Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет79/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

179
178
Таңертең ол айна алдындағы жаттығуды толық 
сенімділікпен орындады. «Мен сені жақсы көрем, Карл. 
Сен керемет актерсің. Сен махаббатқа лайықсың. Сен 
өзің ойлағаннан да мықтысың. Сен ең жақсы болам деп 
шештің, бұл тамаша. Өйткені сен дарындысың, енді оны 
бүкіл әлемге паш ететін уақыт жетті». 
Табыс күнделігін де ол бүгін қуана толтырды. Оған 
жазатын нәрселері көп еді. 
Карл Маркпен бірге таңғы ас ішемін деп уәделесті. 
Достық сәлемін алғаннан кейін Карл Маркке кешегі 
дағдарысы туралы айтып берді. Өзінің есебін ол мынада
-
дай сөздермен аяқтады:
– Мен бәріне күмәндандым, тіпті Аннаға да, саған да, 
соңында ештеңе қолымнан келмейді деп шештім. 
Марк түсінгендей күлімсіреп қарады да:
– Оны бәріміз басымыздан өткергенбіз. Мен беріл
-
гісі келмей, бірден күресіп кеткен бірде бір ұлы адамды 
білмеймін. Маңыздысы біздің мойындауымызда. Көп 
адам махаббаттан, ләззаттан бас тартып, өз таңдауын 
жасап жатады. Олар қорқыныштарының жетегінде кетеді. 
Сондықтан да адамдардың көпшілігі: «Менің қолым
-
нан келе ме?», «Мен лайықтымын ба?», «Мен кіммін?» 
деген үш сұраққа жауап бере алмайды. Мен саған бір 
сұрақ қояйыншы: кеше бәрінен бас тартқан болсаң, бүгін 
бақытты болар ма едің? – деді Марк.
– Әрине, жоқ. Мүмкін мен өзіме еркінірек бол деп 
айтар ма едім. Тек өзімді мақтан тұтып, бақытты бола 
алмасым анық еді. Және өзімді жақсы көрмес едім. Тіпті 
жек көріп кетер едім, – деді Карл. 
– Сондықтан да ең басында мен саған айтпап па едім, 
табысты да бақыты өмірге өзіңе сенімді болғанда ғана 
жетесің деп. 
– Есімде. Ол кезде сен асыра сілтеп отыр деп
ойлағанмын. 
Марк өзінің жас досына сабырлы қалыпта қарады да.
Егер сен берілгеніңде, сен өтірікші болар едің.
– Бұл енді тіпті артық. 
– Жоқ. Сен маған және Михаэльге берілмеймін деп 
уәде бергенсің. Өтірікші ғана өз уәдесін орындамайды.
Карл ойланып қалды. 
– Мен уәдені жеңіл-желпі бере салған жоқпын. Бірақ 
«өтірікші» дегенің тым қатты айтылған сияқты. 
– Маңызды сұрақ: онда неге уәде бердің? Сол кезде 
саған жетпей тұрған күшке ие болу үшін бердің. Күш 
жинаған соң, сен белгілі бір жолды жүріп өттің. Ол жол 
болса кеше сені дағдарысқа алып келді. Уәдең «Былай 
қарай қозғал» деп көрсетіп тұрған жол белгісі сияқты еді. 
Бәрімізге осындай нұсқау қажет. Қиын сәт туындағанда 
сен күшіңді жинап алдың. 
Айтпақшы, өтірік туралы айтар болсақ, көп адам «бұл 
қолымнан келмейді» дегенде өтірік айтады. 
– Білмеймін. Бұл сәтте олар шын айтып тұрмын деп 
ойлайды ғой. Мен де кеше солай ойлағанмын. 
– Алайда бұл шындық емес, өтірік. Оң қолыңды 
мейілінше жоғары созшы, – Карл оның өтінішін орын
-
дады. – Өте жақсы. Енді тағы үш пайыз жоғары көтеруге 
тырыс. 
Карл бұл жаттығуды да орындады. 
– Енді тағы бір пайызға жоғары көтер. – Карл тағы 
орындады. 
– Ғылыми зерттеулер керемет нәрселерді дәлелдеп 
берді: адам өз мүмкіндін тек қырық пайызға ғана пайда
-
ланады екен. Олар өздерінің нәтижелерін екі есе немесе 
одан да көп есе өсіре алатындарын білмейді, – деді Марк. 
– Алайда мен қырық пайыздан асырып көтердім ғой 
қолымды. Жарайды мен оны тағы бір-екі пайызға артық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет