165
164
Карлдың ойына Марктің қорқынышты өз пайдаңа
жаратуға болады деген сөздері түсті. Алайда ол қолынан
келетініне сенімді емес еді. Ол қандай да бір маңызды
жауаптың, оның ішінде түсімен байланысты жауаптың
жетпей тұрғанын сезді. Осыны ойлап жатып, ұйықтап
кетті.
Сол түні ол барынша анық түс көрді. Ата-анасы оны
қошқыл түсті ағашқа қарай жұмсап жатыр екен. Бұл жолы
ағаш қап-қара болып көрінді. Карл оған шыққысы келме
-
се де, тырбаңдап шығуға тырысып жатты. Ақыры құлап
түсті.
Карл ағашқа алғаш рет мұқият зер салып қарады.
Оның діңгегінен әкесінің бейнесін көргендей болды.
Басында бейне солғын болғанымен, кейінірек қошқыл
ағаштың өз әкесі екені анық көрінді. Карл қашып кеткісі
келді. Алайда тізесі ауырғандықтан, ол орнынан тұра
алмады. Сонымен қатар ол қорқыныштан қозғала алмай
қалғандай еді. Карл әкесінің бейнесіндегі қошқыл түсті
ағаштан көзін ала алмай қарап тұрды. Сәл жоғарырақ
Доггидің бейнесін көрді. Бір кезде әкесінің бейнесі
өзгере бастады да, басқа адамға айналып бара жатты. Ол
анығырақ бола бастағанда, бұл бейнеден Карл өзін таны
-
ды. Шындығына келгенде қошқыл түсті ағаш Карлдың
өзі екен. Сұмдық қорқыныштан жүрегі айнып кетті.
Осы кезде ол ақшыл түсті ағаштың түбінде өзін күтіп
тұрған Аннаны көрді. Оған барғысы келгенімен, бір
нәрсе жібермей тұр. Оны шақырайын десе дауысы жоқ.
Осы кезде ашық қызыл свитер киген ақ шашты әйел
қасына келіп, оның қолынан ұстады. Тізесі ауырып тұрға
-
нымен әрең жүріп келеді. Ақырын болса да сөйлеуге
шамасы келетін сияқты. Кемпір оны жетектеп, Аннаға
қарай әкелді. Аннаның қасына келгенде, ол ақшыл түсті
ағашты нұсқады. Карл ағашқа таңқала қарап тұрды.
Ақшыл ағаш та өзгере бакстады да, оның діңгегінен әлсіз
бейнелер көріне бастады. Бір ғана емес, бірнеше адам
-
ның бейнесі. Бірінші ол Аннаны көрді, сосын дон Хосені,
Маркті, Михаэльді көрді, соңында Антон мен Густавоны
да байқады. Барлығы бұған күліп қарап тұр екен.
Дегенмен ағаш өзгеруін тоқтатпады. Бейнелер жоға
-
лып, артынша жаңа бейне пайда болып жатты. Бұл өзінің
бейнесі еді. Сөйтсе, ақшыл түсті ағаш та бұның өзі екен.
Карл оянса, қара терге түсіп жатыр екен. Түсі анық
есінде қалыпты. Ол мұның қорқынышты түс емес, өзіне
жолданған жолдау екенін түсінді. «Маған бір маңызды
нәрсе айтқысы келіп тұр. Бірақ ол не болғаны?» деп ойла
-
ды. Ол телефонына қарады. Бұл жолы Марк Стив Джобс-
тың сөздерін жіберіпті:
«Мен актерлік жұмысты жақсы көремін. Алай
-
да, қазіргі жағдайда ол менің қолымнан келер ме екен,
білмеймін» деп ойлады Карл. Ол бәрі бұдан оңайлау
болады деп ойлаған.
Бұл күні ол өзінің әдетке айналған дәстүрлі жаттығу
-
ларын өзін күштеп отырып жасады. Айнамен жасаған
жаттығуы сенімсіздеу шықты, ал бес жетістігін әрең іздеп
тапты.
Ең болмағанда денесін ширақ ұстау үшін, ол жүгіру
-
ге шықты. Алайда, саябақтағы тас баспалдақтан жүгіріп
өтем дегенде, су жапырақты басқан аяғы тайып кетіп,
бір-екі баспалдақ төмен сырғанай, құлап түсті. Тұруға
әрекет жасағанда, оң жақ аяғының тізесі солқылдап, қатты
ауырып кетті де, ол аяғын әзер басты. Оның инвестор
-
лардың алдында ойнайтын бір эпизодта жүгіретіні есіне
түсіп кетті. Ал көрсетілім он күннен кейін.
Жетпегені осы еді! Батылдықтың соңғы қалдығы
Достарыңызбен бөлісу: