181 180 көтердім дейік, сонда да ол жүз пайыз емес қой. Бұлай
жасау мүмкін емес.
– Сенімдісің бе? Сен орындықтың не үстелдің
үстіне шығуыңа болушы еді ғой. Не бір қабат жоғары
көтерілуіңе болушы еді. Егер ойлансаң тағы да жолдарын
табуға болар еді. Алайда сен олай жасамадың, өйткені сен
«мен жүз пайыз орындадым» деп ойладың.
– Мұның мәні неде? – деп сұрады Карл.
– «Мұны жасай алмаймын» немесе «қолымнан
келмейді» деп ешқашан айтпа. Ол жағдайда сен басты
назарды проблемаңа аударасың. Одан да: «Мұны қалай
-
ша істеуге болады?» деп сұра өзіңнен. Осы кезде сенің
миың оның шешімін табу жолдарын қарастыра бастайды,
саған көптеген мүмкіндіктер келе бастайды.
Карл бірнеше секунд үнсіз қалды да, былай деп
сұрады:
– Мен оның қолымнан келетінін білмей жатып, уәде
бергенім ақылға сыйымды ма?
– Әрине. Берген уәдең арқылы сен белгілі бір жолды
жүріп өттің ғой. Сенде бір ғана таңдау болды: не өтірікші
болу, не уәдеде тұру. Мен саған WhatsApp-қа тағы бір
даналық ой жіберейін.
Карл Марктің осы әдетіне риза болып күліп қойды.
Және сондай-ақ, ол даналық ойлардың бұған тигізер
пайдасы зор екенін де мойындап қойды.
Осы кезде даяшы Карл мен Маркке таңғы астарын
әкеліп берді. Олар астарын рахаттана жей бастады.
Таңғы астан кейін Карл Маркке өзінің түсі туралы
айтып берді. Ол оны барынша анық суреттеп берді де,
түсінің не мағына беретінін түсінгісі келетінін жеткізді.
Марк Карлды мұқият тыңдады да біраз уақыттан
кейін:
– Бұл түстің мәнін өзің айтып бердің деп ойлаймын.
Қошқыл түсті ағаш сені өзінің уымен улағысы келеді.
Алайда ол саған зиянын тигізе алмайды, тек сен өзің
өзіңе зиян жасағанға итермелейді.
Карл ойлана басын изеді. Оның бүгінгі күлгін
күнделігіндегі жазба есіне түсті де, оны Маркке оқып
берді:
«Нағыз проблема ол біздің проблеманы сырт жақтан іздеуімізде». – Өте жақсы айтылған, – деп мақтады Марк.
– Мұны мен жазған жоқпын ...
– Түсінікті, – деп күліп жіберді Марк. – Меніңше
сенің түсің саған маңызды шындықты айтқысы келіп
тұрған сияқты: ешкім саған билік жүргізе алмайды, әсіре
-
се сен кім екеніңді білгенде, ол тіпті де мүмкін емес.
Карл Марктің кідіре тұруын өтінді де, дәптеріне
жазып қойды:
Менің кім екенім өзіме түсінікті болса, маған бір де бір адам
билік жүргізе алмайды.
Марк жалғастырды:
– Сен өзіңнің қоңырқай түсті ағаш па, әлде ашық түсті
ағаш па, яғни, кім болатыныңды шешуің керек. Және сені
қорқыныш пен күмән билегенін қалайсың ба, әлде махаб
-
бат пен ләззат билегенін қалайсың ба, өзің үшін анықтап
алуың қажет.
Өзіндік сананың мәні өз жолыңды таңдай білуің
-
де. Бәрі ойдан басталады. Сен қаласаң да, қаламасаң да,
көңіліңде кім болғың келеді – сол боласың. Былайша