Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет21/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Күн сайын ойлап жүрген арманыңнан ешқа
-
шан бас тартпа. Бұл жүрегіңнің қалауы. Жүрегіңе 
адал бол, арманыңды жоғалтып алма. Жемісін 
жейтін боласың.


53
52
басқа уақытта сөйлесейік деп ұсыныс тастады. Мүмкін 
кешкі ас ішіп отырып. 
Карлдың сенімділігі тағы да желмен ұшқандай жоқ 
болды. Көзін жерден алмаған күйінде:
– Мұны жақсы идея деп ойламаймын, – деп
міңгірледі. 
Үйіне келгесін, Карл өзін сыбап алды: «Жақсы идея 
емес? Мисыз есек. Бұл өміріңдегі ең тамаша идея еді ғой. 
Сен болсаң бәрін бүлдірдің». 
Осы кезде ұялы телефоны шырылдады. Бұл Марк еді.
– Қоңырауды кеш шалғаныма кешірім сұраймын. 
Ертең бірнеше қызметкеріммен Мексикаға ұшқалы 
жатыр едім, ол жерде бірнеше интервью беремін. Оны 
түсіріп алу керек. Ал менің түсіру тобымдағы бір адамым 
ауырып қалыпты. Анна сені жарық түсіру жұмысында 
хабарың бар деді. Сенің уақытың бар ма, маған көмек
-
тесуге қалай қарайсың? Әрине мен жақсы төлеймін. 
Мексика да керемет ел. Төрт күннен кейін қайтамыз.
Карл таңқалды. Дегенмен ойланып тұратын уақыт 
жоқ еді. Киностудияға ол бес күннен кейін баруы керек 
болатын. Мексикада ол бірде бір рет болмапты. Ол қуана 
келісім берді. 
– Тамаша, – деді Марк. – мен өте қуаныштымын, Анна 
да. Айтпақшы ол да бізбен бірге ұшады. 
Осы ақпарат та жеткілікті еді. Карл бүгін ұйықтай 
алмасын сезді. Қызыл свитердегі кемпір бүгін мазасын 
алмайтын сияқты. 
МЕКСИКА
3
Сағат түнгі үш. Карл жазу
үстелінде отыр. Оның алдында ол 
ары-бері дөңбекшіп, ұйықтай алма
-
ды. Аннаны ойынан шығара алмаған 
Карл іспен айналысқанды жөн көрді: 
үш сұрақты пирамидаға салғысы келді 
және оған Аннаның ескертулерін де қосты. Сонымен 
қатар оның қазіргі жағдайға қалай көмектесетінін 
байқағысы келді. Ол бұрын да қандай да бір ұғымды өз 
сөзімен түсіндірген жеңіл екенін байқайтын. Ол пира
-
миданың суреті бар Аннаның карточкасын қолына алды, 
өз жазбаларын оқыды, кемпірдің сөздерін есіне түсірді, 
сонан соң күлгін күнделікке жаза бастады:
Марк «бақыт пен табыс менің өзіндік санамның деңгейіне 
байланысты» дейді. Ол үш бөлімнен тұратынын айтты:
Өзіңе сену.
Мен қазір өмірімде болып жатқан барлық оқиғаны басқара 
аламын. Болашақта мен барлық сынақты жеңіп шығатыны-
ма сенемін. Мен білемін: БҰЛ МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ!
Менің аңғарғаным: шешуші сәтте бұл менің қолымнан 
келмейді, мен былжыр біреуге айналам.
Өзіңді құрметтеу.
Мен өзімді мейірімді және жақсы адаммын деп есеп-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет