157 156 өзіме күш жинағанша сенімен сөйлескім келмейді. Сенің
пікірің маған зиян тигізбейтіндей күш жинауым керек.
Әкесі өз ойын таңа бастады:
– Сен университетке қайта оралуың керек. Бұл аса
қажет. Әйтпеген күнде осылай жолың болмай жүре
бересің.
Карл әкесіне екі ағаш және өзіңді ешқандай шарт
-
сыз қабылдайтын адамдар туралы айтқысы келді. Айна
-
лаңдағылар сенің өміріңді түсінбесе, бұл қалыпты жағдай
екенін, себебі бұл сенің өмірің екенін айтқысы келді.
Бірақ оны әкесінің түсінбейтінін сезді.
Карл енді олардың ұзақ көріспейтінін, бірақ кейінірек
сөйлесуге мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Әкесі оған көз
қырын да салмастан шығып кетті.
Карлдың есіне Марктің бір кездері жіберген хабарла
-
масы түсті:
Ол бұл сөздердің түбінде үлкен даналық жатқанын
және өзінің дұрыс жасағанын сезінді. Алайда жаны ауыр
-
сынып тұрған еді. Басты рольді ойнаудан одан сайын
қорқа түсті.
Карл Маркпен түскі аста кездесуге уәделесті, оған
кеңес керек еді. Ол ұсыныс туралы, өзінің қорқынышы
туралы, әкесімен арадағы әңгіме және ол әңгімеден кейін
қорқынышының күшейгені туралы айтып берді.
– Мен саған қорқыныш туралы бірнеше мысал айтып
берейін. Бастысы, сен осы әңгімеден кейін қандай шешім
қабылдайтыныңда. Тап осы сәтте сен өзіңнің жетістікке
жететініңе сенбей тұрсың. Ал бұл негізгі үш сұрақтың
біреуіне келіп тіреледі: «Менің қолымнан келе ме?» деген.
Сен оған жауап бере алмай тұрсың. Сен басты рольді
жақсы ойнап шыға аласың ба? Бұл сенің кейде әке махаб-
батын сезінбегеніңе және сеніміне ие бола алмағаныңа да
көп байланысты.
– Кейде емес, үнемі!
– Өкінішті. Алайда, өзіндік сана дегеніміз сезім
екенін, оны өзгертуге болатынын естен шығарма. Сен
бағдарлама емессің, бағдарламашысың. Қорқыныш пен
махаббат арасын таңдай аласың. Егер қорқынышты таңда
-
саң, онда өзіңді тар қапасқа тыққаның. Алхимик дегеннің
кім екенін білесің бе?
– Иә, олар кез келген қоқысытан алтын жасағысы
келгендер ғой.
– Дұрыс. Ал бізге қорқынышымызды алтынға айнал
-
дыру қажет, оны пайдаға асыруымыз керек. Сонда ол
бізге алға жылжуға кедергі бола алмайды, тіпті мақсаты
-
мызға жетуге көмектеседі.
– Қорқыныштың пайдасы бар ма сонда? – деп таңқал
-
ды Карл. – Ол мені күшімнен айырып, өлтіріп жатыр.
– Сен қорқынышты өз мүддеңе қолдана аласың.
Саған бірнеше сұрақ қойсам бола ма?
– Әрине болады – Карлдың Марктен жасыратыны
жоқ еді.
– Жақсы. Сен Аннаның көңілінен шықпасаң өзіңді
қалай сезінер едің? Ол саған сенеді. Ол сені керемет
актер деп санайды. Егер сен қазір рольден бас тартсаң...
– Не айтқың келгенін түсінген сияқтымын. Иә, мен
Аннаның сенімін ақтамаудан қорқамын. Ол – менің
өмірімдегі ең керемет жан.
– Тағы бір сұрақ. Өміріңде мұндай мүмкіндік енді
болмаса ше? Қазір шешім қабылдамасаң, ертең өкініп