Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет100/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

225
224
Мен бұл кітапты не үшін жаздым? 
Ары қарай не болмақ?
Сіз Карлдың басынан кешкенін бір кездері мен де 
басымнан өткергенімді түсінген боларсыз. Мен актер 
емеспін, алайда кітапта айтылған ой бәрімізге қатысты.
Мен де өзіндік санасыз туылдым, ол қасиетті өзім қалып
-
тастыруыма тура келді. Карлдың өмір жолын оқып 
отырып, өз өмірің туралы да көп жайтты аңғарасың. 
26 жасымда мен тақырға отырдым. Менің тек үлкен 
қарыздарым ғана емес, ол кезде артық салмағым болды, 
ерік-жігерім, мотвациям, өмірге деген құлшынысым 
мүлде жоқ еді. Бастысы – мұндай жағдайда қалай әрекет 
етуді мүлде білмедім. Мен әлсіз болдым. 
Ол кезде мен студент болатынмын, сақтандыру 
полистерін сатып ақша табатын едім. Мен ерте үйлендім, 
көрпеме қарай көсілмей, қарызға баттым. Сақтандыру 
агентінің жалақысы мен үшін аса маңызды еді. Маған 
ақша аса қажет болды. 
Бір күні мен жақсы келісімшарт жасадым да, үсті
-
нен жақсы ақша түсіремін деп ойладым. Алайда клиент 
келісімшартты бұзды. Мен ерік-жігерден айырылдым, 
қол-аяғым сал болып қалғандай әсерде болдым. Мен 
тапқан ақшамды қалай жұмсауды да жоспарлап қойған 
едім, сондықтан орны толмас шарасыздықты сезіндім. 
Ештеңеге қолым бармады. 
Осы кезде маған күш пен мотивация керек еді. Ең 
болмағанда телефонды қолыма алып, жаңа кездесу тура
-
лы келіссөздер жүргізуге болушы еді ғой. Тек осылайша 
ақша табуыма болар еді. Алайда менің күшім сарқылды, 
әлсіз болдым және бәрінен түңілдім. Осы көніл-күйде үш 
күн жүрдім, үш күн ештеңе істей алмадым. Өз-өзімді аяп, 
ештеңеге қабілетсізбін, ештеңе қолымнан келмейді деген 
қорытындыға келдім. Жетістікке жетпеймін деп ойладым. 
Бақытыма орай ол кезде өзімнің «Маркімді» тапқан 
болатынмын, ол менің коучім Питер болатын. Мен оған 
телефон соқтым да, басымнан өткенді айтып бердім.
– Менің күшім қалмады, – дедім мен. 
– Сенің күшің жетеді. Тек сен өзіңді әлсіз сезініп 
тұрсың, – деді ол.
– Алайда бұл бір нәрсе емес пе?
– Мүлде жоқ. Айырмашылығы үлкен. Өзіңнің 
сезіміңді шындықпен шатастырма. Сезім өзгеріп тұрады. 
Ол кезде мен оның не айтып тұрғанын түсінгем жоқ. 
Дегенмен үш күннен кейін өзімді жақсы сезіндім де, жаңа 
кездесулер ұйымдастыра бастадым. Ол туралы Питерге 
айтқанымда, ол:
– Көрдің бе, сенің күшің бар екен, – деді.
– Иә, мен өзімді жақсы сезініп тұрмын, – дедім мен. 
Осы кезде мені басымнан біреу ұрып жібергендей 
болды. Кенет коуч дұрыс айтқанын түсіндім: мен әлсіз 
емес едім, мен өзімді әлсіз сезініппін. 
Біраз үнсіздіктен кейін Питер:
– Саған эмоцияларыңды басқарып үйрену керек. 
Егер бұл қолыңнан келсе, сенде қалағаныңша энергия 
болады. Саған күш те, мотивация да жететін болады. 
Мәселе тек эмоцияда, – деді. 
Сол кезден бастап мен энергия мен эмоцияны байла
-
ныстырған емеспін, дегенмен коучімнің кеңесі бойынша 
эмоцияларымды танып, оларды басқаруды үйрендім. 
Мен өзімнің сәтсіздіктерімнен туындаған дағдарыс 
уақыттарын қысқартып үйрендім. Бұрындары өзімді үш 
күн бойы қирағандай сезінсем, енді бұл уақыт жарты 
күнге, сосын үш сағатқа, жарты сағатқа қысқара түсті. 
Соңында мен өз сәтсіздіктерімді үш минуттан кейін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет