Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет17/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Өз-өзіңмен қалай сөйлесетініңді бақыла. 
Мүмкін өз-өзіңмен соғысып жүрген шығар
-
сың және өзіңді дұшпаныңнан да әрі сынайтын 
шығарсың.
Өмірлік махаббатыңды көргің келсе, айнаға қара


45
44
«Таңқаларлық – бірнеше сөзге 100 мың евро! Жында
-
нып кетуге болады» деген ойлар келіп жатты басына. 
Кенет артынан Марктің дауысы естілді:
– Және бұл сома соңғы центіне дейін еңбекпен 
келген. 
Карл артына бұрылды. «Ол менің ойымды оқып 
қойған ба?» деп ойлаған Карл ұялып қалды. 
Марк Карлды кабинетіне шақырды. Ол:
– Бұл «бірнеше сөз» тек басы ғана. Пирамиданың 
астындағы сөздерді оқып шық. Сосын мен бұл сөздерді 
Аннаның маркетинг тіліне қалай аударғанын айтып 
берем. Керемет шешім. 
Пирамиданың астында мынадай сөздер жазулы тұр 
еді:
Өз-өзіңе сенімділік: өмірдің сынақтарына дайын екеніңді 
түсіну. МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ. 
Өзіңді құрметтеу: өзін-өзі жоғары бағалау, өзін қолдау. МЕН 
МАХАББАТҚА ЛАЙЫҚПЫН. 
Өзің туралы түсінік: өз-өзіңді тану, түсіну, өзіңнің күнделікті 
әрекеттеріңді сырттай бақылау. МЕН КІМ ЕКЕНІМДІ БІЛЕМІН.
Карл бос кезімде осы туралы ойлаймын деп шешті. 
– Аннамен таныстың ба? – деп сұрады Марк.
– Иә. Әуелі мен оның дауысын естідім де ... – «Міне, 
қазір тағы масқара болам» деп ойлады Карл.
– Иә, сонымен не болды? – оған түсіне қараған Марк 
оны қамшылай түсті.
Карл өзі неге екенін түсінбесе де шынын айтуды жөн 
көрді:
– Анна ғажап жан. Бірақ мен бәрін бүлдірдім.
Ол Аннаның өзін «Мен кіммін» деген сұрақ төңіре
-
гінде пікірлесуге шақырғанын, ал ол болса дайын еместі
-
гін айтып бас тартқанын айтып берді. 
– Ол саған ұнап қалды ғой, дұрыс па? 
– Иә, – деп мойындады Карл.
– Сенің оған жауабың – әйелдермен олай танысуға 
болмайтынын білдіретін рецепт, - Марк салмақты жауап 
берді, оның дауысынан кінәлау сезілген жоқ. 
– Білемін. Бірақ не істей аламын? Менің қандай 
екенімді білсе, тіпті де шансым жоқ қой. Не айтам мен 
оған. «Сәлем. Мен сағатына 11 евро табамын» деймін 
бе? Ол болса 100 мың евро сыйақы алады. Ол әдемі
ақылды, керемет жұмысы бар. Сондықтан да мен оған 
ашылғым келмеді. Мен кіммін? Жарық қондырғысы 
бойынша дублер және сәтсіз студентпін. Мені кез келген 
сәтте масқара болам деген қорқыныш билеп алған. Қазір 
де солай ... 
Марктің жауабы оны таңқалдырды:
– Оны шешуді Аннаның өзіне қалдыр. Мен дұрыс 
түсінсем, сенімен сөйлесуді өзі ұсынды емес пе? Олай 
болса сен оны қызықтырғансың.
– Енді не істеймін? – деп сенімсіз сұрады Карл.
– Жай ғана бар да оның ұсынысын қабыл алатының
-
ды айт. Өзіңнің кім екеніңді білгенің маңызды. Анна 
саған көмектеседі.
– Менің атым – Карл. Мен заң факультетінің 
студентімін және киностудияда қосымша табыс табамын, 
деп пе? – деп Карл өзінің батылсыздығын түсіндіруге 
тырысты. 
– Мұндай сипаттау көп адамға тән. Ол сенің ішкі 
дүниеңді көрсетпейді.
Карл Марктің дұрыс айтып тұрғанын түсінді. Алайда 
әлі батылсыздығынан толық арыла алмады. 
– Мен саған бір оқиға айтып берейін. Флоренцияда 
Микеланжелоның Давидке орнатқан статуясы бар. Бұл 
әлемдегі ең керемет мүсін. Аңыз бойынша, Микеланжело 
жап-жас кезінде ұзындығы тоғыз метр болатын мәрмәр 
үйіндісін көргенде одан не жасау керек екенін анық білсе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет