191
190
торлар сен туралы менің пікірімді сұрады.
Мен сенің
жетістігіңе сенетінімді айттым. Мен оны анық білемін.
Біз бірге репетиция жасадық емес пе, сондықтан мен
мұны жақсы білемін. Сен керемет ойнайсың, мен бәрі
-
нен де қатты шапалақ ұратын боламын.
Карлдың иығынан ауыр жүк түскендей болды. Ол
Рихардтан оны құшақтауға бола ма деп сұрады.
–
Қарсы емеспін, – деді Рихард.
Олар мейіріммен құшақтасты да Рихард оны грим
жасайтын бөлмеге жалғыз қалдырып, шығып кетті. Карл
жан-жағына бағдарлап қарай бастады, қазір мұнда грим
жасайтын адам келеді, ал сонан соң шешуші сәт те келіп
жетер.
Карл дауысын байқап көрді: шамалы әлсіздеу, деген
-
мен ойнауға әбден болады. Сосын оң аяғына салмақ
түсіріп көрді. Бұл да жаман емес сияқты. Уақыт жылжы
-
май қалғандай. Мәтін есінде ме екен?
Ойша бірнеше
диалогты ойнап шықты да, бір сөйлемді ойына түсіре
алсайшы! «Сайтан алғыр!».
Жүрегі дүрсілдеп, қобалжи бастады. Еске түсіру
керек. Бірақ қанша талпынғанмен есіне ештеңе түсер
емес. Карл қобалжудың қорқынышқа ұласып бара жатқа
-
нын байқады. Оның үрейі ұшып кетті. Оның көз алдына
тағы қоңырқай түсті ағаш елестей бастады.
– Жетпегені осы еді, – деп дауыстап жіберді Карл.
– О, біз кедергі болған сияқтымыз ғой, – деген таныс
дауыс естілді артынан. Карл қонақтардың кіргенін байқа
-
мапты да. Бұл Михаэльдің даусы еді. Оның артынан дон
Хосе және Марк кірді.
–
Сендерді айтып тұрған жоқпын, – деп міңгірледі
Карл.
Михаэль артына қарады да театрлық ишара жасады:
– Достым, шынымды айтсам, мен басқа ешкімді көріп
тұрған жоқпын.
– Мен өз қорқынышыммен сөйлесіп тұрғанмын...
– Сен елес көре бастағансың ба? Шыныңды айтшы,
енді неден қорқып отырсың?
– Бір қара бұлт аяқ-қолымды бұғаулап тастаған
сияқты. Неден қорқып отырғанымды өзім де білмеймін.
Мүмкін, мәтінді ұмытып
қалармын деп отырған болар
-
мын. Бір сөйлемді есіме түсіре алар емеспін ...
– Олай болса бірнәрсе құрастыра салсаңшы, – деп
кеңес берді Михаэль. – Мен сенің көрермендеріңді көріп
келе жатырмын. Олардың бәрі банкир екен. Олар сенің
сценарийіңді білмейді ғой. Ішінде біреуі бірнәрсе түсі
-
нетін сияқты. Сондықтан қобалжыма.
Михаэль Карлға сынай қарады. Ол сөздерінің далаға
кетпегеніне көз жеткізгісі келген еді,
алайда нәтижесі
көңіл көншітердей емес еді. Михаэль:
– Достым, сен ең кереметсің! Ең жақсы әртіссің!
Роліңді де жақсы білесің. Барлық сөзді жатқа білу қажет
емес қой мұнда. Тек роліңе кіре біл, сол кезде кез келген
адамды сендіре аласың, – деді.
– Алайда аяқ астынан не болып қалатынын ешкім
білмейді ғой. Оған қоса Догги деген пәле де жүр
осында, – деп қарсыласа түсті Карл.
Дон Хосе Карлға жақындап келді де:
– Не болатынын басқа ешкім емес,
сен ғана анықтай
аласың. Ешқандай жағдай саған кедергі бола алмайды.
Не болса да оған қалай жауап қайтаруды тек сен өзің
шешесің, – деді.
– Алайда мұндай жағдайды бұрын бастан кешкен
емеспін, барлық жағдай осыған байланысты болғалы тұр
ғой.
– Біз жағдайды бақылауда ұстай алмаймыз. Оның
жаңа немесе бұрынғы екені маңызды емес. Біз өзіміздің
оған көзқарасымызды ғана бақылай аламыз.
Сен қай
ағашқа құлақ түретініңді өзің ғана шешесің. Ақшыл түсті