Малдың дене бітімі
Малдың дене бітімі, яғни
конституциясы (Constitutio, латышда,
құрылысы)
оның бүкіл морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық
белгілерінің бір тұтастығымен сипатталады. Демек, дене бітімі малдың түр-түсі,
тұрқымен сипатталатын
экстерьері
деп аталатын сырт пішіні мен организм ішкі
ағзаларының құрылымы және қызметімен сипатталатын
интерьері
деп
аталатын ішкі құрылысының бірлігімен және оларды басқарып, үйлестіруші
жүйке жүйесінің ерекшілігімен бірге біріктіріле қарастырылады.
Орталық жүйке жүйесінің басқаруымен организмнің ішкі ағзалары
қызметінің ӛзгерулері малдың сырт пішін-келбетінде орын алуы, организм
дамуына сыртқы қоршаған орта жағдайларының әсерінен туындайды. Мал
шаруашылығы мамандарының міндеті сол орта әсерінен туындайтын
ӛзгерушіліктерді қажетті (пайдалы) бағытта жүруі мен ары қарай сақталуына
себептесу.
Демек, біз мал организмінің ішкі құрылысы мен қызметін сыртқы орта
жағдайларымен тығыз байланыста, бір жағынан үнемі ӛзгеріп дамитын, ал
екінші жағынан, ӛзінің ішкі тұрақтылығын сақтайтын, яғни
динамикалық
гомеостадағы
агрегатты жүйе ретінде қарастыру қажет.
Мал басы сыртқы орта жағдайының ӛзгеруіне бейімделіп, денесінің
динамикалық бірқалыптылығын (гомеостазын) тұрақтандыру қасиеттері
бойынша ерекшелінеді. Бұл малдың дене бітімінің жүйке жүйесі қызметімен
байланысын кӛрсетеді. Осы байланысты мал түліктерінің тұқымдарында
зерттеген зоотехния ғылымының негізін қалаушы ғалымдар У.Дюрст,
Н.Богданов, П.Кулешов, М.Иванов ж.б. тұқым немесе табынньң ішінде дене
бітімі бойынша мал басын белгілі типтерге топтастырып, жіктеуді ұсынды.
Ұсынылған жүйелер ішінде іс жүзінде қолдануға профессор П.Кулешов
ұсынған топтастыру жүйесі ыңғайлы болып келеді. П.Кулешов мал басын
8
терісінің қалыңдығы (нығыздығы) мен жиырымдылығы, дӛнекер жәие ет
ұлпалары мен сүт бездерінің дамығандығы, қаңқасының мықтылығы дене
бітімінің тӛрт –
тыгыз, қатаң, нәзік және босаң
типін белгіледі
.
Дене бітімі
тығыз
малдың терісі тығыз, орташа жиырымды, дәнекер
ұлпалары біршама дамыған, бұлшық еттері тығыз және ауқымды, сүйектері
мықты әрі салмақты, желіндері дамыған болып келеді. Дене бітімі
қатаң
жануарлардың терісі қалың, жиырылымдығы тӛмен, дәнекер ұлпалары әлсіз
дамыған, аздаған ғана майлы бұлшық еттері ауқымды, сүйектері салмақты,
желіндері онша дамымаған болып келеді. Оларға етті бағыттағы мүйізді ірі қара
мал жатады.
Дене бітімі
нәзік
жануарлардың терісі жұқа және созылмалы, тері асты
және дәнекер ұлпалары нашар дамыған, сүйектері жеңіл және жұқа,
желіндеріның аумағы тар болып келеді. Оларға етті бағыттағы мүйізді ірі қара
мал жатады. Дене бітімі босаң жануарлардың терісі қалың, дәнекер ұлпалары
ӛте дамыған, бұлшық еттері аумақты, жұмсақ, сүйектері жұқа, желін бездері
кішкене болып келеді (1.2-сурет).
А
Б
б)
1.2-сурет – Әр бағыттағы мүйізді ірі қара малдың дене бітімі
А) Сүтті типті мүйізді ірі қара малдың сыртқы және ішкі құрылысы:
а - үш бұрышты конус тәріздес сүтті тип
ә - жанынан қарағанда б - үстінен қарағанда
Б) Етті типті мүйізді ірі қара малдың сыртқы және ішкі құрылысы:
9
а - тӛрт бұрыш тәріздес етті тип
ә - жанынан қарағанда б - үстінен қарағанда
Академик И.Иванов бұл тӛрт типке малды қаңқасы мен денсаулығының
мықты, жүйке жүйесінің тұрақтылығымен сипатталатын
мықты
типімен
толықтыруды ұсынды.
Орыс физиологы И.Павлов организм құрылымын жіктеуде жүйке
жүйесіндегі бір-біріне қарама-қайшы болғанмен бір-бірімен тығыз байланыста
ӛтетін
Достарыңызбен бөлісу: |