Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

 қозу
мен
 тежеу
үдерісін ескере отырып, жануарлар дене бітімін қ
озушы
және
 тежеуші 
типтеріне бӛлді.
Қозушы типтегі жануарлардың жүйке жүйесінде қозу үдерісі тежеу 
үдерісінен басым болғандықтан, олар тез арада қозып, үркіп, айбаттанып шыға 
келетіндіктен, олардың мінезі тұрақсыз, бірақ күшті, қайратты болып келеді. Ал 
тежеуші типтегі жануарлардың мінез-құлқы тұрақтырақ болғанымен салбырт 
мінезді, әлсіз реакциялы болып келеді. 
Жануарлар жүйке типтеріндегі жағымдысы – қозушы мен тежеуші үдерісі 
бір-біріне тәуелді байланыста ӛтетін 
қалыпты
жүйке жүйелер болып табылады.
Оның ӛзінде
қозғалысы шалт, күшті
және
козғалысы марғау, әлсіз
қосалқы 
типтерді бӛледі. Жануар жүйке жүйесінің қозушылығы мен тежеушілігі
олардың 
мінез-құлқын, 
қызу 
қандылығын, 
яғни 
темпераментін 
қалыптастырады. Темпераментті, қызу қанды жануарлар сезім мүшелері 
арқылы кез келген сыртқы жағдай ӛзгерісін тез арада қабылдап, бағдарлай 
алады да, керісінше, темпераменті тӛмен, салқын қанды жануарлар сыртқы 
ортадағы ӛзгерістерді баяу қабылдап, дер кезінде бағдарлай алмайды.
Мал темпераменті мен мінез-құлқы оның ӛнімділігіне әсер етеді: жүйке 
жүйесі қалыпты, байыпты мал басының, жүйке жүйесі жылдам қозғыш, мазасыз 
малдан ӛнімділік деңгейі жоғары келеді. Мысалы, жүйкесі қалыпты сиыр 
сүттілігі мен сүтінің майлылығы жылдам қозғыш, үркек сиырға қарағанда 
жоғары болып келеді де бес сауым бойындағы тәуліктік сүт сауымының 
мӛлшері біртіндеп ӛзгерсе, жүйке жүйесі тежегіш келетін сиыр сүттілігі тез 
арада күрт кемуі мүмкін.
Сонымен қатар мал жүйке жүйесі ӛнімділігімен қоса денсаулығына да 
ыкпал етеді: жүйке жүйесі қозғыш, қызу қанды жанаур ауырса ӛте 
мазасызданып, тағат таппаса, жүйке жүйесі тежеуші мал ауырғанда тәбеті 
бұзылып, азыққа заукы соқпай, бей-жай калыпқа түседі. Жүйке жүйесі қалыпты 
мал бірқалыптылығын сақтап, сырт кӛзге ауырған аурмағаны онша 
байқалмайды.
Малдың дене бітімі мен жүйке жүйесі дене құрылмы мен мінез-құлқының 
мықтылығын, сыртқы орта жағдайлырының ӛзгеруіне тӛзімділігі мен 
шыдамдылығын, ӛзгерген ортаға бейімделгіштігі мен әр түрлі жағдайларды 


10 
денсаулығын сақтап, ауруға қарсы тұрушылығын, яғни резистенттігі мен 
иммунитетін қалыптастырады.
Сыртқы ортаның ӛзгерген жағдайлары мен ӛндірістік технологияның 
стресстік факторларына жылдам бейімделіп, ӛзінің ішкі гомеостазын қалпына 
келтіріп сақтай алатын мал организмінің ғана ӛнімдік қасиеттері жоғары болып, 
шаруашылық пайдаланымда олар ӛнімділігін ұзақ мерзім сақтай алады.
Осыдан малдың дене бітімі мен жүйке жүйесінің қалыптасуы, бір жағынан, 
ұрықпен берілген тұқымдық (тұқым қуалаушылық) белгілері мен қасиеттеріне 
тәуелді болса, екінші жағынан, оның дамуындағы қоршаған сыртқы орта 
жағдайларына зат алмасу деңгейінде дер кезінде ӛзгеріп, жете бейімделе 
алушылығымен айқындалады.
Белгілі тұқым (кросс, тұқымдық із) аумағында мал басының тұкымдық 
белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы, яғни генотипі, ұқсас болғанымен, 
олармен ұрыққа (зиготоға) берілген қасиеттердің организм дамуы, яғни 
онтогенезі, барысында айғақталып, білінуі (іске асуы) сыртқы орта 
жағдайларына тәуелді келеді. Ол жағдайлардың ішінде организм зат 
алмасуының ӛтуіне қоректендіру (азықтандыру) факторларының әсері басым 
орын алады. Сыртқы орта жағдайына байланысты тіпті бір жасушадан бӛлініп 
дамыған егіз тӛлдің ӛзі әр түрлі ӛсіп, дамиды.
Мұны профессорлар И.Попов пен М.Ивановтың буаздық кезеңіндегі 
жүргізілген тәжірибелерінің нәтижелерінен кӛруге болады: қоректілігі жоғары 
деңгейде азықтандырылған сиырлардың бұзауларының туылғандағы тірілей 
салмағы қоректілігі тӛмен деңгейде азықтандырылған сиырлардікінен 6-7 кг, 
жеткілікті 
деңгейде 
азықтандырылған 
саулықтардың 
қозыларының 
туылғандағы тірілей салмағы жеткіліксіз азықтандырылған саулықтардікінен 
1,2-1,6 кг артқан. Ал мұндай эмбрионалдық даму кезеңінде жақсы дамып
жетіліп (тірілей салмағы бойыншы) туылған тӛл ӛміршеңдігі мен ӛсімталдығы 
олардан тірілей салмағы тӛмен туылған құрдастарынан әрдайым басым 
боламақ.
Ұрық (зигота) пайда болғаннан бастап ӛлгенге дейінгі мерзімді қамтитын 
онтогенез
атты организмнің жеке даму барысы екі – жатырда дамитын 
эмбрионалдық және туылғаннан кейінгі постэмбрионалдық кезеңге – бӛлінеді. 
Осы кезеңдердегі организм жүйелерінің дамуына әсер етуші жағдайлар сол 
кездегі дамуы жылдам мен ағза, ұлпа, мүшелердің дамуы мен ағза, ұлпа, 
мүшелерінің қалыптасуына басым әсер етеді. Айталық, остеогенез, яғни 
сүйектер қалыптасуының жылдам ӛту кезіндегі туғызылған жағдайлар организм 
қаңқасының қалыптасуына, оның ірілігі мен мықтылығына, басым әсер етсе, 
дәнекер ұлпалар мен бұлшық еттердің даму кезеңіндегі жағдайлар организмнің 
салмақ қосуына басым әсер етеді де және бұл әсердің салдары (зардабы) 
онтогенездің кейінгі кезеңдерінде сақталып қалады.


11 
Организм дамуының эмбрионалдық кезеңіндегі, негізінен, қоректену 
ақауларынан орын алатын даму кемшіліктерін 
эмбрионализм белгілері деп 
атаса, 
туылғаннан кейінгі постэмбриондық кезеңіндегі организм дамуының 
олқылықтарын 
инфантилизм
деп атайды.
Қоректендіру тұрғысынан алғанда, қоректік заттардың жетіспеушілігінен 
алдымен сол кезде жылдам дамып, қалыптаса бастаған жүйелер мен мүшелер 
зардап шегеді. Мұны қоймен жүргізген Н.Чирвинскийдін және мүйізді ірі қара 
малмен жүргізген А.Малигоновтын тәжірибелерінде кӛрсетілгендіктен, 
организм онтогенезіндегі бұл заңдылықты Чирвинский–Малигонов заңдылығы 
деп атайды.
Эмбрионализм әсерінен эмбрионалдық кезеңде жылдам дамып, қалыптаса 
бастайтын сүйек онтогенезінің тежелуінен аяқтары (сирақтары) қысқа, қаңқасы 
кіші де нәзік, тірілей салмағы тӛмен ұсақ жануар ӛсетін болса, инфантилизмге 
душар болған жануардың сақайғанда да қысқа денесімен салыстырғанда 
сирақтары ұзын, кеудесі қысыңқы, жотасы тар, бұлшық еттері мен желіні әлсіз 
дамыған болып келеді.
Эмбрионализм мен инфантлизмге шалдыққан тӛлдің тірілей салмағы мен 
ӛнімділігі бұл кезеңдерде дұрыс дамып, қалыпты жетілген тӛл салмағы мен 
ӛнімділігінен кем болуымен қатар мұндай тӛл сыртқы ортаның қолайсыз 
жағдайларына тӛзімсіз, ауруға шалдыкқыш келеді. 
1.2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет