173 172 Егер эмоцияңды өзгертсең, даусың да орнына келеді.
– Яғни тағы өзіндік сана ма? – деді Карл. – Барлығы
соған байланысты ма?
– Дауыс соған байланысты, – деп растады Свея.
Карлға мұқият қарап тұрып, ол:
– Мен тағы бір маңызды кеңес берсем бола ма? – деді.
Карл басын изеді.
– Жақсы. Есіңде ұста: не болса да қайырымен болады.
Карлға бұл күтпеген жағдай еді. Ол күмәнмен:
– Тіземнің ауырғаны, даусымды жоғалтқаным – бұл
қайырлы ма? Мен кейбір эпизодтарда бар даусыммен
ақыруым керек, мен болсам сыбырлап отырмын. Қайыр
-
лы ештеме көріп тұрған жоқпын.
– Бір көргенге солай әрине. Бірақ не болса да қайы
-
рымен болатынын анық білемін. Тіпті біз оны бірден
түсінбесек те. Ал әлгі эпизодтарға келер болсақ, менде бір
идея бар: мәселе дауыстың қаттылығында емес, әрекеттің
белсенділігінде болып тұрған жоқ па? Егер осы эпизодта
сыбырлап сөйлесең қалай болады? Бұл тиімдірек болып
шығатын сияқты. Егер бәрін дұрыс жасасаң, сен тіпті
күшті әсер қалдырасың. Ақыру бәрінің қолынан келеді,
ал соны сыбырлап жеткізу ...
Карл ойланып қалды. Ол ойша көріністі шолып өтті,
сөйтуге де болатын сияқты.
Свея оны жігерлендіргісі келіп:
– Басқа жағдайда қалыпты дауысыңмен айтасың –
оны бір-екі күнде түзетуге тырысамыз. Айқайлаудың
қажеті шамалы, көрермендердің көзін басқаша да жеткізу
-
ге болады. Бірге жаттығамыз оған.
Олар жаттығуды бастап кетті. Карл бірден жақсы
нәтиже байқады. Свея оған тонусты көтеретін және
кеңірдекті босаңсытатын бірнеше жаттығу үйретті,
сонымен қатар практикалық кеңестер берді.
Карлдың көңіл-күйі құбылмалы еді. Свеядан шыққан
-
да өзін жақсы сезінді, алайда кешке қарай көңілі қайта
қобалжыған: әкесі, инвесторлар алдында ойнау, Догги,
тізесі, енді міне, дауысы жоғалды – осының бәрін ол көте
-
ре алмайтындай көрді. Бүкіл әлем өзіне қарсы тұрғандай.
Жазмыш шығар.
Маңдайыма жазылмаған шығар деген ой оның
ойынан шықпады. Жұлдыз болам дегенді қайдан шығар
-
ды десейші! Бойын қорқыныш билеген қарапайым адам
емес пе? Үлкен қорқынышы бар.
Кешке қарай оған Анна келді, алайда тұңғиыққа
батқан ол Аннаға назар аудармады. Күмәны қалыңдап,
көңіл-күйі тіпті түсіп кетті. Ол Марк пен Михаэльге
берген әртіс болам деген уәдесін бұзуға дайын екенін
сезді.
Ол өзіне: «Мен бас тартып тұрған жоқпын, тек мен
қолымнан келмейтін іске ұмтылып жатырмын. Олар
менің бойымда жоқ нәрсені көріп отыр. Мен өзімді
жақсы білем ғой. Мен актер емеспін, бұл менің қолымнан
келмейді» деді.
Енді Карл бәріне күмәнданды. Бір кезде ол Марк
-
ке де күмәндана бастағанын сезді: «Мүмкін бұл Ми өзін
гурумын деп жариялап алған біреу шығар. Басымды
қатырып жүрген болар. Ал Михаэль ше? Өлім аузында
жатқан балалар өздерін бұлай ұстамаса керек».
Өз ойымен өзі болып отырып Аннаның бұны бақы
-
лап отырғанын да сезбепті. Кенет ол:
– Біздің де қарым-қатынасымыз біртүрлі. Менің қай
жеріме ғашық болдың? Мен туралы ойларыңды растау
үшін ғана менің жетістікке жеткенімді қалайсың ба?
Әйтпеген күнде мен саған лайық емеспін ғой? Сен: «Мен
оның осындай болатынын білгенмін» деп айтуың үшін
атақты әртіс болуым керек пе?
Бұл сөздер Аннаның көңіліне қатты тиді, оның