193 192 ағашқа құлақ түр, сонда ұлы актер боласың. Жұлдыз
боласың.
– Бүгін неге қобалжып отырғанымды түсіне алар
емеспін. Кеше кешке бәрі жақсы болатын. Бүгін таңертең
де. Мен қорқынышымнан арылдым деп ойласам..., – деді
сасқалақтаған Карл.
– Психологтар оны «жеңімпаз синдромы» деп атай
-
ды. Оның негізінде «мен ешқашан жеңімпаз бола алмай
-
мын» деген ой жатыр, – деп түсіндірді Марк.
– Бұл нағыз трумфтың алдында әлгі қошқыл түсті
ағаш тағы келеді деген сөз, – деп қостады дон Хосе. –
Алайда бұл қорқынышты емес, табиғи нәрсе. Бұл арам
күштер атой салып жатыр деген сөз. Қоңырқай түсті ағаш
сенен жеңілгенін және саған билік жүргізе алмайтынын
мойындап жатыр. Ол оның соңғы әрекеті, жетегінде
кетпе оның.
Десе де Карлдың түрі абыржулы еді. Осы кезде
Михаэль дон Хосе мен Маркке қарап:
– Онымен басқаша сөйлесу керек. Бізді оңаша қалды
-
рыңыздаршы, – деді.
Данагөй мексикандық пен Марк Карлды құшақтады
да, оған сәттілік тілеп шығып кетті. Михаэль олар шыққа
-
сын, есікті жапты да, орындыққа қинала отырды. Оның
түрі көңіл көншітерлік емес еді. Ол бірден іске көшті:
– Мен жақында өлемін.
– Не болса соны айтпа, сен менен ұзақ өмір сүретін
боласың, – деп баланы сенімсіздеу жұбатуға кіріскен
Карлдың көзі Михаэльге түскенде шошып кетті: баланы
бүгін ауру меңдеп тұрған еді.
– Дәрігерлердің жақында менің рахат күйге енетінім
туралы айтып жатқанын естідім.
– Дәрігерлер де қателеседі.
– Карл, мен өлгелі жатырмын. Және мен одан
қорқып отырған жоқпын. Өйткені мен жақында галакти
-
калық құрамада ойнайтын боламын. Сен өзің де білесің,
жаттықтырушы мені күтіп отыр.
Карл не деп жауап қатарын білмеді, Михаэль жалғас-
тыра берді:
– Алайда мен сенің керемет қойылымыңды көргім
келеді. Дәрігерлер бүгін мені жібергісі келмеді. Олар
менің саған қажет екенімді түсінбейді. Сондықтан да мен
келдім.
– Мен қолымнан келгенді жасап көремін ...
– Достым, сен сандырақтап тұрғаннан саусың ба? Мен
сенің барыңды салып ойнағаныңды қалаймын. Қолым
-
нан келгенше дейді ғой... Адамның күлкісін келтірмеші,
тіпті. Сен мықты актерсің ғой. Сондықтан да сен сахнаға
шығасың да, осыны дәлелдейсің.
Карл баланы құшақтады да, сахнаға кете барды.
Жолда ол Доггиді кезіктірді. Ол оны әдейі тосып тұрған
сияқты. Қортықтың қолында бірнеше қағаз бар екен, ол
оларды желбіретіп:
– Инвесторлардың қолында сценарий жоқ екен,
олар сенің мәтінді жатқа білмейтініңді білмеуі мүмкін.
Сондықтан мен бірнеше данасын шығарып, оларға тара
-
тып бердім, – деді.
Карл оның қасынан тез өтіп кетуге тырысқанмен,
әлгі ысылдауын тоқтатар емес:
– Сен мәтінді ұмытып қаласың. Жаман болады...
Догги Карлдың артынан түсіп алып, тоқтамай сөйлеп
келеді:
– Өтіп кетем деп ойладың ба? Ұмыт! Бітті шаруаң!
Сен бейшара, түкке тұрғысыз адамсың! Қазір сенің тіпті
мәтінді білмейтініңе бәрінің көзі жетеді.
«Не деген оңбаған адам едің» деп ойлады Карл. –
«Мен мәтінді ұмытпаймын».
Осы кезде ол өзіне: «Мәтінді ұмытпаймын» деп
айтқанын түсінді. «Ұмытпаймын» және «мәтін» деген