Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет91/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

207
206
хабар көріп жатты. Қуаныштан қатты айқайлап жіберді. 
Мен қорқып кеттім де, не болғанын білу үшін жүгіріп 
келдім. Мен де онымен бірге сенің ойыныңды тамашала
-
дым. Керемет ойнадың. 
Ал Карл болса: «Оның енді қандай маңызы бар, 
Михаэль енді жоқ қой! деп ойлады. 
Медбике сөзін жалғастырды:
– Михаэль саған хат жазып қалдырды. – Ол халаты
-
ның қалтасынан конверт алды да, Карлға берді. Сонан 
соң Карлдың қолынан аянышпен сипады да, кетіп қалды. 
Карл конвертті ұстап тұрып қалды. Онда бала 
қолымен былай деп жазылыпты:
Карлдың жүрегі сыздап кетті. Оның бойын қалың 
қайғымен қатар бір жылы сезім жайлады. Ол конвертті 
ашты да хатты алып, ақырын оқи бастады:
Досым менің, мен сенің қайғырып тұрғаныңды көріп тұрмын. 
Мен сенің ондай түріңді көргім келмейді. Тыңдап тұрсың ба 
мені? Сен қайғырмауың керек. Менің келген жерім – кере-
мет жер. 
«Қайғырған адам өзін эгоист ретінде ұстайды, ол тек өзі 
туралы ойлайды» деп Марк дұрыс айтады. Әңгіме менің 
өлімім жайлы болып тұр, сондықтан оны тек мен ғана 
шешемін. Сен қазір мен туралы ойлауың керек және мен 
үшін қуанғаның дұрыс. 
Мен сені жақсы білемін. Сенің не ойлап тұрғаныңды біліп 
тұрмын. «Мен бәрібір қайғырамын. Ештеме өзгерте алмай-
мын» деп тұрсың ғой. 
Бұл былжырақ әңгіме, бла-бла-бла. Сен бәрін өзгерте 
аласың. Сен әртіссің ғой! Және өмірімде көрген ең жақсы 
әртіссің. Соны қазір дәлелдеші. Және біліп қой, мен сені 
көріп тұрмын.
Иә, сен мен үшін қуан:
Мен қазір галактикалық құрамада ойнайтын боламын. Мен 
бұл сәтті ұзақ күттім. Менің саған бірнеше сурет жіберем 
деген үмітім бар. Менімен мақтанатын боласың әлі. Мен де 
сенімен мақтанамын!
Мен ұзақ ойнайтын боламын. Және оны рақаттана жасай-
мын. Менің қуанышымды елестете аласың ба? 
Сосын, біліп қой, мен қайтып ораламын.
Қазір сен ол мүмкін емес деп тұрған шығарсың. Бірақ мен 
оны анық білемін, өйткені мен ол туралы жиі армандаған-
мын. Тап солай болады! Мен қайтып ораламын. 
Мен қайтып оралуым қажет, өйткені сен қорқыныштарыңнан 
толық арылған жоқсың және оларды басқара алмайсың. 
Сонымен қатар маған сенімен, Аннамен және Маркпен бірге 
болған ұнайды. 
Менен сәлем айт оларға. 
Кездескенше. Күш-жігерің көмекшің болсын.
Магистр Йода.
P.S. Мен бұл хатты екі күн бұрын жазып қойғанмын. Не бола-
рын кім білсін ...
Тағы бір нәрсе: мен смартфоннан сенің жанды ойыныңды 
көрдім. АҚЫЛҒА СЫЙЫМСЫЗ! Бұл тамаша болды! Мен қатты 
қуандым! Сен менің батырымсың! Мен өмірімде дәл бұлай 
қуанған емеспін.
Жұлдыз актер, 
досым Карлға
Йода магистрден




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет