67 66 на ренжіді. Бастысы, Марк жақсы тынығып, оңалып келе
жатыр еді.
Карл Марктің өмірін құтқарып қалды. Марк жалғыз
жүргенде тірі қалуы неғайбыл еді. Карлдың Маркты
құстырғаны маңызды болды, осылайша ол ағзадан бірша
-
ма удың шығуына көмектесті. Сонымен қатар дәрігер де
қажетті шаралардың бәрін жасады.
Марк өз-өзіне келгенін күту үшін кері ұшуды екі
күнге шегеруге тура келді.
Таңғы ас кезінде Карлдың ұялы телефонына хабарла
-
ма келді. Мүмкін емес! Ол Марктен еді:
Карл Марк оның досына айналғанын түсінді. Кенет
өзін бай сезінді. «Иә. Марк шынында да өмірге сенеді.
Менде де сондай сенім болса ғой!» – деп ойлады Карл.
Кейінірек ол Марктің көңілін сұрап келген дон Хосе
-
мен сөйлесті. Шипагер Карлдың қалай әрекет еткенін
естіген еді, ол оны мақтай жөнелді.
– Сен бәрін дұрыс жасадың. Мұндайды ішкі дана
-
лығымен байланысы бар адам ғана жасай алады.
Карлға бұл аса ұнамады. Ол жалтарып кеткісі келген
-
мен дон Хосе даналықпен жымия отырып:
– Лайықты мақтауды қабылдай білген адам – кемелі - не келген адам. – Олай болса мен әлі кемелдене қоймасам керек, –
деп Карл әңгімені өзіне қатты әсер еткен екі ағаш оқиға
-
сына бұрғысы келді. – Маған сенің жұмақ туралы айтқан
тәмсілің қатты ұнады. Ол жерде басты рольде жазалаушы
Құдай емес, еркіндікке ие адам ойнайды. Біз шындық
пен жалғандық және сенімділік пен қорқыныш арасында
таңдау жасай аламыз.
Дон Хосе басын изеді:
– Бұл тәмсілді түсінгеніңе қуанып тұрмын.
– Алайда мен осы екі ағаштың нені білдіретінін әлі
толық түсінген жоқпын.
– Басқа адаммен кездескеннен кейін сен не күштірек,
не әлсіз бола түсесің, – деп түсіндірді дон Хосе. – Сен
өзіңе не сенімдірек боласың, не өзіңе деген сенімің азая
түседі. Әлемдегі әдемілікті көбірек не азырақ көре бастай
-
сың. Бала кезіңде қай ағаштың жемісін жеуді білмейсің,
өйткені сенде таңдау мүмкіндігі болмайды. Алайда сен
қазір ересексің. Ересек болу дегеніміз таңдау мүмкіндігі
бар деген сөз. Адамдардың көпшілігі сол бала қалпында
қала береді, менің таңдауым жоқ деп өзіне жауапкершілік
алғысы келмейді. Алайда бұл олай емес. Сен өз оқиғаң
-
ды қайта құрастыра аласың, сен: «Мен бар болмысыммен
өзіме ұнаймын. Мен әлемге керекпін. Мен өз өмірімді
басқара аламын. Менің қолымнан келеді» деп айта аласың.
– Алайда, мен оған шын жүрегіммен сенбеймін, –
деп қарсыласты Карл. – Шынымды айтсам өте сенгім
келеді. Бар жан-тәніммен сенгім келеді! Мен де Марк
сияқты күш-жігерге ие болғым келеді. Ол өліммен арпа
-
лысып жатса да, бәрі жақсы дейді.
– Мен осындай күш-жігерге туғаннан ие болған бірде
бір адамды танымаймын. Ол Маркке де қатысты. Бәріміз
алдымен жалғанға сенбеуіміз керек, екінші ағаштың:
«Сен лайықсың. Қолыңнан келеді» деген дауысына құлақ
салуымыз керек.
Карлдың көкейінде тағы бір сұрақ бар еді:
– Марк маған өзіндік сана үш аспектіден тұратынын
айтып еді.