171 170 деді Анна.
«Тотықұс жалғыздан жалғыз торда отырғанда, көзі
айнаға түсіп кетіпті. Айнадағы бейнеден қауіптенген ол
оны қуып жіберу үшін оған тарпа бас салады. Айнаның
ар жағындағы бейне де ызалы болса керек. Тотықұс айна
-
дағы бейнеге шабуылдаған сайын ар жағындағы бейне де
агрессивті болып көрінеді оған. Осылайша ол өзімен-өзі
күресіп жатқанын білмей, шайқаса береді».
Сонан кейін Анна:
– Менің ойымша, бұл сен үшін жақсы мысал. Ол саған
жақсылық ойлап тұрған жоқ. Оны босат, – деп қайталады.
Оның дұрыс айтып тұрғанын сезінгенімен, Карл
одан жеңілдеген жоқ.
Келесі күндері Карл басқа актерлердің қолдауына
сүйенді. Ол тізесінің ауырғанына қарамастан, репети
-
ция жасады. Ал жүгіретін эпизодқа келгенде, ол бірдеме
ойлап табармын деп үміттенді.
Догги бар мүмкіндігін пайдаланып, мұның артынан
өсек таратуды тоқтатқан жоқ. Бұл кішкентай сақалды
пәленің ойлау қабілетіне таңқалмау мүмкін емес еді.
Жататығулардың бірінде ол сүрініп қалғандай болып
Карлдан ұстай алды да, бетіне түшкіріп жіберді және
менмендікпен:
– Ой, кешір. Маған қатты суық тиіп қалды. Саған
жұқпайтын шығар, қазір грипптің зиянды түрі жүрсе
керек, – деді. Және кетіп бара жатып, ызалы дауыспен:
– Тап солай болғалы тұр. Сенде де бар бұл вирус. Мен
ол вирустың сенің барлық денеңді жайлап бара жатқанын
көріп тұрмын. Бр-р-р, – деді.
Үш күннен кейін Карл өзін жайсыз сезініп, денесін
әлсіздік басып тұрғанын сезінді. Догги шынымен де
оған жұқтырған сияқты. Масқарасы да сол, оның даусы
шықпай, қырылдап қалды. Карл қолдан келгеннің бәрін
жасады, тұмау мен буындағы ауырулары кеткенмен,
тамағы ашылар емес.
Іштей Карл жеңіліске дайын болды. Дауыссыз
көрсетілім болмайтын еді. Ол не істерін білмей дал
болды, достарының көмегімен енді аяғына тұрғанда,
тағы бір пәлеге ұрынды.
Марк өзінің фониатр дәрігері Свеяға баруға кеңес
берді. Онымен кездесуді келісіп қоятынын айтты, өйткені
Свеяға бір апта бұрын жазылу керек екен.
Свея Карлға бірден ұнады. Ол оған сыбырлап
отырып, өзінің басты роль ойнағысы келетіні тура
-
лы, оны мұрагерліктен айырған әкесі туралы, оған ауру
жіберген Догги туралы айтып берді.
– Сөздің құдіреті шексіз, – деп жымиды Свея. – Сенің
жауың Догги немесе әкең емес, сен – өзің. Саған біреудің
айтқан сөзінің маңызы жоқ. Одан кейін өзіңе не айтасың,
осы маңызды.
– Ойпырмай-ә, мен сонда вирусты өзіме өзім жұқтыр-
дым ба – деп қарсыласты Карл.
– Біз өзімізге ауыруды сөзбен жұқтырамыз. Менталь
-
дық вирустармен. – Свеяны шатастыру мүмкін емес еді.
– Сен Марктің егізі болар едің, – деп сыбырлады
Карл. – Енді не істеймін? Мұндай дауыспен мен ойнай
алмаймын. Небары екі күн ғана уақыт қалды.
– Мұндай жағдайды мен жиі ұшырастырамын.
Маңызды жағдайдың алдында дауыс жоғалтатын адамдар
бар, сен жалғыз емессің. Сен мұндай жағдайға тап болған
көптеген атақты адамдардың барын білсең ғой. Мен олар
-
дың бәріне көмектестім. Қарсыласпайтын болсаң, саған
да көмектесемін.
– Менің даусым мүлде шықпайды...
– Дауыс көңіл-күймен тығыз байланысты. Дауыстан
эмоционалдық күйді анықтайтынымыз бекер емес қой.