«Өлке тарихын мектепте оқыту әдістемесі»



бет4/9
Дата01.05.2018
өлшемі5,34 Mb.
#40345
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. Құдіретті Алтай тауы қоршаған, жылдам аққан өзендер аңғарларында, бүгінгі Қазақстанның, Ресейдің, Қытайдың, Моңғолияның әкімшілік шекаралары шектесетін аймақта осыдан 2500-2300 жыл бұрын аттары аңызға айналған халықтар өмір сүрді. Ол халықтардың өздерін қалай атағанын ғалымдар білмейді, бірақта тарихта олар туралы айтылған. Антикалық жазба деректерде олардың бірі «алтынды күзетуші грифтер» деген атпен белгілі болған, қысы қытымыр, қары үзілмейтін, «қары мамық сияқты», қыстың сұрапыл күндерінде де өмір сүре білетін (Геродот, IV кітап. 31), олардың көршілері алтын ұрлайтын бір көзді «аримаспылар» болған. Қытайлықтар оларды юэдчжи деп атаған.

Олар Ұлы даланың батыс аумағында өмір сүрген скифтермен, Орталық Азияны мекендеген сақтармен, Қазақстанның батыс бөлігінде өмір сүрген сарматтармен замандас болды. Бұл халық-батыл да батыр, әскери-салтаттылар, кәсіби малшылар, зергер-шеберлер, ағаш бетіне өрнек салушылар және суретшілер болған. Олар металды, киізді, былғарыны, жүнді, саз балшықты өңдеудің жоғары техникасын мүлтіксіз меңгерді. Аримаспылар Алтайдан алтын өндіріп, скифтік аң стиліндегі зергерлік бұйымдар жасаған. Бұл бұйымдардың жасалу техникасы адамды таңқалдырады. Олар құйылған, кесілген, жалпақ барельеф түрінде, безендірілген, тойтарылған әдістерді пайдаланған.


Сұрақтар мен тапсырмалар

Шығыс Қазақстанның темір дәуіріне өткенін қандай заттай деректер дәлел бола алады?

2.Неге Шілікті және Берел обалары Патша обалары деп аталады?

3. Берел обаларынан шыққан Алтын адамды және жылқыларды қалай қалпына келтірген?



4. Баптың үшінші тарабына ат беріңіз

Әдебиеттер:

  1. Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.

  2. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама. – Семей, 2014. - 23 б.

  3. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана с древнейших времен до современности. Программа для 8-9 классов общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2014. – 23 с.

  4. Зарифова М.А., Бралинова Д.И. Изучение истории Восточного Казахстана с древнейших времен до современности: Методическое пособие в помощь учителю истории. – Семей, 2014. - 226 с.

  5. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XIX ғ. соңына дейін. 8 с. арналған оқу құралы. – Семей, 2012. - 84 б.

  6. История Восточного Казахстана. Ч. I. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Учебное пособие для 8-х кл. – Семей, 2012. - 94 с.

  7. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XX ғ. соңына дейін. 8 с. aрналған жұмыс дәптері. – Семей, 2012. - 58 б.

  8. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Рабочая тетрадь для 8-х кл.– Семей, 2012. - 58 с.

  9. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Хрестоматия для 8-х кл. – Семей, 2012. - 224 с.

  10. Исин А.И. Шынғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы: 1999-2003 жж. археологиялық зерттеулер - Шынгыстау, Берел, Шиликти, Абралы: Археологические исследования 1999-2003 гг. – Семей, 2004. - 184 с.

  11. Радлов В.В. Из Сибири. Страницы из дневника. – М., 1989. - 749 с. Имеется электронный ресурс.

  12. Свод археологических памятников Восточного Казахстана. - Усть-Каменогорск, 2006.- 264 с.

  13. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР. Т. 88. – М., 1960. - 285 с. Имеется электронный ресурс.

  14. Черников С.С. Загадка Золотого кургана. Где и когда зародилось «скифское искусство» - М., 1965. - 188 с. Имеется электронный ресурс.

  15. Самашев З. Берел. Berel. – Алматы, 2011. – 236 с. Имеется электронный ресурс.


Тақырып 4.Шығыс Қазақстанның ерте және дамыған орта ғасырлардағы саяси тарихы.Тақырыпты оқыту әдістемесі

Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Ерте және дамыған орта ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның саяси тарихы. Тақырыпты игерудің әдістемесі.

  1. Дәуірлер тоғысындағы аймақтың саяси жағдайы

  2. V-ХІІ ғасырлардағы Шығыс Қазақстан

  3. Шығыс Қазақстан моңғол дәуірінде.




  1. Дәуірлер тоғысындағы аймақтың саяси жағдайы. Дала... Адамдардың қозғалысына табиғи кедергісі болмайтын орасан зор кеңістіктер. Осы қозғалыс кезінде жаңа ұрпақ дүниеге келіп, біртіндеп олардың сырт келбеті өзгеріп, жаңа тілдер пайда болды.

Біздің дәуіріміздің I мыңжылдығының ортасы – өңірдің тарихындағы маңызды кезең. Бұл кезеңде этникалық ортаның өзгеруі байқалды - басымдылық, орталықтары Алтай болған, түрік тайпаларына өткен. Тайпалық сарбаздардың билік және қырдағы, алқаптардағы мал-жайылымдар үшін өзара талас-тартысы барысында, түркі тайпаларының бір бөлігі басқа тілде сөйлейтін тайпалармен араласты. Нәтижесінде, сақтардың бір бөлігі мен аримаспылар сөйлейтін көне үнді-иран тілдерінің орнына ежелгі ғұндардың тілі негіз болған жаңа тіл - ежелгі түріктердің тілі келді.

Бұл өңірдің бұрыңғы саяси тарихына қатысты нақты жазбаша деректердің жоқтығынан, ол аңыз түрінде болып, ал көп жағдайда тек археологиялық деректер мен шекаралас елдердің жылнамаларында әрекідік кездесетін мәліметтерге сүйенеді.

Алайда, шекаралас елдер деген ұғымның өзі шартты атау.

Түріктердің ежелгі тарихына қатысты дерек, Қытай тарихшысы Сыма Цянның «Тарихи жазбаларында» ғұндардың түрікке жататындығы айтылған және Қытайдың солтүстік көршілері жайлы нақты фактілер келтірілген мәліметтер берілген.

Ғұндардың ежелгі тарихына қарай отырып, олардың кең байтақ территорияны игеруі олардағы дамыған көшпелі мал шаруашылығының болуының нәтижесі деуге болады. Яғни, ғұндар қыстаудан жайлауға сияқты үйреншікті бағыт бойынша көшпеген, олар әрдайым батысқа қарай қозғалған.

Сол заманның тұрғындары аймақта өздерінен кейін арттарында зор мәдениет қабаттарын қалдырды. Олар – тұрақтар, салт жораларға қатысты ғимараттар, петроглифтер мен жерлеу нысандары, сондай-ақ «руникалық» жазулар. Бұл ескерткіштер бір ұрпаққа ғана қызмет еткен жоқ, олардың мәдени қабаты түрлі дәуірлерде қалыптасты. Археологиялық қазба жұмыстарының материалдары көрсеткендей, өңірде ғибадатханалар мен зиярат ету орындарын пайдалануда сан ғасырлар бойы бірізділік сақталып отырған.



Ежелгі түрік дәуірі тасқа қашалған жазбаларда, сол дәуірдің қағандарының және олардың жақындарының жерлеу кешендерінде көрініс тапқан. Көне түріктер Сібір және Орта Азияда барынша танымал болған «руна әліппесін» пайдаланған.

  1. V-ХІІ ғасырлардағы Шығыс Қазақстан. Шығыс Қазақстан территориясында V ғ. – ХІІІ ғ. бас кезіне дейін, бірін-бірі алмастырып, моңғол дәуіріне жеткен Түрік, Батыс-Түрік, Қарлұқ қағанаттары және қимақ пен қыпшақтардың мемлекеттері өмір сүрді.


Түрік қағанаты: картасы
Осы мемлекеттердің негізін қалаған тайпалық бірлестіктер тілі, тұрмысы мен шаруашылығы жағынан жақын болды. Халықтың негізгі шаруашылығы – көшпенді шаруашылық болды, бірақ халықтың біраз бөлігі егіншілікпен айналысты. Аймақтың оңтүстік-батысында (қазіргі Үржар мен Аякөз өңірлері) қалалар дами бастады. Мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар егіншілікпен айналысатындармен көршілес болды, ал дала мен қала бірін-бірі толықтырып отырды. Тайпалардың заттай мәдениетінің дамуына Ұлы Жібек жолының маңызы зор болды. Негізгі жолдан Алтайға, Зайсанға, Тарбағатайға және Ертіс бойына жолдар тарап жатты.

Соғыстар мен өзара талас-тартыстар саяси жеңістер мен жеңілістерге әкеп соқты. Түрік қағанатының әлсіреген билеушілерінің орнына жаңа әулеттер келді, бірақ бұл олардың тілі, салт-дәстүрі жағынан өзгеше болды деген мағынаны білдірмейді. Өңірде ІХ ғасырда тайпалық одақтардың арасында қарлұқ одағы күшейіп, олар біраз уақыт тәуелсіз болды. Осы уақытта олар Алтай мен Балхаш аралығын мекендеген.

Өңірде жайылымдар мен билік үшін табанды күрес жүрді. Сол кездегі қарлұқтардың қарсыласы Ұйғыр қағанаты болды. Нәтижесінде қарлұқтарды ұйғырлар жеңген. Ұйғырлар ығыстырған олар Жетісуға көшіп, сол жерде Қарлұқ қағанатын (756-940 ж.ж.) құрды.

Ұйғыр билігі ұзаққа созылмады. 840 жылы Ұйғыр қағанаты күйреп, жергілікті тайпалар күшейеді. Нәтижесінде, Шығыс Қазақстан жерінде Х ғ. соңына дейін, яғни бір жарым ғасыр өмір сүрген және шекарасын кеңейтіп отырған Қимақ мемлекеті пайда болады. Қимақ мемлекетінің күшеюінің шарықтау шегіне жеткен кезде олардың жер иеліктері Ертістен Жоңғар қақпасына дейін, Оралдан Сырдарияның жағасына дейін созылып жатты.



Осы уақытта Ертістің бойында қимақтар мен қыпшақтардың бекіністер мен қалалары салына бастады. Араб тарихшысы ал-Идриси өзінің кітабында қимақтардың 16 қаласын атап берген. Қимақтарға тиесілі ең үлкен қала, олардың астанасы – Қимақия болды.

Билік үшін күрес қыпшақ тайпаларының одағын алдыңғы орынға шығарды. Қыпшақ мемлекетінің шеткері аймағы, олардың ата жұрты – Шығыс Қазақстан болды.

Негізін көшпенділер құрайтын түрік әлемі осындай қиын, әрі саяси тұрақсыз жағдайда дамыды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет