77 76 – Онда неге тапсырыс бердің?
– Өйткені сен тапсырыс бердің.
– Осылайша маған жақын боламын деп ойлайсың ба?
Сен өзіңе ұнамайтын, өзіңнің болмысыңа жат нәрселерді
жасайсың. Мүмкін бұл майда-шүйде нәрсе боп көрі
-
нер, дегенмен өз ұстанымыңнан бас тартты деген сөз.
Өзіндік сана дегеніміз сен өз құндылығыңды сезінесің, өз бағаңды білесің дегенді білдіреді. Саған өмір сыйланған - дықтан мына жер бетінде өмір сүресің, өмірге келгендегі мақсатыңды жүзеге асыру үшін осы сыйды пайдаланасың. Сен басқаларға қарағанда қолыңнан жақсы келетін нәрсені жасайсың және сен оны жақсы көресің. Бұл әлемді жақсарту үшін жасайтын сенің мүмкіндігің. Карл ойланып қалды. Ол өз еркімен юрист болмас
еді, бұл ата-анасының қалауы. Әрине осылайша ол ата-
анасының құрметіне ие болғысы келді, ең бастысы стрес
-
стен қашты. Сонымен қатар олар бұл үшін қолынан
келгеннің бәрін жасап, үлкен үміт артты ғой!
Біраз уақыттан кейін Марк:
– Әке-шешеңмен сөйлескен кезде өзіңнің дұрыс-
тығыңды дәлелдеп отырғаныңа сен. Маңызы да осында.
Сен арманыңның қаншалықты күшті екенін байқайсың.
Бұл сен үшін жақсы жаттығу болмақ. Сен қандай жағдай
болса да әртіс болғың келеді ғой? Олай болса, сен оларды
сендіре аласың. Бірден болмаса да, уақыт өте келе сенеді.
Карл үйінің есігінен аттағаны сол екен WhatsApp-қа
Марктен хабарлама келді:
Карл ойланып қалды.
– Мына хабарламаны әке-шешеме жіберу керек. Оған
тек: «Мен оқуды тастап, бүгіннен бастап актер боламын»
деп қосып қою керек.
Ол ата-анасына ертең келем деп ескертіп қойды.
Түнде қай-қайдағы түсіне еніп, нашар ұйықтады: қызыл
свитерлі егде әйел оны бір қап-қара ағаштан түсіріп
алмақшы болды. Ағаш оған қорқыныш дарытады. Ол
әйелдің сөзінен ештеме ұққан жоқ, сонда да ағашқа
шықпақшы болды да құлап түсті. Бақытына орай Анна
келіп қалып, оны тұрғызып, алып кетті. Бұның бәрі нені
білдіреді екен?
Келесі күні күлгін күнделіктен тағы жаңа жазу көрді.
Онда былай деп жазылыпты:
Сенің қолыңнан түк келмейді, сен аса жақсы адам емессің
деп жалған сөйлегендерге нанбауың керек. Оған қоса өзің
де мұндай нәрселерді айтпауың қажет.
Шын мәнінде сенің болмысың сенің қолыңнан келетін және
сен жақсы көретін нәрселерден құралады. Бұны сен жүз
пайызға білмесең де, бұл сенің бар болмысың. Өз-өзіңе
сенімді болу үшін бар болмысыңмен жақсы екеніңді
ұғынуың керек.
Әрдайым толыққанды тұлға екеніңді, бәрі қолыңнан
келетінін ойла. Бәрі жақсы. Егер өзің туралы жақсы
ойласаң, жақсылықтың бәрі сен үшін орында-
лады. Өйткені сен керемет өмірге лайықтысың.
Егер сен оған сенімді болсаң, сен жұмақта болғаның.
Сенің жолыңда: «Сенің қолыңнан келмейді. Сен оған жара-
майсың» дейтін адамдар кездесуі мүмкін. Оларға қарама,
өйткені бұл қорқыныш жолы. Олардың айтқаны емес, сенің
оларға қайтарған жауабың маңызды.
Махаббат жолымен жүр. Бақытыңа қарай жол тарт. Өзіңді
бақытты ететін оқиғаңды құрастыр.