169 168 – Әрине, тап солай. Жақсы кассирдің қалай жұмыс
істейтінін бақылап көрші. Тағы бір маңызды нәрсе
бар: біреудің, әсіресе танымайтын адамдның арты
-
на тығылғанды қою керек. Дұрыс, сен – Ганди емессің.
Сен – Карлсың. Актерсің. Олай болса, сәйкесінше
әрекеттен. Тек күн шығып тұрғанда ғана емес, қолайсыз
ауа райында да.
Марк нақты түсіндіретін еді, ол кейде қаталдау
естілетін:
– Өзіңе сұрақ қой: саған бұл маңызды ма және оны
басқа тағы кім істей алады?
– Жоқ, бұл маған маңызды. Бұл қолымнан келе ме?
– Дәл солай, – деді Марк, – қолыңнан келе ме? Мен
қазір барша адаммен емес, сенімен ғана сөйлесіп отыр
-
мын. Егер мен бір іске кіріссем, басқа адамның оны жасай
алатындығы маған қызықты емес, бастысы ол менің
қолымнан келе ме және оны жүзеге асыра аламын ба, сол
маңызды. Қазір әңгіме сен туралы және сенің қолыңнан
келетіндігі туралы болып отыр. Менің қазіргі айтқанда
-
рым баршаға емес, тек өзгергісі келгендерге арналады.
Талап етіліп отырған бағаны төлей алатындарға арнала
-
ды. Бұл кез келгеннің қолынан келе бермейді.
Марктің Карлға батылдық ұялатам деп айтқан сөздері
өтпеген сияқты. Карл одан сайын тұнжырап кетті.
– Мен жоғары жетістіктерге арналмаған адаммын.
Менің мінезім тым жұмсақ. Менің үнемі жолым болмай
-
ды. Үмітіңді ақтамағаным өкінішті, – деді ол.
– Жетер! – деп айқайлап жіберді Марк. - Өзіңді
жерге тыға берме. Өзіңе осылай деу арқылы өзіңді өзің
төмен түсіресің. Сенің әлемің бір уыс болып қалады. Өз
өміріңнің билігін біреудің қолына бере саласың.
– Есімде, сен «Мен қарапайым адаммын» деген ең
үлкен өтірік дегенсің. Алайда мен осыдан арыла алмай
келемін. Әкем мені үнемі былжырақсың дейтін. Бірнеше
күн бұрын ол осы ойын қайталады, – деп міңгірледі Карл.
– Сен неге біреудің сөздерін қайталайсың? Ол
адамдар саған жақсылық ойлайтын адамдар емес. Оның
немен аяқталатынын білемісің? Сен туралы жаман пікір
-
лер шындыққа айналады, ал адамдар саған аянышпен
қарайтын болады.
– Алайда мен шын мәнінде қолымнан келетініне
сенімді емеспін.
– Не істеп, не қоятының туралы үкім шығарма. Бұл
бағаның бәрі – сенің өткенің. Ол кезде сенің өзіндік
санаң мүлде басқа болатын. Мүмкін, бүгінге дейін сенің
қолыңнан келмеген шығар, алайда тап қазіргі сәттен
бастап өзің шешім қабылдасаң, ол қолыңнан келеді. Сенің
өзіндік санаң өзгерді.
– Алайда тізем әлі ауырып тұр ғой.
– Оған күмәным жоқ. Бұның эмоцоионалдық тұрғы
-
да нені білдіретінін, сенің өзіндік санаңа қалай әсер
ететінін және одан қандай қорытынды шығаруға бола
-
тынын тек өзің ғана шеше аласың. Сен өміріңнің мәні
болып саналатын үлкен мүмкіндіктен тек тізең ауырып
тұрғандықтан ғана бас тарта алмайсың ғой.
Бұл сөздер Карлға әсер етті де, ол: «Мен беріспей
-
мін» деп шешті.
Бұдан жаман нәрсе болуы мүмкін емес деген Карл
-
дың ойы ақталмады, үйде оны одан да сорақысы күтіп
тұр еді: әкесі онымен барлық байланысты үзетінін, енді
оның ұлы жоқ екенін, оны барлық мұрадан алып тастай
-
тынын айтып хат жіберіпті.
Кешке ол хатты Аннаға көрсетті. Ол:
– Ең болмағанда енді ол саған кедергі болмайды. Бұл
тіпті жақсы. Ол сенің энергияңды ұрлап жатқан еді.
– Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Дегенмен мен біртүрлі
сезімде тұрмын. Неге ол сондай адам? – деді Карл.
– Бұл маған тотықұс оқиғасын есіме түсіріп тұр, –