Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет70/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Өзіңді кінәламастан «жоқ» деп айтып үйрен. 
Өзіңе ұнамайтын істермен айналысып жүру
-
ге өмірің жетпейді, өмір қысқа. Олардың көзін 
жой.


159
158
қалмайсың ба? 
– Иә, ол жағын шынында да ойламаппын. 
– Енді сен ұсынысты қабыл алдың және артынша 
бірнеше рольге ие болдың делік. Алайда қазір сен бас 
тартсаң, басқа роль болмайды. 
– Бұл менің үлкен қателігім болар еді онда. Өмірім
-
дегі зор мүмкіндікті жіберіп алар едім. 
– Солай десе де болады. Ментальдық алхимия осын
-
дай нәрселерді зерттейді: қорқынышыңды өз мүддеңе 
жұмса. Егер сен қорқыныштан қашар болсаң, ол тек 
ұлғая береді, ал өзіндік сана кішіре береді. Сондықтан 
қорқынышты одақтасың ет. Егер сен ұсынысты қабылда
-
масаң, қаншама қорқынышты нәрсе болатынын елестет.
Ол жағдайда не жоғалтатыныңды, жұрттың көңілін 
қалдыратыныңды, өзіңді құрметтеуден қалатыныңды 
әдемілеп суретте. Осы жағдайда қорқынышың саған 
шешім қабылдауға көмектеседі. 
– Алайда қорқыныш ешқайда кетіп қалмайды ғой, –
деп күмәнмен сұрады Карл.
– Әрине жоқ. Тек сен оны басқа – өз мүмкіндігіңді 
жіберіп алу және өміріңде барлығынан айырылу деген 
қорқынышпен алмастырасың. Бұл сенің бастапқы қорқы
-
нышыңнан да күштірек. 
Марк пиджагінің қалтасынан кішкентай карточка 
алды да, оны Карлға ұсынды:
– Ал, бұл саған. Мен қорыққан кезде өзім пайдала
-
намын. Ол менің бірнеше жағдайда құтқарған, саған 
да көмектесері даусыз. Бойыңды қорқыныш билегенде
осындағы сұрақтарға жауап бер.
Карл оқып шықты:
– Мен оны істемесем, ең қорқынышты қандай жағдай 
болуы мүмкін? 
– Ол менің өмірімнің соңы болуы мүмкін бе?
– Оның артының жаман жағдайға айналып кетпеуіне 
қалай жол бермеуге болады?
– Қайсысы жаман: мен оны істесем бе, әлде мүмкін
-
дікті жіберіп алсам ба?
– Мен оны жүзеге асыратын болсам, қандай жақсылық 
болар еді?
Сонан соң олар бірлесе отырып осы бес сұрақты 
талқылады. «Мен оны істемесем ең қорқынышты қандай 
жағдай болуы мүмкін?» 
– Мен қобалжып, мәтінді ұмытып қалуым мүмкін. 
Масқара болғанның көкесі сонда, – деді Карл. 
– Шын мәнінде неден қорқатыныңды түсініп алған 
маңызды. Сол кезде сен онымен күресе аласың. Қорқы
-
ныш белгісіз болған кезде қауіптірек, – деп түсіндірді 
Марк. – Енді «Ол менің өмірімнің соңы болуы мүмкін 
бе?» деген екінші сұрақты қарастырайық. 
– Жоқ, – деп күлді Карл, – ондайды басыңнан өткіз
-
геннің өзі жақсы емес қой. 
– Түсінікті. Жағымсыз жағдайдың қалай алдын 
аламыз? 
– Мұқият репетиция жасау керек. Бастысы – кездей
-
соқ жағдайларға дайын болу. 
– Дәл солай. Ал қайсысы жаман: сенің бәрін ұмытып 
масқара болғаның ба, әлде өміріңдегі басты мүмкіндікті 
жіберіп алғаның ба? 
– Мен түсінген сияқтымын. Егер мен оны жасама
-
сам, өмір бойы өкініп, өзімді жазғырып өтем.
– Тамаша. Ал егер ұсынысты қабылдасаң, ең керемет 
нәрсе не болмақ?
– «Оскар» аламын, – деп әзілдеді Карл. 
Марк күліп жіберді. Ол алдымен Карлдың сұрақтар 
мәнін түсінгеніне, екіншіден, қысқа уақыт ішінде Карл
-
ды мүмкіндікті жіберіп алу ұятқа қалғаннан әлдеқайда 
қорқынышты екеніне сендіргеніне қуанды. 
Марк сабырлы қалпында:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет