Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет77/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

175
174
көздері жасқа толып кетті. Аннаның мұндай күйін Карл 
бұрын көрмеген еді. Ойын жинақтау үшін оған біраз 
уақыт қажет болды. 
– Сенің сөздерің менің жанымды ауыртып тұр. Сен 
проблемаңды мен арқылы үлкейтіп көрсеткің келіп тұрға
-
нын түсініп отырмын. Мені ренжіткің келмегенін де 
біліп отырмын, өйткені мен саған тек жақсылық тілеймін. 
Және мен сені шын мәнінде жақсы көремін. Сондықтан 
мені итермегенің дұрыс, – деді Анна. 
Карл үндемеді. Аннаның дауысы миында жаңғырып 
естіліп тұрды. Ол жай сөйлегенімен, әрбір сөзі зілді еді. 
Карл айтылған сөздерді ой елегінен өткізуі керек болды. 
Ол жай ғана:
– Анна, сен дұрыс айтасың. Мен сені ренжіткім 
келген жоқ. Мен ақымақпын, сенің бұған қатысың жоқ. 
Мен өзімдегі проблеманы шешіп алуым қажет. Маған 
ойлану керек сияқты. Таза ауаға барып серуендеп
қайтайын, – деді. 
Бәрі жақсы, – деді Анна. 
Карл түнгі көшемен келе жатты. Ол: «бәрі жақсы» деді 
ме? Тап осылай деді ме? Қалай жақсы көретінімді білсе 
ғой! Ол Аннаға деген махаббатын ойлады. Бұл ештеме
-
мен салыстыруға келмейтін сезім еді: ол жан-жағы жарқы
-
рап кеткендей сезінді, оның мейірім мен жылылыққа 
толы дауысын естіді. 
Қорқыныш сейіле бастады, онымен бірге торыққан 
көңіл де жоқ болғандай. «Бәрі жақсы болатынын» енді 
оның өзі де сезіп келе жатқан еді. 
Кенет оның ойлары айқындала бастады: «Шынын
-
да да бәрі жақсы емес пе!». Былай қарағанда ешқандай 
проблема болған да жоқ. Кейбір жағдайларға жағымсыз 
бояу жағып проблема қылып қойған өзі ғой. Барлығы
-
ның басын ашып алу керек, сонда бәрі жақсы болады. 
Егер салмақтап қарайтын болса, оған өміріндегі ең 
үлкен мүмкіндік беріліп тұр. Иә, оның тізесі жаралы, 
дауысы әлі әлсіз. Бірақ бәрін шешуге болады ғой! Пробле
-
маның бәрі мұның басында. Бәрі жақсы!
Мұндай айқын ойлардың қайдан келгенін өзі де 
білмеді. Карл өзінің тұңғиыққа түсіп кеткенін, ал төмен
-
де тұрып өзінің таңдауы бар екенін анық түсінді. 
Ең төменгі нүктеде тұрып, өзінің таңдауы бар екенін 
түсінген адам –жоғары қадам басқан адам. Иә, Марк қиын 
болады деп ескертпеп пе еді? Карл күліп қойды. 
Бұған дейінгі болғандардың бәрі дайындық болды. 
Енді бұған ең бастысы – өзінің таңдауын жасауы қажет. 
Ол өзінің кім екенін: қиындыққа беріле салатын адам ба, 
әлде уәдеде тұратын адам ба – шешу қажеттігі туындады. 
Қатардағы адам ба, әлде жоғары санаттағы адам ба? 
Ол кекесінмен күлді: «Айтары жоқ, керемет сұрақтар. 
МЕН МАХАББАТҚА ЛАЙЫҚПЫН БА? Арма
-
нымдағы әйелге лайықтымын ба? Ол үшін жақсы болу 
үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын ба?»
Шынында да бәрі осы үш сұраққа тіреліп тұрғандай. 
МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕ МЕ? Теория жүзінде 
бәрі оңай сияқты көрінген. Ол жаңашылдыққа қызыққа
-
нымен, түпкі мәнін түсінбеген екен. Енді оған: не тап 
қазіргі сәттен бастап күшім жетпейтінін мойындаймын, 
не қолымнан келетінін мойындаймын деген шешім 
қабылдау қажет. 
Егер қазір берілмесе, онда жоғары кетеді. Тек шешім 
қабылдау керек ... Кенет Карлдың басына: «тіпті шешім 
қабылдаудың да қажеті жоқ» деген ой сарт ете қалды.
Ол шешім қабылдап қойған еді, тек оны өзі түсінбеген 
екен. Қорқыныш ақылын бұғаулап тастапты. Енді бәрі 
түсінікті. 
Ол бәрін ұқты. Ол қараңғы саябақта даусын шыға
-
рып: «Мен ешқашан берілмеймін. Мен сөзімде тұра
-
мын. Мен махаббат жолымен жүремін, өйткені мен оған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет