Олимпиадалық тапсырмалар. 6 сынып
1. Оқылым.
Қазақстандағы ең биік əрі танымал таулардың бірі - Іле Алатауы. Ол республиканың
оңтүстік шығысында орналасқан. Бұл Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тізбегі.
Тянь-Шаньнің оратлық бөлігінде, Қазақстан, Қырғызстан мен Қытай шекараларының
қиылысқан жерінде ең биік шыңдардың бірі, Қазақстанның ең биік нүктесі Хан-Тəңірі шыңы
жатыр. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 6 995 метр. Ал республиканың оңтүстік-батысында
Жоңғар Алатауы тауы жатыр. Бұл тұмса табиғатының көркі таңдандыратын тамаша жер.
Мемлекеттің шығысында Зайсан көлінен Қара Ертіс алабына дейін Алтай таулары созылып
жатыр. Оларды үш аумаққа бөледі: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай, Қалба жоталары. Мұнда
Алтайдың символы Мұзтау тауы орналасқан. Ол - басын мəңгі қар мен мұз басқан Алтай мен
Сібірдің ең биік нүктесі. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 4 506 метр.
1 тапсырма. Мəтінге 5 сұрақ құрастырып жаз.
2 тапсырма.
Сан есімдерді теріп жазып, олардан реттік сан есім құра.
3 тапсырма. Мына сөздерге синоним тауып жаз: мəңгі , көркі.
4 тапсырма. Мына сөздерге антоним жаз: биік, үлкен.
5 тапсырма. Мəтіннен 5 негізгі тірек сөзді теріп жаз.
(Барлығы 5 балл)
2. Лексика –грамматикалық тест
1.Екі буынды сөзді белгілеңіз.
A) орамжапырақ B) арзан C) мемлекеттік D) қалашық
2. Сөздері үнді дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.
A) Ағам жоғарғы оқу орнында оқиды. B) Елімізде ақылды балалар көп.
C) Мен нағыз маман Лəззатқа ризамын. D) Вокзалға қандай автобуспен баруға болады?
3.Негізгі түбірді анықтаңыз.
A) Атамекен. B) Ата-ана. C) Дос. D) Ағалық.
4.Туынды зат есімді табыңыз.
A) Білімді. B) аспан. C) отан. D) жер.
5.Синонимдік жұпты анықтаңыз.
A) Күшті – қорқақ. B) Сыйламау – сыйлау. C) Əсем – көркем. D) Ұзын – қысқа.
6. Еңбек туралы мақал-мəтелді белгілеңіз.
A) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. B) Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім.
C) Отан үшін күрес – ерге тиген үлес. D) Еңбектің наны тəтті, жалқаудың жаны тəтті.
7. Жіктік жалғауы бар зат есімді көрсетіңіз.
A) Оқушының. B) Оқушыны. C) Оқушымын. D) Оқушынікі.
8. Мақалдың екінші бөлімін табыңыз.
«Отансыз адам, ...».
A) ......оттан да ыстық. B) ....., қаларсың ұятқа.
C) ......ормансыз бұлбұл D) ..... ескісі жақсы.
9. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Сұлу, бай, байтақ В)
Ұлаң-байтақ , кең,
ұлаң-ғайыр
С) Жақын, шалғай, биік D) Алыс, үлкен, кең
10. Тань-Шяньнің ең биік нүктесін тап
А)Сарыарқа таулары В) Жұмбақтас С) Хантəңірі D) Алатау
(Барлығы 10 балл)
3.
Жазылым.
Өзіңнің шетелдік досыңа «Қазақстанның таулары» туралы хат жаз. (хаттың
стилі мен жанрын сақта).
(Барлығы 5 балл)