137 136 – Анна, сөз сенде! – деп дауыстады Карл. Ол айтылған
-
дарды түсінген сияқты, алайда айтылғандар оның миына
толық жетпегендей сезімде еді.
– Өкінішті, – деді кекесінмен Марк. – Мен болсам
ұзақ-сонар теориялық баяндама оқымақшы едім. Жақсы,
көп күттірмей-ақ қояйын. Аннаның шынында да бұл
жағдайға жақсы образы бар, ол мұны фотоальбоммен
салыстырады. Біз кейбір жағымды жағдайлармен байла
-
нысты сәттерімізді сақтап қалғымыз келеді. Сол үшін
фотоальбом арнаймыз. Егер біз естеліктерімізді сол
суреттер сияқты категорияларға бөліп тастайтын болсақ,
біз өз ойымызды бақылау деңгейімізді көтереміз. Бұл
ментальдық фитнес деңгейін көтеруді білдіреді.
Егер бір жағдайды жадыңда ұстап қалғың келсе, сурет
-
ке түсіресің де, оны мәңгілікке сақтап қаласың. Бірінші
қадамның мәні де сонда, сен ол жағдайды жадыңда сақтап
қалу туралы шешім қабылдайсың.
– Ал бағалау дегеніміз, маған ол сурет ұнай ма, әлде
ұнамай ма, соны анықтау ғой?
– Әрине. Біз альбомға өзімізге ұнамайтын суретті
жапсырмаймыз ғой. Осы кезде дүрбі қосылады. Сурет
-
ке дүрбінің қай жағымен қарайтынымыз маңызды. Біздің
көңіл-күйіміз жақсы болса, сурет те автоматты түрде
керемет болып көрінеді. Егер көңіл-күйіміз мұңды болса,
сурет те сәтсіз шыққан сияқты болып көрінуі мүмкін.
– Мен әлі толық түсінбеген сияқтымын.
– Бұл Аннаның өзі де түсіндіре алмайтын тармақ
болып тұр. Ол тәжірибемен келеді. Қазір мен айтқан
жаттығуды жасағанда түсіне бастайсың. Ол сенің өміріңді
өзгертеді, – деді Марк.
– Бұл ғажайып жаттығуды жасағым келіп, қызығып
тұрмын.
– Аз қалды, – деп күлді Марк. – Дон Хосенің айтқа
-
нын есіңе түсір: «Бақытты болудың жалғыз жолы –
өзіңнің оқиғаңды ойлап табу». Фотоальбомның және
жаттығудың арқасында осындай оқиға автоматты түрде
пайда болады.
– Қызығушылығым артып барады, – деп Карл ақырын
емеурін білдіріп қойды.
– Қалған екі қадамды талқылау ғана қалды, – деп кеке
-
туін тоқтатпады Марк. – Алайда бұл шынымен маңызды.
Позитивті тәжірибенің жиынтығын фотоальбомға ең
керемет суреттерді жапсыру деп қарастырса болады, ал
осы жиналған ақпаратты еске алуды фотоальбомдағы
суреттерді қараумен салыстыруға болады.
Осылайша біз естеліктерімізді де басқара аламыз.
Жаттығу да сол үшін ойластырылған. Оның қарапайым
-
дылығы сонша, көп адам оның тиімділігіне сене бермей
-
ді. Бірақ ол ғажап жаттығу екеніне сенсең болады. Сен де
өміріңде ғажайыпты күтсең болады.
Карл қызыққаннан жарылып кетердей болып тұр.
Марк түсіндіре бастады:
– Таза блокнот ал да, оған күнделікті жетістік
-
теріңді жазып жүр. Мұндай блокнотты мен «Жетістіктер
күнделігі» деп атаймын. Егер сен осыны жаза бастасаң,
үш айдан кейін сенің өміріңде көп нәрсе өзгереді. Осы
уақыт аралығында сен өзіндік санаңды екі есе өсіресің.
Карл Маркке шарасыз күйде қарады.
– Ғажайып дегенің осы ма? Аса бір әсер ететіндей
көрініс емес екен.
– Мен сені түсініп тұрмын. Мысалмен түсіндіріп
көрейін: айталық, сен жиырма күнге демалысқа кетпек
-
шісің. Алғашқы онкүндікте жауын жауады да, келесі он
күндікте күн шығып тұрады. Көпшілік мұндай жағдай
-
да: «Демалысымның көп бөлігі жауын-шашында өтті»
деп ренжиді. Алайда, сен күн шығып тұрғанда суретке
түсесің де, оны альбомға жапсырасың. Оны көргендер:
«Ауа райы қандай керемет болған» дейді.