5
І-тарау. МАЛ ӨСІРУ
Елімізде дамыған мал шаруашылығы салаларына мүйізді
ірі қара мал
шаруашылығы,
қой
шаруашылығы,
жылқы
шаруашылығы,
шошқа
шаруашылығы, құс шаруашылығы кіреді. Қазақ ежелден айналысып келген
түйе ӛсіру статистикалық есеп бойынша жылқы шаруашылығына кірсе, ешкі
ӛсіру қой шаруашылығына кіреді. Тауық ӛсіру, күркетауық ӛсіру, үйрек ӛсіру,
қаз ӛсіру салаларын біріктіретін үй құс шаруашылығына кейбір
шаруашылықтарда ӛсіріліп отырған бӛдене, түйеқұс,
мысыр тауығын, қолдағы
әндік және сәндік құс түрлерін ӛсіру енеді. Мал шаруашылығының аталған
негізгі салаларымен қатар республика аймақтарында қосалқы мал
шаруашылығы салалары болып есептелінетін үй қоянын ӛсіру, терісі бағалы аң
ӛсіру, пантылы марал (бұғы) ӛсіру, бал арасын ӛсіру (бал шелек), жібек құртын
ӛсіру ж.б. кіреді.
Мал мен құс шаруашылығы салалары ӛсірілетін мал түлігі мен құс түрінен
ӛндірілетін негізгі ӛнім түрлеріне байланысты келесі ӛнімдік бағыттарға:
мүйізді ірі қара мал шаруашылығы – сүтті
және етті бағытына;
қой шаруашылығы – жүнді, етті-майлы, елтірілі бағытына;
жылқы шаруашылығы – атқарылатын жұмысы бойынша мініс, желіс, ауыр
салмақты жүк тасушы, ал ӛндірілетін ӛнімі бойынша етті және сүтті бағытына;
шошқа шаруашылығы – етті, майлы, беконды бағытына;
құс шаруашылығы – жұмыртқалы және етті бағытына бӛлінеді.
Мал шаруашылығының бұл салаларына негізгі ӛнімділігі сәйкес келетін
мал түлігінің тұқымдары кірсе, жұмыртқа ӛндіруші құсқа тек жұмыртқалағыш
тауық пен бӛдене тұқымдары жатады да қалған қолда ӛсірілетін құс түрлерінің
тұқымдары құс етін ӛндіру бағытына жатады.
Қой шаруашылығының жүнді бағытына кӛптген биязы, жартылай биязы
және ұяң жүнді қой тұқымдары енсе, етті-майлы бағытына қылшық жүнді
құйрықты қойлар, ал елтірілі бағытына – еліміздің оңтүстігінде ӛсірілетін
қаракӛл қойы жатады. Бұл бағытқа түбітті ешкі ӛсіру де кіреді.
Жылқы шаруашылығының етті бағытына
жергілікті қазақы және жабы
жылқысы кірсе, сүтті бағытына қымыз ашытуға сауылатын биелер мен
қымыран (шұбат) дайындауға сауылатын түйелер жатады. Бұл шаруашылықтың
соңғы жылдары дамуына жете кӛңіл бӛлініп келе жатқан жеке дара бағытына
спорт аттарын ӛсіріп, жаттықтыру жатады.
Құс шаруашылығында сұранысы күннен күнге ӛсіп келе жатқан емдік
қасиеттері жоғары диеталық бӛдене жұмыртқасы мен етін ӛндіру ӛріс алуда.
Осындай мүйізінің айрықша емдік қасиеттерін
пайдалануға еліміздің Алтай
6
ӛңірінде ӛсірілетін марал мен теңбілі бұғыны жатқызсақ, жылдан жылға
валюталық сұранысы ӛсіп тұрған терісі бағалы аңдардан ондатра, бұлғын,
камшат, саз камшатын ӛсіру жетіліп келе жатқанын айта кету керек. Гүлді
ӛңірлерде емдік қасиеттері мол ара балын ӛндіруге бал шелек саны ӛсуде.
Мал мен үй құсының басын кӛбейтіп, олардан алынатын сүт, ет, май,
жұмыртқа түріндегі биологиялық құндылығы жоғары тағамдақ ӛнім мен жүн,
тері, елтірі, мүйіз түріндегі жеңіл ӛнеркәсіпке қажет құнды шикізат ӛндіріледі.
Бұл мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық потенциалын
арттыратын стратегиялвқ маңызды мәселе. Оны ұтымды түрде
дұрыс шешу
үшін аталған мал шарауашылығы салаларын қарқынды дамытып, дүниежүзілік
нарықтық бәсекелестікке тӛтеп бере алатын сала ӛнімі мен шикізатын мол да
жоғары сапада ӛндіру қажет.
Мал түлігі мен үй құсының басын ӛсіріп, ӛнімділігін арттыруға сала
дамуын тек ғылыми түрде негізделген, озық
инновациялық технологиялы
ӛндіріс жүйесін жолға қою арқылы қол жетеді. Мал шаруашылығының
теориялық негізін құратын жалпы зоотехния ғылымының маңызды бӛлімі
болып малсақ халқымыздың ғасырларлық мол тәжірибесі мен мал ӛсіру
ғылымының іс жүзінде дәлелденген ережелері мен қағидалары табылады.
Мал шаруашылығы салаларының дамуы, бір жағынан,
тұқымдық
қасиеттеріне, екінші жағынан, ӛнім ӛндіру технологиясына тәуелді екенін атап
айтуға болады. Ӛсірілетін мал басы ӛнімдік потенциалы жоғары тұкымнан
болған жағдайда ғана олардың тұкымдық қасиеттерін сақтап, жетілдіре отырып,
ӛнім ӛндіру жағдайында сол қасиеттерінің барынша жоғары айқындалуына
алдыман азықтандыру, содан соң бағып-күту жағдайларын орынату қажет.
Бүгінгі күні қолда ӛсірілетін мал түлігінің арғы тегі жабайы жануарлар
(1.1-сурет).
А Б
1.1-сурет – Мал түлігінің арғы тегі:
7
А – тур Б – арқар
Жабайы тур, арқар, арғали, муфлон, тарпаннан тараған қолда ӛсірілетін мал
түліктерінің эволюция барысында биологиялык-шаруашылық қасиеттері: атап
айтқанда,
морфологиясы мен физиологиясы, этологиясы мен ӛнімділігі
түбегейлі ӛзгерген. Қолға үйретілген мал түлігінің олардың жабайы шығу
тегімен салыстырғанда маусымдық тӛлдегіштігінің ӛзгеруп, жыл бойында
ыңғайлы езде тӛлдей алуы мен ӛсіп-жетілуінің артып, ӛнімділігінің
жоғарылауын жатқызуға болады. Бүгінгі күні олардың тұқымдық мал басын
кӛбейту және оның ӛнімділігін арттыру мал ӛсіру
ғылымының қағидаларына
негізделуі кажет.
1.1
Достарыңызбен бөлісу: