Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет20/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

51
50
– Шын мәнінде керемет орындадың! Тіпті денем 
тітіркеніп кетті. 
– Шынымды айтсам рольден ауытқып кеттім, бір-екі 
жерінде актер сияқты орындамадым. Өзімше интерпре
-
тация қосып жібердім. Солай дұрыс болатын сияқты. 
Аннаның тілі байланып қалғандай болды. Аз ғана 
үнсіздіктен кейін:
– Естігенімнің бәрін реттеп алуға мұрша бер. Сен 
дублер болғаныңмен, сценарий оқисың, мұндайды істей
-
тін жалғыз дублер шығарсың. Актерды бақылап, оның 
ойынын талдайсың. Рольді актер сияқты ойнай аласың. 
Бұл көріністі басқаша да ойнай аласың. Белгілі бір дәре
-
жеде жарық түсірушінің де жұмысын білесің. Дұрыс па?
– Тап солай. 
– Меніңше, сен ерекше дарын иесісің. Сен жұмысың
-
ды артығымен орындайтын сияқтысың, – деді Анна. 
Карл өзін асыра мақтады деп ойлап, қарсыласуға 
ұмтылды:
– Мен бар болғаны жақсы еліктеймін. Мен жұлдыз 
емеспін, бойымда ешқандай ерекшелік жоқ. Мен тек 
актерге қарап тұрып, қимылын қайталаймын. Түсіру 
бригадасында менің аты-жөнімді ешкім білмейді де, 
айтқан күннің өзінде де естерінде сақтамас еді. Дарын
-
ның түріне болайын!
Анна басын шайқай берді:
– Гете бұл туралы: «Біреудің ерекшелігін байқаған 
адамның бойында да сол ерекшеліктің болғаны, әйтпесе 
ол оны байқамаған болар еді» деген екен. 
– Қой, бұл былжырақ әңгіме, – деп берілмеді Карл. 
– Сонымен қатар, шын дарынды екі белгісінен анық- 
тауға болады. Біріншіден, сен бәрін тез үйренесің, екін
-
шіден, сен бәрінен ләззат аласың. 
– Сонда тез үйрену және жұмысыңнан ләззат алу 
дарындылық па? Менің істеп жүргенім ерекше іс деп айта 
алмаймын. 
– Бұл дарынның қосымша белгісі. Сен оны байқа
-
майсың да, өйткені қалыпты жағдай деп ойлайсың. Мен 
сенің шеберлігіңді көрдім, сен шын мәнінде кереметсің. 
Карл мақтаулардан қашқақтады, алайда Анна бірнеше 
секунд ойланып тұрып:
– Мен жауабын білетін сияқтымын. Дегенмен сен 
сәтсіздікке ұшырамасаң кім болар едің деп сұрағым келіп 
отыр? – деді. 
– Мен әрине күмәнсыз актер болуды армандаймын, 
бірақ арманыма жететініме сенбеймін.
– Марк бұл жағдайда: «Егер сен бір мамандықты 
армандасаң, сен ол мамандыққа қол жеткізгенің. Тек бір 
нәрседен бастау керек» деп айтар еді.
Анна үстел үстіндегі мүсінді көрсетті. Карл оны 
бірден таныды. Бұл Микеланжелоның туындысы Давид
-
тің шағын мүсіні еді. 
– Таныдың ба? – деді Анна.
– Иә, Марк бұл оқиғаны айтып берген еді.
– Менің ойымша бұл оқиға әрқайсымыз туралы 
сияқты, біздің ішкі дүниемізде жанымызды тербететін 
бір нәрсе бар. 
Ол қабырғадағы жазуды көрсетті: 
– Мына даналық сөз не үшін ілініп тұрғанын білесің 
бе? – деп сұрады Анна. Карл қызығушылық танытты. 
Анна аузын ашқаны сол еді, телефоны шырылдады. Бұл 
Марк болатын. Әңгіме шұғыл болса керек. Анна Карлға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет