Қолымнан келеді бодо шефер менің


Сен күшті болам деген жалғыз таңдауды таңдап



Pdf көрінісі
бет81/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Сен күшті болам деген жалғыз таңдауды таңдап 
алмайынша, қандай күшке ие екеніңді ешқашан 
біле алмайсың.


183
182
айтқанда, сен өзіңді өз ойың арқылы жаттықтырасың. 
Өзіңді де, өзге адамдарды да өзіңмен қарым-қатынас 
жасауға үйретесің: егер өзің туралы жаман ойласаң, жұрт 
та саған сондай қарым-қатынас жасайды. 
Дон Хосенің де осыған ұқсас пікір айтқаны Карлдың 
есіне түсті. Ол оның сөздерін ойша қайталап шықты: 
«Егер сен өзіңді жақсы көріп, құрметтесең, басқалардың 
өзіңе дөрекі қарым-қатынас жасағанына жол бермейсің». 
– Тап солай, – деп растады Марк. – Ал өзіңді жақсы 
білсең ғана өзіңді жақсы көре аласың. 
Карл өзінің түсі туралы ұзақ ойланып тұрды да: 
– Мен түсінген сияқтымын. Мен қошқыл түсті ағаш 
та, ақшыл түсті ағаш та бола аламын. Менің келісімімсіз 
мені ешкім басқара алмайды. Ақшыл түсті ағашқа құлақ 
түрген сайын, сол ағашқа айнала берем, – деді. 
– Өте жақсы, – деп мақтап қойды оны Марк. – Деген
-
мен, тағы бір нәрсені білгенің жөн: көрген түстерің де
қарапайым және саналы болып бөлінеді. 
– Саналы түрде түс көру дегеніміз не? – деп сұрады 
Карл. 
– Сен түс көріп жатқаныңды түсініп жатасың. Олай 
болса сен түстің мазмұнына әсер ете аласың. 
– Сонда түсімде не болатынын өзім шеше аламын деп 
айтқың келіп тұр ма? Мұндай ой бұрын басыма келмепті. 
– Ал сен қолданып көр. Уәде бере алмаймын, бірақ 
сен бұл жерде де мүмкіндігіңнен тыс нәселерге қолжет
-
кізуің мүмкін. Келесі жолы түс көргенде оны өзгертуге 
тырысып көр. 
Карл тағы таңқалмасқа шарасы болмады. Өмірде 
не болмайды десеңші! Түсті өзгерту деген... бұрында
-
ры мұндайды естімепті. Ол Маркке таңдана қарады.
Не деген ақылды адам мынау! 
Қоштаспас бұрын Марк:
– Соңғы айларда сен көп нәрсеге қол жеткіздің. 
Оған өз құрметімді білдіремін. Сенің әрекеттеріңе қарап 
отырып, қажет болғанда сен ашық түсті ағашқа көбірек 
құлақ түрдің деген қорытындыға келуге әбден болады. 
Көп адам ештеңеге әрекеттенбей, ғажайыпты күтіп жүре 
береді. Бірақ өзін тәрбиелеп жүрген адам өзі ғажайып 
екенін ұғынуы керек. Үш күннен кейін сенің көрсетілімің 
болмақшы. Репетиция жасап тұрғандай ойна, өзіңді еркін 
ұста. Сонда ашық түсті ағашқа айналасың. 
Карл оның әрбір сөзін мұқият тыңдап, бойына 
сіңіріп тұр еді. Кенет өзінің ештемеден қорықпайтынын, 
осы сәтті асыға күтіп тұрғанын сезінді. Ол Маркке өзінің 
ашқан жаңалығын айтып берді. 
– Біз: Анна, Михаэль және мен, тіпті дон Хосе де – 
бәріміз сенің көрсетіліміңді қуана тамашалаймыз. Дон 
Хосе қазір Европада саяхаттап жүр екен, – деді Марк. 
– Бәрі жақсы болады, – деді Карл өзінің сенімділігіне 
таңдана. Осыған өзі қуанып та тұр еді. Қоштасар кезде 
Марк оны мейіріммен құшақтады. 
Бірнеше минуттан кейін Карлдың ұялы телефонына 
хабарлама келді. Бұл жолы Мартин Лютер Кингтің дана
-
лық сөздері екен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет