үшінші қорытындыға көшті:
– Ол үшін айналаңа сені және сенің идеяларыңды
қолдайтын адамдарды жинауың керек. Өзіне күмәнмен
қарайтын адамдармен қарым-қатынас жасауға бірде бір
адам лайықты емес. Олар сені төмендете береді.
– Алайда бұл менің ата-анам ғой. Мен олармен
қандай болғанда да қарым-қатынас жасауым керек қой! –
деп жан даусы шықты Карлдың.
– Бір кездері мен атам мен әжеме бармай кеттім.
Олар менің де арманым бар екенін, оған құрметпен қарау
керек екенін түсінгенше жоламай кеттім, – деді Анна.
– Бұл қатігездік, – деді Карл.
– Иә, келісемін, алайда сен біреудің ақылымен өмір
сүрсең, осылайша арманыңды көміп тастасаң, одан да
жаман. Ол кезде менде дамыған өзіндік сана болған жоқ.
Сондықтан да менің болашағыма кедергі келтіретін
-
дердің бәрінен қашуға тура келді. Жүрегіңді тыңдауың
керек. Соңғы қорытындыны тыңдағың келе ме?
– Әрине, – Карл Аннаға ғашық көздерімен қарап тұр
еді. Бұл керемет қыз еді – ақылды, күшті және сұлу.
–
Төртінші қорытынды: саған берілетін кеңестер –
көп жағдайда болған жағдайды ақтап алу. Мүмкін сенің
ата-анаң да бір кездері асқақ армандарын жүзеге асыра
алмаған шығар. Сен өз жоспарларыңды айта бастағанда
олардың да бұрынғы армандары туралы естеріне түсіп
кеткен болар. Бір кездері армандарын сатып кеткені үшін
ақталуға тырысқан болар. Дегенмен олар бір кездері қор-
қып, арманынан қашқаны туралы айтқысы келмейді. Олар
саған өздерінің сәтсіздіктерін ақтап алу үшін кеңес береді.
– Қызық екен. Сонда олар әдейі істеп отырған жоқ
қой.
85 84 – Жоқ. Тек оларға біршама уақыт керек. Мәселе сенде
болып тұрған жоқ, бар әңгіме олардың өзінде болып тұр
ғой.
Карл ойланып тұрып, басын изеді.
– Тағы