199 198 айтуға болады?
Қашу туралы ойы күшейе түсті. Киностудиядан
алыстап кетіп бара жатқанын өзі де байқамады. Кенет арт
жағынан қатты шыққан дауысты естіді:
– Сенің қашуға құқың жоқ!
Ол бұған дейін бұл дауысты естімесе де кімнің дауы
-
сы екенін бірден білді. Бұны қайдан біліп тұрғанын
түсіндіру де Карлға қиынға соғар еді. Сонда да артына
бұрылғанда, қорқып кетті. Ол түсіндегі ақ шашты әйел
еді. Оның үстінде сол баяғы ашық қызыл свитер болатын.
Ол қайталады:
– Сенің қашуға құқың жоқ.
– Оның қатысы қанша? Мұның бәрі дұрыс емес.
Осындай жағдайда қалай ойнауға болады? Михаэльдің
халі нашар, мен болсам қайдағы бір қойылымдарда ойнап
тұрмақпын.
– Сен актерсің. Сен эмоцияларыңды өзгерте білуің
керек. Ол сенің қолыңнан жақсы келеді.
– Алайда мен қазір ештемені өзгерткім келмейді.
Менің ойымда тек Михаэль.
Кемпір жақын келді де, оған:
– Михаэльге қазір еш көмек бере алмайсың. Бірақ
сахнаға шықсаң үлкен қуаныш сыйлар едің. Ал қашып
кетсең, оның көңілін қалдырасың. Сен қазір қашып кетер
болсаң, әлемге ештеңе дәлелдей алмайсың.
– Мен қашып бара жатқан жоқпын.
– Қашып барасың. Мен сенен тағы сұраймын:
оған қандай қақың бар? сенің түрің, дарының, денсау
-
лығың және мүмкіндіктерің талай адамның арманы. Сен
өз-өзіңді аяғаннан соқыр болғансың, көзің ештемені
көрер емес.
– Михаэльге бірдеңе болып қалса ше?
– Сөзімнің бәрінің далаға кетіп жатқанын қарашы!
Қорқынышыңның артына тығылма! Болар іс болады.
Оған сен ештеме істей алмайсың. Бірақ сен саған сенетін
Михаэль мен достарыңа қуаныш сыйлай аласың. Және
маған да, соңғы айларда сен мені тіпті шаршаттың.
– Не істеп қойдым мен?
– Мен саған көмектестім. Сен зор дарынға иесің.
Сен актерлік өнерді жақсы көресің, бірақ арманыңа құлақ
аспайсың, өйткені қорқасың қатты. Махаббат қорқы
-
ныштан да күшті екенін біл. Шыңға шығаратын жалғыз
құпия осы.
Карл үнсіз қалды да, біраздан соң:
– Сен кімсің? – деді.
– Оны өзің де білесің. Мен сені ақшыл түсті ағашқа
алып баратын жол сілтеушіңмін. Оған қоса мен сендегі
ақшыл түсті ағаштың өзімін. Мен сенің бөлшегіңмін.
Сен бір істі бастап, бірақ қолымнан келмейді деп бас
тартқанда шыға келетін бөлшегіңмін сенің.
Мен – «менің қолымнан келеді» дейтін бөлшегіңмін.
Сен неге осыншама сенімдісің деп сұрауың мүмкін.
Сенің бар өмірің мені осыған алып келген. Соңғы айлар
-
да сен барыңды салып репетиция жасадың. Мұның бәрі
бір мақсатты орындау үшін – өзіңді жақсы жағынан таны
-
ту және қолыңнан келетінін дәлелдеу.
Карл оған мұқият қарады, мына әйел жынды ма, әлде
өзі жындана бастады ма екен? Иә, ол елес сияқты еді,
өйткені көлеңкесін түсірмеді. Бірақ өзін мұның бөлше
-
гімін дегені миына қонар емес.
Дегенмен кемпірдің өзіне жақсылық ойлап тұрға
-
ны аян еді, оның сөздеріне құлақ салу керек деп ойлады.
Сондықтан да:
– Енді не істеуім керек? – деп сұрады.
– Сен әртіссің. Сондықтан қажеттінің бәрін жаса.
Сахна мен камераның алдында ғана ойнама, өз өміріңнің
режиссері мен актері бол. Әлем саған мүмкіндік беріп
тұр. Залға қайта орал да, достарыңа, бүкіл әлемге және