47 46 керек. Ол сосын төрт жыл осы мүсінмен жұмыс істеп,
нәтижесінде Давидті жасап шықты.
Қызығы да сол, мәрмәр үйіндісін көрген бүкіл ұлы
мүсіншілер оның түкке жарамсыз екенін, дұрыс аралан
-
бағанын айтқан екен. Леонардо да Винчи де, басқа екі
шебер де: «бұдан ештеме жасай алмайсың» деген екен.
Осы кезде не бары 26 жастағы Микелеанджело жарамсыз
дүниеден әлемдегі ең керемет мүсінді жасап шығарды.
Жұмыс аяқталған кезде одан: «Бұны қалай жасадың?»
деп сұрағанда: «Мен осы мәрмәрдің кесіндісінен Давидті
көрдім. Маған тек қана артық бөлшектерді алып тастап,
тек пішінді алып қалу ғана қалды» деген екен.
Карл Флоренцияға барған және Давидтің мүсінін де
көрген еді. Алайда Марктың не үшін мұны айтып жатқа
-
нын түсінген жоқ. Ал Марк болса әңгімесін жалғастырда:
– Мұқият қарап тұрсақ, бәріміз Давидке ұқсаймыз.
Біз мәрмәр үйіндісінің ішінде жатырмыз. Көп адам ол
үйіндіден біздің әсемдігіміз бен күшті тұстарымызды
көре алмайды. Кейбіреулері тек қалың күңгірт тас қаба
-
тын – негативті эмоцияларды, күмән, біз туралы жалған
оқиғаларды ғана көреді.
Өміріміздегі маңызды мақсат – біздің ішкі дүние-
мізді жасырып тұрған қорқынышты, сенімсіздікті, нега
-
тивті сезімдерді, күмән мен жалған ұстанымдарды алып
тастау. Бізге кедергі келтіретіннің бәрін. Тек керемет адам
екенімізді білдіретін болмысымыздың мәнін ғана қалды
-
ру керек.
Сабырлы қалпында Марк жалғастырды:
– Мен сенің бойыңнан өзің әлі байқай алмай тұрған
қабілетіңді көріп тұрмын. Мүмкін Анна да бір нәрсе
байқаған шығар. Сенің орныңда болсам онымен сөйле
-
сер едім.
Микеланжелоның оқиғасы Карлға керемет әсер етті,
алайда оны өзінің жағдайына қалай жанастыратынын
білмей тұрған еді. Ол өзін керемет мүсін және өнер туын
-
дысы ретінде елестете алмады. Дегенмен Марк дұрыс
айтады. Егер Карлдың болмысынан бірдеңе байқаған
болса, Анна да Карлдың өзіне беймәлім бір қасиетті
көрген болар. Қалай болғанда да қызығушылығы оянған
Карл Маркпен қоштасты да Аннаны іздеп шықты. Марк
оны қайдан іздеу керектігін түсіндірді.
Карл есікті қақты да ішке кірді. Анна күлімсіреп қарсы
алды, ол Карлды тағы кездестіргеніне қуанышты еді. Ол
бар жігерін бойына жинап:
– Сені көргенде бойымды қорқыныш биледі, өзімді
игере алмай қалдым, – деді.
Анна барынша жымиып:
– Бұл маған деген құрметің бе? – деді.
– Әрине, – Карлдың бұны айтуы мұң екен, екеуі де
қызарып кетті.
– Отыр. Немен айналысасың? – деп сұрады Анна.
Карл юриспруденциямен айналысатынын, бұл оның
ата-анасының қалауы екенін, өзі оқуын жек көретінін
айтып өтті. Киноға қызығатындықтан каникулда қосым
-
ша жұмыс тауып алғанын, алдымен жарық түсірушінің
ассистенті, сонан соң жарық қондырушының дублеры
болғанын да жеткізді.
– Мұндай дублер немен айналысады? – деп сұрады
Анна.
– Кинода әрбір эпизодқа жаңа жарық қондырғысын
орнату керек. Ол ұзақ уақыт алады, актерды шаршатпау
үшін оның орнын уақытша кадрда мен басамын. Қысқа
-
ша осылай, – деп түсіндірді Карл.
– Аса қызықты жұмыс емес екен, – деді Анна.
– Қалай айтсам екен, – деп қарсы шықты Карл, – тек
актердің орнын басу үшін көп дарынның қажеті шамалы.
Сыртқы келбетің ұқсас болса болғаны. Мысалы актердің
сақалы болса, менде де сақал болу керек. Біздің бойымыз