрыс. Алайда жауын ары кетсе
бір-екі сағат қана болады ғой. Қалған уақытта ала бұлтты
болды, тіпті арасында күн де шығып тұрады ғой. Менің
айтайын дегенім, біздің басымыздан өткен оқиғалардың
мәні шынайы жағдайға байланысты емес, біздің түсін
-
діруімізге байланысты.
– Иә, иә, Эйнштейннің «объективті шындық болмай
-
ды» деген теориясы, – деп бұрқылдады Карл. – Мен
сондықтан да әділетті емес деп тұрмын.
– Сен ешқашан демалысыңның нақты қалай өткенін
сипаттап бере алмайсың. Сен дүрбінің қай жағынан
қарағаныңа байланысты ол. Естеліктер жадымызда
жайдан жай сақтала бермейді, ол белгілі бір эмоцияға
байланысты.
– Мысалмен түсіндіріп бере аласың ба?
– Иә. Үстелді көзіңе елестет. Бұл эмоциясыз естелік.
Енді осы үстел басында өзің жақсы көретін адаммен отыр
-
мын деп елестет: романтикалық кешкі ас, шам, музыка
дегендей... Мұндай естелік қалай, саған әсер ете ме?
– Әрине! Кіммен отырғанымды білетін де
шығарсың!
– Енді осы үстел басында онымен ұрысып отырға
-
ныңды елестет. Бұл үстелді енді қандай эмоциямен
байланыстырасың?
– Енді түсінікті. Барлығы жағдайға байланысты екен
ғой.
– Дәл солай. Енді ең бастысы. Өзіңнің естеліктеріңді
қандай эмоциямен байланыстыратыныңды таңдау
мүмкіндігің бар. Яғни оны қалай бағалайсың. Позитивті
спираль бар: болған оқиғаны позитивті бағалаған сайын
өзіңді жақсы сезінесің. Ал өзіңді жақсы сезінген сайын
болатын оқиғаны да позитивті бағалайтын боласың.
Осыдан өзіндік санаң мен сенімділігің арта түседі.
– Олай болса өзіндік сана дегеніміз эмоция болғаны
ма?, – деп сұрады Карл.
– Сен бәрін дұрыс түсіндің. Өзіндік сана дегеніміз
эмоциялар. Ол сенің жадыңда жағымды сезімдердің
әсерінен қалыптасады. Ғажайып жаттығуымыз да осыған
бағытталған. Ол өміріңде көп қолданатын эмоцияларды
күшейтуге көмектеседі.
– Сонда да әділетсіздік сезімінен арыла алмай тұрмын.
– Мен саған жүйелі түрде жауап берер едім, алайда
объективтік шындық жоқ. Мен саған одан да бір оқиға
айтып берейін.
Ерте, ерте, ертеде, айна жоқ заманда бір жас жігіт
көлге келіпті. Ол қозғалыссыз жатқан судың бетінен
өзінің бейнесін көріпті. Ол өз түрінен қорқып кетіпті,
өйткені өз-өзіне құбыжық сияқты көрініпті. Түрін жаман
санағаны соншалықты, ешқашан әйел қарамайды деп
ойласа керек. Содан ол өкіріп жылапты.
Осы кезде оған мейірімді пері келіпті де, неге сонша
-
лықты қайғырып отырғанан сұрапты. Жас жігіт басын
-
дағы оқиғаны айтып, перінің көңілін босатыпты. Ол жас
жігітке сиқырлы бетперде береді, оны киіп алғанда беті
-
нен міні білінбейді және сұлу болып көрінеді екен.
Алайда, пері бұл бетпердені шешуге болмайтынын
және ешкімге айтуға болмайтынын ескертеді.
Жігіт уәдесін береді де, елге керемет сұлу және
мейірімді боп көрінеді. Көптеген әйелдер оған ынтызар
-
лықпен қарайды екен.
Бір күні арманындағы әйелді кездестіреді де, оған
ғашық болады, әйел де бұған ғашық болады. Алайда
тойдың алдында оны ары мазалап: «Мен қалыңдығым
-
ды алдап жүрмін ғой, ол менің шын мәнінде қандай
екенімді білмейді» деп ойлайды. Періге берген уәдесін