Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет96/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

217
216
үшін сенің ойларың жүзеге асады. 
Карл құптап басын изеді де:
– Есіңде ме, сен басында менен өзіңе ұнайсың ба 
және өзіңді мақтан тұтасың ба деп сұраған едің. Сол кезде 
бұл сұрақтар менің ашуыма тиген еді. Дегенмен бүгін 
мен: «Иә, мен өзіме ұнаймын және мақтан тұтамын» деп 
барынша сеніммен айта аламын. 
Марк күлімсіреп, шын жүректен оны құттықтады.
– Ал сен өзіңе ұнайсың ба? – деп сұрады Карл өзінің 
тәжірибелі досынан. 
– Әрине. Мен өзіндік сана саласындағы әлем мойын
-
даған сарапшы емеспін бе, – деп күлді Марк. 
– Өзіңнің көптеген дарынды қабілеттеріңнің ішінен 
қайсысын мақтан тұтасың? 
– Егер адамдар маған кездеспегенде, ешқашан жасай 
алмайтын нәрселерді жасауға итермелейтін қасиетім бар 
менің. 
– Дәл солай, ондай қасиетің бар. Дегенмен, сен өзіңді 
«әлем мойындаған сарапшы» деп таныстырғанда, сені 
өзімшіл біреу ме деп ойлап қалғанмын. 
– Өзімшілдік өзіндік санасы дамымаған адамдар
-
да болады. Менмендіктің артында қорқыныш жатыр. 
Менмендік өзіндік сананың қарама-қарсы жағы. Мен 
мынадай маңызды нәрселерді ұқтым:
Адамдарға иіліп көмек көрсету қиын болмас үшін, 
тым асқақтап кетпе. 
Өзіңді үйреткен адамды ұмытатындай ақылды 
болып кетпе.
Жеңілістің не екенін ұмытып қалатындай ұлы
жеңістерге ұмтылма. 
Карл өзіне ұнаған бұл сөздерді дәптеріне жазып алды. 
Ол да өзімшілдікке берілмей өзіндік санасын көтергісі 
келді. 
Келесі айлар Карл мен Анна үшін зулап өтіп жатты. 
Олар бір-бірінен ләззат алып, отбасылық өмірлерін кешіп 
жатты. 
Бұрынғыдай олар дәстүрге айналған жоралғыларын 
жасап, оның нәтижесін де көріп жатты. Карл өз мінезін
-
дегі сабырлылықты байқады, енді оны ешкім оңайлықпен 
ашуландыра алмас еді. Карл бұрынғыдай сезімтал бола
-
тын, сондай-ақ кейде оның бойын қорқыныш билейтіні 
де рас еді. Алайда онымен бірге өз-өзіне деген сенімділік 
те артып келе жатқан болатын. Карлдың өз өмірін басқара 
бастағанына көзі жете бастады. 
Және ол жалғыз емес еді. Оның қасында кере
-
мет жары және досы Марк бар болатын. Бұл сезім оған 
тыныштық сыйлады.
Анна мен Карл үйленді. Олар өздері армандаған 
теңіз жағалауына саяхатқа кетті. Тілектері бір жерден 
шыққанына одан сайын қуанды. 
Саяхаттары керемет болды. Олар бір-бірін шексіз 
махаббатқа бөледі. 
Бір күні романтикалық кеште Карл:
– Бәрі керемет. Менің өмірім сенімен түрлене түсті. 
Басқа не тілеуге болатынын тіпті білмеймін де, – деді. 
– Иә, бәрі керемет, – деді Анна оған үзіле қарап. 
Карл оның жүзінен бір айтылмаған ойды ұқты. 
Бірақ Анна үнсіз қалды. Карл оған құрметпен қарады 
да сұрақтың астына алмады. Әйтсе де, оның ойынан: 
«өмірімізді түрлендіре түсу үшін тағы не істеуге болады?»
деген сұрақ кетпей қойды. Ол көп ойланса да, ешқандай 
жауап келмеді басына. Келесі күні жағалауда отырғанда, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет