Сабақтың тақырыбы Дыбыстық әсерлер



бет1/3
Дата14.11.2019
өлшемі294,12 Kb.
#51788
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 АКТ 3 сынып 3Бөлім Дыбыстық әсерлер 2 нұсқа Сабақ жоспары
1 АКТ 3 сынып 3Бөлім Дыбыстық әсерлер 2 нұсқа Сабақ жоспары, 1 АКТ 3 сынып 3Бөлім Дыбыстық әсерлер 2 нұсқа Сабақ жоспары
Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.2А Компьютер және дыбыстар

Мектеп: 27 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Рахметова А.А.




Күні:

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП: 3 «А», «Ә»

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Дыбыстық әсерлер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;

  • компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

  • цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаттары

  • компьютер программасын дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату үшін қолданады;

  • компьютерлік программада файлдарды ашатын және сақтайтын командаларды қолданады;

  • дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату кезіңде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар...

  • цифрлық құрылғылармен жұмыс жасаған кезде негізгі қауіпсіздік ережелерін атайды;

  • файлдарды ашу және сақтау үшін компьютерлік программа қолданады;

  • компьютерлік программа арқылы дыбыстарды жазады, өңдейді және ойнатады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату программалардың жұмыс қағидаларын түсіндіреді;

  • дыбысық редактордың батырмаларын сипаттап береді.

Пәндік лексика және терминалогия:

Дыбысты жазу, дыбысты өңдеу, дыбысты ойнату, .



Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Дыбысты өңдеу үшін...

  • Дыбысты ойнату үшін ... қажет

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: Топтық / жұптық жұмыс кезінде жылы қарым-қатынасты дамыту.

Академиялық адалдық: академиялық адалдық қағидаларын құрметтеуден тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Өмір бойы оқу, оқушылар компьютерлік программамен жұмыс істеудің стандартты тәсілдерін қолданады

Пәнаралық байланыс

Оқушылар «Дүниетану» сабағында алған білімін пайдаланады. Оқушылар музыкалық әлемді «Музыка» пәннің дағдылары арқылы үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар программамен жұмыс істеу принциптерін түсінеді, программа мәзірін пайдалана алады. Программаны іске қосып жаба алады. Файл және бума туралы түсінігі бар.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
1-2 мин
3-7 мин

8-10 мин


11-12 мин

  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сәлемдесу»



Жай әуен қосып қою. Оқушылар бір-бірімен қазақша қол алып, әр елдің амандасуы арқылы амандасады. (CLIL технологиясы).

  1. Білімді жүйелеу

Кеспе қағазында белгіленген дыбыстық редактордың батырмаларын атаңыз. (Қосымша 1) Бір- бірін бағалау

Мәселе тудыру:

Тақтада сурет бейнеленген.



  • Көрсетілген суреттер ішінен дыбысты жазу, өңдеу және ойнатуға арналған программаны атаңыз?

(Қосымша1)

Оқушылар бейнеленген суреттерді талқылайды, талқылап болғаннан кейін өз пікірлерімен бөліседі.

Мұғалім дұрыс жауапты сызып тастау әдісімен көрсетеді


  1. Мақсатты тұжырымдау

  • Оқушыларға сабақтын тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критерийлерін тұжырымдауын ұсынады.

  • Дыбыстарды жазатың және өңдейтін арнайы программаны оқып үйренетіңіне назар аударады.

Презентация

1 слайд


Қосымша 1

Сабақтың ортасы
13-16 минут

17-20 минут

21-24 минут

25-27 минут


28-35 минут


  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

«Талқылау»

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:



  • Дыбыстық файлды өңдеу дегеніміз не?

  • Қалай ойлайсыз «Windows Media Player» программасыңда дыбысты өңдеуге болама?

Дыбыс эффектілерін пайдалану

AUDACITY дыбыстық редакторындағы аудио файлға түрлі қызықты әсерлерді қолдануға болады.

Барлық әсерлер «Әсерлер» (эффекты) мәзірінде көрсетілген.

Кез-келген әсерді қолдану үшін дыбыстық файлдың фрагментін (немесе бүкіл файлды) бөліп алып, «Әсерлер» мәзірінен қажетті команданы таңдаңыз.


  • «Тегіс әлсіреу» әсері.

Дыбыс деңгейін біртіндеп нөлге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Дыбыс файлының соңында қолданылады.

  • «Тегіс өсу» әсері.

Көлемді біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді. Көбінесе дыбыстық файлдың басында қолданылады.

  • Бір әннен екіншісіне біркелкі өту.

Екі әнді біріктіру өнері «Тегіс қабаттау» деп аталады. Басқаша айтқанда, бір әннің соңы екінші әннің басымен біріктіріледі.

  • «Нормалдау» әсері.

Бұл сүзгі жазылған сигнал деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.

  • «Айналым» әсері.

Фильтр сигналдың таңдалған бөлігін кері тәртіпте жазады.

Сергіту сәті

Мұғалім оқушылармен бірге орындайды.

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Практикалық тапсырмаларды орындамас бұрын мұғалім оқушыларға дыбысты жазу, өңдеу және ойнату үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін естеріне салады.



Практикалық жұмыс

Практикалық жұмысты орындамас бұрын, мұғалім оқушылармен бірге бағалау критерилерін есіне түсіріде. Тапсырма беру үшін мұғалім дескриптор тұжырымдау ұсынады.



Дескрипторлар:

1. дыбысты өңдеуге арналған компьютерлік программаны іске қосады;

2. дыбысты ойнату үшін белгілі бір файлды ашады;

3. арнайы әсерлер арқылы дыбысты өңдейді;

4. Файлды жаңа атаумен сақтайды.
1-тапсырма:

«Атамекен» атты файлды ашыңыз. Ең жуан дауыс жиілігін күшейту әсерін қолданыңыз. Бастапқы 15 секундта дыбыстың әсерін тегіс күшеюге (наростание), ал соңғы 15 секундта әлсіреуге (затухание) қойыңыз. Жаңа атаумен сақтаңыз. Аудио жолды мұғалімге ойнатыңыз. Әннің соңындағы дыбыссыз кеуектікті алып тастаңыз.

Оқушылар дифференциация ретінде өз дауысымен авторды әнге қосады.

2*-тапсырма: әннің авторы мен музыкасын жазған композиторды әннің соңында қосыңыз. Әсер(эффект) мәзір қолданып (удаление шума) шуды жою қолданыңыз

Оқушылар бір-бірінің жұмысын тыңдайды.

Бір-бірінің жұмысын бағалайды.


https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU



Сабақтың соңы

36-40 минут



Рефлексия

«Табыс ағашы»

Сабақтан алған әсерлерін табыс ағашына стикерлер арқылы жабыстырып қояды

Қызыл түс – 3 тен көп қателестім

Сары түс – 1-2 қатем бар

Жасыл түс – Барлығы оп-онай




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Қалыптастырушы бағалау екі түрді қамтиды (кесте түрінде және суреттер түрінде). Бірінші нұсқасы күрделі және қабілеті жоғары оқушыға ұсынылуы мүмкін. Бұл білімнің сапасын арттыруға көмектеседі.

Сұрақтарға жауап алу арқылы.

Басты тапсырманы орындаған кезде сұрақтар қолдану. Интербелсенді тақта. Оқушылардың нәтижесін/қабілетін тексеру үшін сұрақтар қолдану



Оқушылардың сабақта шаршағаның басу үшін сергіту сәтін ортағаға шақырып орындау.

1 Қосымша

Тапсырма:



Кеспе қағазында белгіленген дыбыстық редактордың батырмаларын атаңыз





1..........................................................................................

2........................................................................................

3........................................................................................

4........................................................................................

5........................................................................................

6........................................................................................




Жауабы





1 Жолдын басына өту

2 Ойнату

3 Дыбыс жазу

4.Тоқтата тұру (Үзінді)

5 Тоқтату

6 Жолдын соңына өту





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет