Олимпиадалық тапсырмалар. 9 сынып.
1. Оқылым.
Мəтінді
мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «Жалғыздың үні
шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп
адас», немесе «Бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен
ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен»
дейді. Ал көппен қарым-қатынаста болу, береке-бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ.
Адам баласы əр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе,
айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті,
жаны таза адал жандар осылайша көптің «Алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйына» ие болады.
1. Мəтін мазмұнына 5
сұрақ құрастыр
2. Мəтіннен 2 күрделі зат есімді теріп жаз.
3. Терең, күн сөздеріне антоним жаз.
4. Мəтіннен 5 тірек сөзді теріп жаз.
5. Септік жалғауы бар 5 зат есімді теріп жаз. (Барлығы-5 балл)
2. Лексика-грамматикалық тест.
1. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Толқыса B) Алса игі еді C) Оқығым келеді D) Айтсаңшы E) Көрген
2. Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз.
A) Табыңдар B) Түсініңіздер C) Үйренгісі келеді D) Жетсін E) Ұнатты
3. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
A) –атын B) –п C) –ғалы D) –ған E) -а
4. Қай сөйлемде етісітік бастауыш қызметін атқарып тұрғандығын анықтаңыз.
A) Балалы үй-базар B) Сабыр түбі-сары алтын C) Бүгін ауылда қалың думан бар
D) Абай аға, мынау – бізідң үйлер E) Шапқан – озар, жатқан-тозар
5. Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
A) Күрең ат-Бөжейдің қыс мінетін аты B) Олжабек ойланып қалды C) Содан бері осындамын
D) Ашынғанның тілі ащы E) Абайдың тілегі солай
6. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз.
A) Келер еді B) Танысыпты C) Тапсырманы орындамақпын D) Барғым келеді E) Адал еңбек ету
7. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз
A) Қашаннан B) Қаншама C) Қайдан D) Кімше E) Қандай
8. Мақсат үстеуін табыңыз
A) Əлгінде, емін-еркін B) Орасан, əжептəуір C) Жорта, əдейі D) Тысқары, мұнда E) Амалсыздан,
бекерге
9. Мөлшер үстеуді табыңыз
A) Əжептəуір B) Əрең C) Ілгері D) Кеше E) Тым
10. Көмектес септігіне қатысты септеулікті табыңыз
A) Кейін B) Шейін C) Соң D) Бірге E) Үшін (Барлығы-10 балл)
3. Жазылым.
Өзіңнің шетелдік досыңа «Қазақстан астанасы-Нұр-Сұлтан» туралы хат жаз.
Барлығы-5 балл.