Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет71/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

161
160
– Бұл оқиға әйтеуір бір аяқталады. Бастысы, бұған 
дейін не істейтініңде. Бұл жердегі негізгі сөз – «істеу». 
Мақсатыңа тек әрекетің алып барады. Қорқынышың сен 
әрекетсіз жатқанда күштірек. Өзің де сезінесің: бір іспен 
айналысқанда сенімің де арта түседі. 
Былай жаса: Жетістіктер күнделігіңдегі жазбаларың
-
ды көбірек оқы. Жетістігің көп болған сайын өзіңді жақсы 
сезінесің. Ал көңіл-күйің көтерілген сайын жетістік
-
теріңнің де мәні арта түседі. Сонан соң олардың ішінен 
маңызды он жетістігіңді іріктеп ал. 
Карл уәде берді. Дегенмен оны тағы бір сұрақ маза
-
лап тұрған еді. 
– Бұл жеткіліксіз болса ше? Тағы тұйыққа тірелсем не 
істеймін? – деді ол. 
– Онда бір ғажайып болады, – деп жауап берді Марк. 
Карл досына таңқала қарады да:
– Мен ғажайыпқа сенуім керек пе? Олай деп айтуға 
қалай дәтің барды? 
– Бұл шындық. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жаса
-
сақ та жеңе алмайтын кедергіге тап болсақ, берілмеуіміз 
керек, сол кезде ғажайып орын алады. Бұл үнемі осылай 
болады. 
– Сен маған таңғажайыпқа «сен» деп тұрсың ба?
Бұл менің қолымнан келе қоймас. 
– Жоқ, мен таңғажайып деп өзіміз түсіне бермейтін 
жағдайларды айтып тұрмын. Біз болып жатқан жағдай
-
ларға негіз болатын табиғат заңдарын жеткілікті білмей
-
міз. Оларды білмегендіктен де, таңғажайып деп атаймыз. 
Сен ментальдық фитнеспен айналысып, өзіндік санаңды 
көтерген кезде ғажайып күйге түсесің. Сен ғажайыпқа 
лайық екеніңді сезінесің, ал бұл сенім саған күш береді. 
Маған сен – ғажайып үнемі болып тұрады. 
– Сен де таңғажайып жағдайларды басыңнан
кешірдің бе?
– Иә, – деп ойлана жауап берді Марк. – Көп жылдар 
бұрын маған бір егде әйел көмектескен еді. Таңданар
-
лық болып көрінуі мүмкін, бірақ ол өмірде жоқ адам.
Дегенмен, қажет болған кезде ол кенеттен пайда бола 
кеткен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет