161 160 – Бұл оқиға әйтеуір бір аяқталады. Бастысы, бұған
дейін не істейтініңде. Бұл жердегі негізгі сөз – «істеу».
Мақсатыңа тек әрекетің алып барады. Қорқынышың сен
әрекетсіз жатқанда күштірек. Өзің де сезінесің: бір іспен
айналысқанда сенімің де арта түседі.
Былай жаса: Жетістіктер күнделігіңдегі жазбаларың
-
ды көбірек оқы. Жетістігің көп болған сайын өзіңді жақсы
сезінесің. Ал көңіл-күйің көтерілген сайын жетістік
-
теріңнің де мәні арта түседі. Сонан соң олардың ішінен
маңызды он жетістігіңді іріктеп ал.
Карл уәде берді. Дегенмен оны тағы бір сұрақ маза
-
лап тұрған еді.
– Бұл жеткіліксіз болса ше? Тағы тұйыққа тірелсем не
істеймін? – деді ол.
– Онда бір ғажайып болады, – деп жауап берді Марк.
Карл досына таңқала қарады да:
– Мен ғажайыпқа сенуім керек пе? Олай деп айтуға
қалай дәтің барды?
– Бұл шындық. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жаса
-
сақ та жеңе алмайтын кедергіге тап болсақ, берілмеуіміз
керек, сол кезде ғажайып орын алады. Бұл үнемі осылай
болады.
– Сен маған таңғажайыпқа «сен» деп тұрсың ба?
Бұл менің қолымнан келе қоймас.
– Жоқ, мен таңғажайып деп өзіміз түсіне бермейтін
жағдайларды айтып тұрмын. Біз болып жатқан жағдай
-
ларға негіз болатын табиғат заңдарын жеткілікті білмей
-
міз. Оларды білмегендіктен де, таңғажайып деп атаймыз.
Сен ментальдық фитнеспен айналысып, өзіндік санаңды
көтерген кезде ғажайып күйге түсесің. Сен ғажайыпқа
лайық екеніңді сезінесің, ал бұл сенім саған күш береді.
Маған сен – ғажайып үнемі болып тұрады.
– Сен де таңғажайып жағдайларды басыңнан
кешірдің бе?
– Иә, – деп ойлана жауап берді Марк. – Көп жылдар
бұрын маған бір егде әйел көмектескен еді. Таңданар
-
лық болып көрінуі мүмкін, бірақ ол өмірде жоқ адам.
Дегенмен, қажет болған кезде ол кенеттен пайда бола
кеткен.