Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет30/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

71
70
– Бұл сөздер арқылы сен ішкі негативті диалогыңды 
жаңа позитивті оқиғаға ауыстырасың. Егер бір ай бойы 
шыдамдылықпен осыны істер болсаң, онда ойларың
-
ның өзгере бастағанына өзің куә боласың. Соңында өз 
айтқандарыңа өзің иланасың, - деп түсіндірді Хосе. 
– Мүмкін емес, бәрі осыншалықты оңай ма? – деп 
күмәнін білдірді Карл. 
– Оны түсіну оңай болғанымен, өзіңмен осылай
-
ша сөйлесу оңай шаруа емес. Мүмкін тап қазір тексеріп 
көрерсің?
– Білмеймін. Шынында да неге көрмеске?
– Жақсы. Олай болса анау қабырғаға ілулі тұрған 
айнаға жақында. Бірнеше секунд көзіңе қарап тұр. Атың
-
ды айт та өзіңнің бір жақсы қасиетіңді айт: бір жақсы 
әрекетің, немесе сәттілігің, немесе басыңа келген бір 
ақыл туралы айт. Содан соң: «Мен сені жақсы көрем» деп 
айт. Тағы да атыңды айт та: «Сен керемет адамсың» де. 
Сосын терең дем ал, деміңді шығар да: «Рақмет» де. 
Карл тұрып қалды.
– Болсаңшы, – деп қоймады Хосе.
– Бұл біртүрлі сияқты.
– Жай ғана айт.
Карл өзінің айнадағы бейнесіне қарады да бар 
ерік-жігерін жинап:
– Карл сен кеше Марктің оқиғасында өте жақсы әрекет 
еттің. Сен қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Мен сені 
жақсы көрем, Карл. Сенің барыңа шүкір. Рақмет.
Таңқаларлығы ол өзін өте жақсы сезінді. Әсіресе 
айтылғанның бәрі шындық екені аян ғой, ол Маркке шын 
мәнінде жедел және сапалы көмек көрсетті.
Карл Хосеге алғыс айтты да бұл жаттығуды кемінде 
бір ай күнде таңертең жасаймын деп уәде берді. 
Келесі екі күн көрген түстей өте шықты. Марк өзін 
жақсы сезіне бастады. Ол өзіне келгенше Анна мен Карл 
уақытын бірге өткізді, Мехико шетіндегі ежелгі храм 
үйінділеріне барды, керемет ауа райын тамашалап, бірге 
қыдырды. 
Дегенмен, Карл бәрібір Аннаға лайық емеспін деген 
сезімнен арыла алмады. Анна да оның қашқақтап жүргенін 
байқады. Кейде ол бұны ұмытып кететін де, бәрі керемет 
болатын, кейде Карл тұңғиыққа батып кететін. 
Екінші күні кешке жақын Анна оған тіке сұрақ қойды:
– Мен саған ұнаймын ба?
Карл тосылып қалды. Сосын дон Хоседен білгенін 
айтып берді, айна алдында жасаған жаттығуы туралы 
жеткізді. 
– Бұл жаттығуды мен де екі жылдан бері күнде жасай
-
мын. Маған Марк үйреткен. Ол маған өзіме басқаша 
қарауға үйретті және осы арқылы өзім де көп нәрсені 
өзгерттім, - деді сабырлы қалыпта Анна. 
Сонан соң ол:
– Онда бірге жасайық. Мен бастайын, – деді.
Ол Карлдың алдына тұрды да, оның көзіне қарап тұрып:
– Карл мен сенің қасыңда жүргеніме бақыттымын. 
Мен сенің керемет қабілеттеріңді көріп тұрмын. Мен 
сені жақсы көрем, Карл. Сенің болғаның қандай бақыт,
Карл! – деді.
Карл қарсыласуға тырысты:
– Жоқ, сен өз атыңды айтуың керек, – деді де, бәрін 
түсінді. Оның көзіне қарап тұрып:
– Мен де сені сүйемін, Анна, – деді. Ертеректе ол 
бұл туралы ойлауға қорқатын еді. Дегенмен ол мұның 
шындық екенін түсінді. Бұл керемет еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет