195 194 сөздерді бірге қолдануға болмайды деп ойлады ол. Бұл
ұмытуға нағыз сигнал екенін ұқты. Ол: «Мен көрермен
-
дерімді таңқалдыратын боламын» деп тез түзету енгізді.
Ол Доггиге бұрылды да:
– Сен маған кедергі бола алмайсың. Сен маған күш
бересің қайта. Тап солай, сенің әрбір сөзің маған күш
береді. Мен қазір серіктесіммен ұрсып жатқан көріністі
ойнаймын, ол жерде сен туралы ойлап тұрамын. Менің
ойнағаным өмірдегідей шынайы болып шығады.
Доггидің басы салбырап, түсіп кетті. Карл қарсыла
-
сының жеңілгенін, енді бұған кедергі болуға тырыспай
-
тынын ұқты. Ол сенімді түрде залға кірді.
Ол жерде бірінші бұны инвесторлармен таныстыр-
ды. Олар бір-біріне мүлде ұқсамайтын сегіз адам еді.
Олардың бірі Карлға бірден ұнады. Пошымы ақсүйектік
-
ке бейім келбетті егде кісі өзін таныстырды:
– Гольдштейн. Сіздің ойыныңызды асыға күтемін, –
деді.
«Аса бай және өміріне риза жан сияқты» деп ойла
-
ды Карл және оның жанынан он екі жас шамасындағы
қызды байқап таңырқады.
Карлдың көзқарасын байқаған ол бірден түсіндіре
жөнелді:
– Бұл – Кира. Менің жақсы құрбым. Ол менің итіме
қарайды.* Кираның түйсігі керемет. Сені балалардың
қалай қабылдайтынын айтатын болады. – Қыз жымиып,
басын изеді. Карлдың басына бір ой келді де:
– Осында менің досым Михаэль келген еді. Оның
жасы он екіде. Ол айықпас ісік ауыруымен ауырады.
Оған ауруханадан кетуге рұхсат етпепті. Бірақ ол менің
қойылымымды тамашалуға келді. Сен оған көз қырыңды
салып отыра аласың ба?
– Жақсы, мен оның қасына отырамын, уайымдама, –
деп келісті Кира.
Шешуші сәт те таяп қалды. Карл сахнада тұр. Бірінші
эпизодта өзін сенімсіз ұстаған ол, барлық ойынын Анна
мен Михаэль үшін ойнаймын деп шешті. Қараңғы залдан
олардың ым-ишарасын толық байқамаса да, бастарын
изеп отырғанын анық көрді.
Бірінші көріністі аяқтаған Карл көрермендердің
әсерін байқау үшін біршама уақыт үнсіз қалды. Осы кезде
Гольштейн:
– Маған қатты ұнады. Жалғастыра беріңіз, – деді.
Қалғандары да риза кейіпте сыбырласа бастады.
Карл енді өз болмысына ене бастады. Көріністерді
бірінен соң бірін, біресе жалғыз, біресе серіктестерімен
бірге орындай берді. Ол өзін өте сенімді ұстады.
Кенет көрермендер арасынан қобалжыған дауыстар
естіле бастады. Карл не болып жатқанын түсіне алмады.
– Баланың жағдайы нашарлап кетті, – деген дауыс
естілді залдан.
Карл репликаның ортасында тоқтап қалды. Оның
қандай жағдай болмасын көріністі жалғастыра беру керек
екені есінде, әрине. Алайда, оның кішкентай досының
жағдайы нашарлағанда да емес қой!
Әлдекім залға толық жарық берді. Енді Карл не болып
жатқанын анық көрді: Михаэль орындықта дірмәнсыз
отыр еді. Бірақ ол есін жоғалтпаған екен. Кира оның
бетінен сипап, ақырын бірдеңелер айтып жатты.
Марк, дәрігер және екі санитар Михаэльдің қасы
-
на жетіп барды. Кейінірек Карл Марктің Михаэльдің
жайына алаңдағаннан жедел жәрдем мен медперсоналды
Гольдштейн және Кира – Бодо Шефердің «Мани атты ит», «Кира
және дөңгелек тоқаш құпиясы» кітаптарындағы кейіпкерлер. – аудар
-
машы ескерпелері.