Адамдарды жоғалтудан қорықпа. Басқалардың
көңілін табам деп жүріп, өзіңді жоғалтып алма.
151
150
әпенділер туралы ойлауға уақытың да болмайды. Осыны
ескерерсің, – деді.
Карл Михаэльдің даналығына тағы да қайран қалды.
Алайда, ол баланың ауыруын ойлап, мұңайып қалды.
Михаэль оны сезіп қалды да, жымиып:
– Мен өз әлеміме кетем, онда атақты футболшы бола
-
мын. Сонан соң сенің кезегің келеді.
– Қандай кезек?
– Маған қызыға қарайсың. Маған қол шапалақтап
отырасың. Менің басымда ісік пайда болғанға дейін мен
әжептеуір жетістікке жеткен едім. Дегенмен мен баратын
жақта ісіктің маңызы болмай қалады.
Карл көз жасын әрең тыйып:
– Сен командада қандай позицияда ойнап едің? –
деді.
– Жартылай қорғаушы болдым, әрине. Қандай
пастарды бергенімді көрсең ғой! – осы кезде ол Карлдың
жасаураған көздерін көрді де:
– Қандай әртіссің сен? Өз көзіме өзім сенбей
тұрмын! Тыңда, қарағым, бұл жерде ауру – мен, сен менің
көңілімді аулауың керек, керісінше емес. Марк: «Өлімнің
не екенін ешкім білмейді. Бірақ біреу қайтыс болғанда
бәрі қайғырады. Осылайша олардың бойында менмендік
пайда болады» дейді.
Менмендік туралы ол дұрыс айтып тұр. Мен өлімнің
не екенін білемін, ол жаққа бір-екі рет барып қайттым.
Ол жақ жап-жарық. Ол жақта мен футбол ойнай аламын,
мен оны армандаймын. Ол жақта мені галактикалық
тренер байқап қалды, мен онымен бірнеше рет сөйлесіп
те үлгердім, ол мені күтем деді, мені өз командасына
алады.
Келесі аптада Рихард төсек тартып жатты. Оның
қашан жазылатынын ешкім айта алмады. Бұл нағыз апат
еді, оның ішінде қаржылық қиыншылық тағы бар: коман
-
даға ақша төлеу қажет еді, фильм түсірілімінде әр минут
алтыннан қымбат болатын. Егер жұлдыз келмесе, жоба
жабылатынын бәрі түсінді.
Бір кезде түсірілім алаңында бригада немен айналы
-
сатынын білмей тұрғанда Карлдың қасына қайдан келгені
белгісіз Догги келе қалды да, құлағына тістене:
– Егер Рихард келмейтін болса, сен бұл жерге керек
емессің, ешқашан! – деді.
Карл бірдеңе деп аузын ашам дегенше, Догги зым-зия
жоқ болды. «Не деген жексұрын адам» деп ойлады Карл.
Осы кезде оператор Густавоның ойына бір идея
келді:
– Уақытты босқа жоғалтпау үшін не істеу керек екенін
білемін ... – барлығы оған жалт қарады. Густаво көп сөйле
-
мейтін адам еді. Егер бір нәрсе айтар болса, барлығы оған
мән беретін. – Қолымыздан келмейтін нәрсеміз туралы
айтып отыра бергеннен түк шықпайды. Рихард сырқат,
түсірілімге қатыса алмасы анық. Алайда бір нәрсе қолы
-
мыздан келеді.
Барлығы оған қызыға құлақ түрді. Тіпті режиссер
Антон Густавоның ұсынысын тыңдау үшін бері жақын
-
дады.
– Әзірге басқа актерлер қатысатын эпизодтарды
түсіре берейік. Ал Рихард бар жерлерді кадрдың артында
Карл ойнасын, ол сценарийді жатқа біледі, – деді Густаво.
– «Кадрдың артында» деген не пәле тағы? – деген
Доггидің дауысы шықты. Ол эпизодты кадрға түспей
ойнайды. Бұл әрине шығынды тәсіл, дегенмен жүзеге
асыруға болады. Осының арқасында біршама материал
түсіріп тастар едік.
– Істеп көруге болады, – деді Антон.
|