Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет22/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Өндірістік будандастыру.
Ӛндірістік будандастыруды, кӛбінесе ӛнімі 
жоғары малға қолданады. Ол екі мал тұқымын шағылыстыру арқылы 
жүргізіледі. Бұл будандастыру арқылы алынған буданды әрі қарай ӛсірмей, 
бордақылап етке сояды. 
Ӛндірістік будандастырудың жай және күрделі түрін ажыратады. Жай 
ӛндірістік будандастыруда екі түқым қатыстырылып, бірінші ұрпақ буданынан 
әр түрлі ӛнім алумен шектеледі. Бірінші ұрпақ буданнан тӛл алмайды. Күрделі 
ӛндірістік будандастыруда бірінші будан алуға қатысқан мал тұқымының 
бірінші ұрпағының ұрғашыларын үшініш мал тұқым түрімен будандастырып, 
алынған будандарды ӛнім алуға найдаланады. Ӛндірістік будандарда гетерозис 
құбылысы жиі кездесіп, олар тез жетілгіш, әрі ӛміршең, тӛзімді, бордақылану 
қасиеттері жоғары болады. 
Зауыттық будандастыру.
Бұл әдісті жаңа тұқым шығаруға қолданады. 
Зауыттық будандыстыруды мал тұқым түрінің екі түрі қатысса онда оны жай, ал 
үш одан жоғары тұқым түрі қатысса күрделі деп атайды. Зауыттық 
будандыстыру мал тұқымының ӛнімдері ұқсас, не әр түрлі бағытта ӛнім беретін 
түрін пайдалана береді. Будандастыруға қатысатын екі тұқым түрінің ӛнімдері 
ұқсас болса, он да жаңа тұқым шығаруға тез жетуге болады, ал әр түрлі болса, 
жаңа тұқымына қажетті қасиеттерді алуды күрделі және ұзақ уақытты керек 
етеді. М.Иванов зауыттық будандастыруда тӛмендегі шарттарды басшылыққа 
алып, сақтау керектігін ескертеді:
1)
Жаңа тұқым шығарудағы қойылған мақсат анықталып, оның ұнамды 
(қажетті, кӛзделген) типі белгіленуі керек; 
2)
Будандастырылатын мал тұқымының түрін таңдау қажет; 
3)
Будандастырудың, ұтымды жүйесін құру керек; 
4)
Тәжірибеде мүмкіндігінше кӛп мал басын қамту керек: 
5)
Туыс малдын ӛзара шағылыстыруды, әсіресе істің бастапқы кезеңінде 
ретті пайдалана білу қажет; 


46 
6)
 
Қажетті (кӛзделген) мал типіне сәйкес белгілердің жақсы жетілуіне 
қолайлы жағдай туғызу керек.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет