Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет67/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

153
152
– Далбаса! – деген Доггидің жан даусы шықты. Бұл 
дублердің басқаларды шатастырғаннан басқа ештеме 
қолынан келмейді. Сценарийді де дұрыс білмейді. Бәрін 
шатастырады. Маған сенсеңіздер болады, мен жақсы 
білемін. Бұл нағыз масқара болады. 
Карл өз құлағына өзі сенбеді. Ол Марк ескерткен 
шешуші сәттің туғанын сезді. «Не қазір, не ешқашан» 
деген ой басында жылт ете қалды. 
Ал Доггидің жеңілетін түрі жоқ:
– Мен әрине ырымшыл емеспін, алайда Карл бізге тек 
сәтсіздік әкеледі. Ол Рихардпен сөйлескелі бері Рихард 
ауырудан көз ашпады. Бұл кездейсоқ емес. 
Карл Доггидің сөздері кейбір адамдарға әсер етіп 
тұрғанын байқады. Түйсігіне сеніп, ол Доггидің қарсы 
алдына жетіп барды да, бар даусымен ақырды:
– Ей, оңбаған семіз шошқа! Сасық көртышқан! Тап 
қазір күліңді көкке ұшырам! Сен мен үшін ешкім емессің, 
сені ешкім де құтқара алмайды! 
Доггидің беті ызадан булығып, қып-қызыл болды. 
Ол Карлға қарай жүрді. Қазір төбелес басталып кететін 
сияқты. Алайда, Карл оны зілді дауыспен тоқтатты да:
Жап аузыңды, көртышқан! Сен не туралы айтып 
тұрғанымды жақсы білесің. Менің артымнан өсек 
таратқансың. Мен оны білмейді ғой деймісің? Сен бір 
нәрсені ұмытқан сияқтысың: бұл жерде босс менмін!
Сен мен рұқсат берген мерзімге ғана өмір сүресің. 
Айнала құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Тек 
шыбынның ызыңы естілердей. Барлығы демдерін іштері
-
не тартып тұрғандай. 
Осы кезде Карл байыпты дауыспен сөйлей бастады:
– Шамамен осылай ойнар едім. Доггиге рақмет 
көмектескеніне.
Барлығы ештеме түсінбей, бір-біріне қарады. Алай
-
да режиссер Антон қатты қол шапалақтады. Ол осынша
-
лықты риза болғанын көрсете бермейтін. 
Догги ештеме түсінбей жан-жағына жалтақтап тұр 
еді. 
– Тамаша! – деп айқайлап жіберді Антон. – Мен де 
дәл осылай елестеткенмін. Бұдан жақсы болуы мүмкін 
емес. Карл, сен бәрін керемет орындадың!
– Ол мені қорлады! Бұған дейін маған ешкім бұлай 
сөйлеген емес! – деп ақырды Догги. Түрі қып-қызыл боп, 
самайындағы тамырлары одырайып шығып кетіпті. 
– Сіз әлі түсінген жоқсыз ба? Карл жаңа ғана 
фильмнен үзінді орындап берді. Айтып тұрмын ғой,
керемет! – деді күліп Антон. 
Осы кезде Густаво, оның артынан қалғандары да 
қол соға бастады. Әлдекім осы көріністі сценарийден 
қолы дірілдеп іздеп жатты. Бәрі дұрыс: Карл кіндік әке 
көмекшісіне сатқындығы үшін ұрысып жатқан эпизодты 
ойнаған екен. Бәрі қарқылдап күліп жіберді. 
Кейінірек киностудия басшылығы Густавоның 
ұсынысын қабыл алды, олар басқа актерлер қатысатын 
көріністерді түсіре бастады. Карл кадрдан тыс Рихардтың 
ролін ойнауы керек болды. Алайда, Густаво керек болып 
қалар деп Карлды түсіріп алды.
Түсірілім екі аптаға созылды. Бұдан Карл керемет 
ләззат алды. Ол бұрынғыдан да көбірек реппетиция 
жасай бастады. Сондай-ақ таңғы дәстүрлерін де ұмытқан 
жоқ. Ол күн сайын Марктен хабарлама алып тұрды. Бір 
күні ол былай деп жазыпты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет