145 144 Әсіресе, бір қиын эпизод кезінде Марк қатты жөтелді
де: «Су әкелеіңдерші!» деді.
Анна суға жүгіріп кетті де, Михаэль оның арқасын
ұра бастады. Карл көріністі жалғастырғысы келіп еді
концентрациясын жоғалтып алды. Ол Марктің жөтелі
тоқтағанша күтіп тұрды.
Осы кезде Марк қарқылдап күліп жіберді. Анна мен
Михаэль де оған ілесіп күле жөнелді. Олар тынышталған
кезде Марк:
– Кешір, бұл трюк еді. Дегенмен мен Михаэльдің
сенің күшті актер екеніңе көзі жеткеніне қуанып тұрмын.
– Дәл солай, баяғыда осылай жасау керек еді, – деді
бала. – Сендер дұрыс айтыпсыңдар. Карл, сен мега-мега
суперсің! – ол жаңа досына сүйсініп қарап тұр еді. – Мен
оны білдім! Сен – кереметсің! Мен сенімен қалай мақта
-
натынымды білсең ғой!
Риза кейіппен Карл:
– Не трюк бұл? – деп сұрады.
– Мен саған бір маңызды нәрсені түсіндіргім келген,
сондықтан қасақана жөтелдім. Егер сен керемет актер
болғың келсе, керемет актер сияқты ойлауың қажет. Және
керемет актер сияқты репетиция жасауың керек.
– Мен репетиция жасадым ғой. Мен барымды салдым.
– Алайда жоғары санаттағы актерлер репетиция
барысында кездейсоқ жағдайларға да дайындалады, олар
кез келген жағдайда ойынды жалғастыруға дайын болуы
керек. Сондықтан да мен қасақана жөтелген едім.
– Онда сен де актер болдың ғой? – деп күлді Карл.
– Сен сияқты емес, әрине. Менің басқа қасиеттерім
жақсы дамыған. Дегенмен сенің қазір естігенің өте
маңызды. Келесі көріністі репетиция жасап, оны бірне
-
ше адамдарға қойып көріңіз, соңғы репетиция ретін
-
де көрсетіңіз. Бұл жағдайда барлық жағдайларды ескер.
Ойыңдағыдай болмай жатса да ойынды түк болмағандай
жалғастыра бер.
– Жарайды, - деп келісті Карл. – Осы жағдайда не
істеуім керек еді?
– Оның не түсінбейтіні бар? Ары қарай ойнау керек
еді! Сені ештеңе тоқтата алмайтындай ойнап үйрен.
Қиын болса да ары қарай ойнай бер. Елестетіп көрші,
спектакль кезінде көрерменнің бірі қатты жөтелді делік,
немесе артыңда декорация құлап түсті делік. Сен сонда
үзіліс жасайсың ба?
– Жоқ әрине.
– Көрдің бе, репетиция да сол үшін ғой. Не болып
қалатынын ешқашан білмейсің.
– Мен сені уайымдадым ғой.
– Сен қалаған уақытыңда эмоцияңды өзгерте алға
-
ның үшін актерсің. Бұл сенің қолыңнан керемет келеді.
Мен жаңа ғана сенің бір мезетте үш түрлі адамға айналға
-
ныңды көрдім. Дегенмен кездейсоқ болған жағдайда сол
ойнап жатқан персонажыңда қала бер.
– Сахнадағы ойын оңай емес, – деді Карл. Ол Марктің
айтқан сөздерінің мәнін түсіне бастағандай. Ми бәрін
алдын-ала білетін сияқты ғой.
– Бұл тек сахнаға қатысты емес. Менің жаңағы
айтқандарым барлық мамандыққа қатысты. Сен жоғары
деңгейде болғың келсе, қандай жағдай болмасын әрекет
етуді тоқтатпауың керек. Аса қиын жағдайларда сен
өзіңнің шеберлігіңді көрсетуің керек. Және бұл жағдайда
еркін, өзіңді репетицияда жүргендей сезін.