Қолымнан келеді бодо шефер менің


Біз армандарымызға қарай жүруге батыл шешім



Pdf көрінісі
бет68/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Біз армандарымызға қарай жүруге батыл шешім
қабылдағанда ғана арманымыз орындалады.


155
154
Тап сол күні Рихардтың алты ай бойы жұмысқа шыға 
алмайтыны туралы хабар келді. Болжаған сұмдықтары 
айдай келді. Студия басшылығы ақылдасу үшін жина
-
лысқа кетті. Шамамен бір сағаттан кейін олар Карлды 
шақырды. 
– Біз Густаво түсірген сенің бірнеше көрінісіңді 
қарап шықтық. Біз оның түсіріп жүргенін де білмеппіз. 
Енді оған қуанып отырмыз. Сен ойнаған эпизодттарды 
мұқият қарауға мүмкіндік туындады. Өте жақсы және 
тағы да өте жақсы деп айтар едім мен. Тіпті фантастика! –
деді Антон. 
Карл оның не айтқысы келіп отырғанын тіпті түсін
-
ген де жоқ, өйткені жоба жойылғалы тұр еді. 
– Біз саған ұсыныс айтқалы отырмыз. Саған басты 
рольді берсек пе деп отырмыз. Кіндік әкенің ролін ойнай
-
сың. Бұл қолыңнан жақсы келеді екен. Сенің қолыңнан 
келеді, ал біз осылайша фильмді құтқарамыз. «Құтқа
-
рамыз» деген жай сөз. Сен ойнаған роль тіпті керемет 
болып шығайын деп тұр, – деді Антон. 
Карлдың аяқтары дірілдеп кетті. Ол не деп жауап 
берерін де білмеді. «Мен оған соншалықты дайын емеспін 
ғой» деген ой жүгіріп өтті басында. Ол қатты қорқып 
кетті. Ол иығынан ауыр жүк басып, сал болып қалғандай 
сезінді өзін. 
– Тағы бір мәселе туындап тұр, – деп жалқады сөзін 
Антон: – біз өздігімізден шешім қабылдай алмаймыз. 
Фильм бір фондтың ақшасына түсіріліп жатыр, сондықтан 
соңғы сөзді инвесторлар айтады. Мен оларға сенің бірне
-
ше көрінісіңді көруді ұсынатын боламын. Олар сенің 
жанды ойыныңды көріп, өз пікірлерін айтады. Егер олар 
келіссе, сені басты рольге бекітеміз.
Барлығы үмітпен Карлға қарады. Олар Карл қатты 
қуанады деп ойласа, мұнысы бекер еді. Карлдың бойын 
сұмдық үрей биледі. Дегенмен бас тартуға да батылы 
жетпеді. Сондықтан ол инвесторлар үшін бірнеше маңыз- 
ды эпизодты ойнап беруге келісті. 
Кешке Карл әкесімен кездесті, оның сөйлескісі келсе 
керек. Карл Құдайдан әкесімен ұрсып қалмауды тіле
-
се де, кездесу одан да жаман аяқталды, әкесі бас салып, 
оны жазғыра бастады. Сарыны бұрынғыдай еді: Карл –
жақсылықты білмейтін адам, қиялмен өмір сүреді, 
қайдағы актер, тек елге күлкі болады, ол оған мүлде жара
-
майды деген сияқты кінә артты әкесі. 
Карл өзіне ұсынылған басты роль туралы айтты, 
алайда әкесі кекесінмен күлді оған. Карл өзіне ұнамай
-
тын осы кекесін күлкіні бұрын да жиі көретін. Әкесі:
– Мен сені жақсы білемін. Сенің бойыңда сені 
табысқа жетелейтін қабілет жоқ, ешқашан болған емес 
және болмайды да. Сенің қолыңнан келмейді. Сенің 
келісімің – сенің үлкен қателігің. Сен тек өзіңді және мені 
ұятқа қалдырасың. 
Ес білгелі Карл әкесінің өзіне сенбейтінін сезініп 
келеді, тіпті бір күні әкесі өзінің досына: «Өкінішке 
орай біз баламыздың бесігін қабырғаға тым жақында
-
тып қойсақ керек, ха-ха-ха» деп қарқылдап күліп, айтып 
жатқан сөздерін естігені бар. Сол кезде де осы жексұрын 
күлкі құлағында қалып қойып еді. 
Бірнеше ай бұрын Карл әке-шешесіне: «Сендердің 
маған жақсылық тілейтіндеріңді білемін» деген еді. Енді 
ол сөзіне өзі күмәнданып қалды. Ол біршама уақыт үнсіз 
қалды, мұны әкесі әлсіздік деп ұқты, әрине. Сонан соң 
сабырлы қалпында:
– Мен мұны енді естігім келмейді. Ес білгелі сен мені 
бір рет те құшақтап көрмепсің. Маған ешқашан сенген 
емессің. Мен қазір керемет мүмкіндікке ие болғалы 
тұрмын, сонымен қатар бойымды үрей де билеп тұр. Мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет